ФУТБОЛДАҒЫ ЫРЫМДАР



(1-қыркүйек 2010-да «Аламанда» жарияланған)
Бес мың жыл бұрын Қытайда жемісін бере бастаған футбол ағашы әуел баста көңіл көтеру, ләззат алу үшін ойналған көрінеді. Алайда команда түрінде ойнауды ең бірінші ацтектер ойлап тапқан. Мұнымен қоса «футбол дуасының» да дәл солармен бірге ортаға шыққаны айтылады. Ацтектер заманында футболда жеңілген тарап берекенің артуы үшін Күнге құрбан еткен көрінеді. Осылай еткенде сәтсіздік олардың айналасынан ізін жоғалтады-мыс. Футбол ережелерінің қазірге жақын нұсқасының орнығуы және көпшілікті соңына ертуі ХІХ жүзжылға сәйкес келеді екен. Футболдың дамуымен бірге «футбол дуасы немесе сиқыры» да жандана түседі. Бұл туралы уругвайлық жазушы Эдуардо Галеаноның «Көлеңкеде және Күндегі футбол» кітабында да айтылады.