Қызықтарыңызды жаза отырыңыз.

Алғаш жұмыс бастаған кезім. IT бөлімде. Жұмысым бұзылған компты жөндеу. Бірде жас қыз келді. Кеңсесін ауыстырғанын айтты. Енді барлық комп, принтерлерді құрадым.Бір ақ принтердің светі жанып тұр, қалғандары қосылмайды дейді, біраз әуреленіпті. Бардым. Столдың үстінде бәрі тұр. Сырттан қарап тұрмын сымдарына. Араласып жатыр. Сөйтсем әлгі блог пен монитордың сымдарын әкеп сетевой фильтрға қосыпты да

фильтрдің өз шнурын әкеліп қайта өзіне тығып қойыпты. Ал принтердің жанып тұрғаны оны тоққа тікелей қосып қойған екен.
Бөлісу:

14 пікір

edige
2000 жылдың аяғы. Практикамның соңы жұмыспен ұласқан /айлық 3000 теңге/. Карбет, Осие деген комптер тұр. ештеңеге пайдасы жоқ ощым. Ат жазасың, болды. Basic тілінде бағдарламалар жазып жүргенбіз. Жаңа компьютер келді мектепке. Облыстан келгендер құрып берді, тексерейін десе свет жоқ. Олар кете салысымен свет жанып Директор келді қасыма. «Ал қос, көрейік» дейді. Ал мен қалай қосатынын білмеймін. Қыстың күні болатын «Ағай, бөлме температурасына бейімделмей қосуға болмайт» дедім. «Білмейм» деу ұят тә. Ал кеткен соң қағаздарды ақтарып жүріп таптым ау әйтеуір. Басқа мектептерге келгенде ескерткіш етіп койғандарды да көрдік компьютерлерді. Оқулығы 2 жылдан кейін келді 3 нұсқа боп.
asaubota
ковриктің драйверін әкел деп біреуді жұмсап, магазиндегілерден дәл қазір коврик драйвері бітіп қалыпты деген жауап әкелініп толық ржач істеген жігіттерді білемін :)
edige
:)… Интернеттен тартып оны
Gastarbaiter
Общагада жатқанда аңқаулау пербаштардың қолына стақан ұстатып, көрші қыздардан «минка сұрап әкел, тамаққа қосамыз» деп айт" — деп жұмсап жіберетінбіз.
satibaldi
Лібә, менің Ахмет деген алқаш досымды да жігіттер:«Апайдан бір стақан менструация сұрап әкел, сурет бітпей қалад» деп жұмсап жіберіпті.
Қайғылысы: сол апайы спецпредметтен қалай оңдырмады, солай оңдрымапты, ақыры дипломын да ала алмады.
Жақсы жері: көтімізді ашып күлеміз көрген сайын)))))
Abilakim
Жас троктаристерге «свечаң істемей тұр ғой, бір шелек искра сұрап ал бригадирден» деп прикол ұстайтынбыз.
Тракторда свеча болмайтынын, искраны шелекпен әкеле алмайтынын білмеуші еді көбі. Кейін бәрі майталман тракторшыға айналды…
konvict
Мынауың белгілі адамның айтқан сөзі ғой. Кім екені есіме түспей тұр. Атақта адамдар өмірінен деген кітапта
Abilakim
Ия, көп томдығымның 6-шы томында жазып кеткенмін…
konvict
ааа, бәсе қайдан оқыдым десеееем
satibaldi
Құлақтан кетті нақ ))))
edige
Ертеректе сканерге бір жолдасымыздың ақшасын мониторға шығарамыз деп алып қойғанымыз бар. Екі күн сұрап жүрді ол да қоймай
bagaline
мәшине теуіп (біздің жақта тебеді, айдамайды) жүргеніме бір ай болмаған еді. темір тұлпарым бұзылып, ағама көрсетіп едім. «шелекпен суын жоқ» деп, жұмсап жібергені бар еді. мен де жүгіріп кеткем…
boztorgai
ілгеріде автожүргізуші құқығына емтихан жүріп жатса керек
бір жігіт барлық сынақтан өтіп отырғанға ұқсайды.
— ең соңғы сұрақ: шөл далада келе жатып көлігіңмен тоқтадың. сөйтіп тұрғанда радиатордағы суды түйе ішіп кетті делік. сонда не істер едің,- депті.
— не істеуші едім, коленвалды жұлып ап, маңдайынан бір қоям деген екен.