Шекарашы мен блоггер

Бірде артына оқиға іздеп жүрген блоггер шекара заставасына барыпты. Интернетке шығарамын деген соң, офицер қуанып кетіп блоггерге заставаны таныстырып жүр екен:
— Мынау біздің казарма, мынау питомник, мынау дабыл сигнализация жүйесі…
Блоггер:
— Мынау ше?
Офицер:
— Бұл ма? Бұл — біздің блокпост!
Блоггер:
— ООО! Сіздер де блогқа пост жазасыңдар ма? — деген екен.
Әрі қарай

Наркоша...

Бір шеккіш қу шегер таба алмай келе жатса алдынан періште кездесе кетеді. Періштенің үш тілегіңді орындайм дегеніне анау қуанып кетіп,
-Бірінші тілегім, Шегетін мықты шөп болса…
Айтып болғанша қолында оралған шөп тұра қалды. Шегіп алып, екінші тілекке де осыны қайталатады. Кезек үшіншісіне келгенде:
-Давай, енді екеуміз шегейік -депті. Шегіп болған соң екеуі өз жөндеріне кетіпті. "Қап, бағана бір қап шөп сұрауым керек еді, ақымақ болдым" деп ойлап келе жатса алдынан бағанағы періште шыға келіп:
-Братан, тағы тілектерің жоқ па?-депті.
***
Әрі қарай

Баяғыда...

Баяғыда осы уақытта қолымыз күс-күс болып асық ойнауды бастап кететінбіз.Екі метр жер қарайса жетуші еді бізге. Қолымыз жарылып, тілім-тілім болып қаны шығып тұрушы еді. Оны жусаң ашиды. Өтірік -өтірік жуа саласың. Кешкісін қаймақ жағып бір жұмсартып аласың. Бүдір-бүдір қолмен мектепке де бара беруші едік))))
Дәл осы уақытта әріректе етектері желп-желп етіп қыздар «мак» ойнап жататын… Олардың қолы жарыла ма жарылмайма білмейм енді.
Әрі қарай

Қызықтарыңызды жаза отырыңыз.

Алғаш жұмыс бастаған кезім. IT бөлімде. Жұмысым бұзылған компты жөндеу. Бірде жас қыз келді. Кеңсесін ауыстырғанын айтты. Енді барлық комп, принтерлерді құрадым.Бір ақ принтердің светі жанып тұр, қалғандары қосылмайды дейді, біраз әуреленіпті. Бардым. Столдың үстінде бәрі тұр. Сырттан қарап тұрмын сымдарына. Араласып жатыр. Сөйтсем әлгі блог пен монитордың сымдарын әкеп сетевой фильтрға қосыпты да

фильтрдің өз шнурын әкеліп қайта өзіне тығып қойыпты. Ал принтердің жанып тұрғаны оны тоққа тікелей қосып қойған екен.
Әрі қарай

Жол полициясы 7560 (7000) теңгемді қалай қайтарып берді?

Бұл өзі жыл басында болған оқиға. Tuspalsoz-ді жүргізуші Мұрат Есжан Қазақстан бойынша бір айға жуық сапары кезінде өз көлігін маған уақытша жүргізуге беріп кеткен еді. Әдеттегідей, өз шаруаларыммен Астананың әсем көшелерінің бірінде көлікпен жүйіткіп келе жатып, жүргінші жолын кесіп өткенде, жол полициясы тоқтатты. Негізгі айыбым: жаяу жүргінші өтпесінен жүргіншілерді өткізбегенім екен. Оқиға осылай басталды.Жалғасы...
Әрі қарай

Ойбай мен Ой-вей

Oy Vey — означает на идише просто «О, горе!, смотря кто говорит и с каким выражением. Диапазон смыслов — как у русского выражения «Ни хрена себе»

Бұл жөйттің сөзі біздің ойбайымыздың атасы ма, әлде керісінше ме?
Әрі қарай

Қажетті бағдарламалар. Кез келген құжатты Pdf форматына ауыстыру.

Жұмыс барысында құжаттарды Pdf форматына ауыстыруға тура келетін жағдайлар болады. Сол кезде пайдасы тиетін, әрі қолдануы өте оңай бағдарлама.
dopdf

Кез келген құжатты Pdf форматына ауыстыру. Мысалы Doc, cdr, jpg,html т.б.

көшіріп алу.

www.dopdf.com/ru/download.php
Әрі қарай

Фото жұмбақ

Астанадағы ескерткіштерді таныту мақсатында фото жұмбақ ойынын бастадым.
Алғашқысы.
Мына жазулар қай ескерткіштің алдында жазылған.
Әрі қарай

түрлі дауыстар мен дыбыстар

naturesoundsfor.me/ru/ мына ссылкамен түрлі звуктар сайтына кетесіз. өзіңіз құрастырып аласыз.
қаласаңыз релакс. қаласаңыз табиғат дауыстары. аң-құстың. адамның күлгені. қасқырдың ұлуы. құстардың шырқауы. адамның қадам басып келе жатқаны. барабандар. оттың жануы. жаңбырдың жаууы
Әрі қарай