Елордада 31 түлек әкімнің білім грантына ие болды

Астана жаңалықтары: Елордада 31 түлек әкімнің білім грантына ие болды

Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттің қаражатынан 100 студенттің оқуына 43,9 млн теңге жұмсалды.

Бүгін Әсет Исекешев түлектерді «әкімнің білім грантына» ие болуларымен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

Астанада жыл сайын тұл жетімдер, мүгедектер мен жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне, ата-ананың қамқорынсыз қалған және көпбалалы отбасылардың балалары үшін әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Жаңа оқу жылына 48 өтініш қабылданды, оның ішінде 17 адам республикалық грант бойынша өтті, ал қалғандар өтініштер ағымдағы жылдың 23 тамызында өткен комиссияның кезекті отырысында қарастырылды. Отырыстың қорытындысы бойынша 16 139 500 теңгеге 31 грант бөлу жөнінде шешім қабылданды.

«Әкімнің білім гранттары» елорданың еңбек нарығында аса сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытуға бөлінуде. Оның ішінде техникалық, педагогикалық және медициналық мамандықтар басымдыққа ие.

Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы жоғары оқу орындарының басшыларымен бірлесе отырып студенттердің үлгерімі бойынша тұрақты түрде бақылау жүргізіп тұрады.

Бұл бағдаралама бойынша оқу арқылы 300 студент диплом алып, маман атанды, олардың ішінде 27 түлек оқуын осы жылы бітірді.

Қазіргі уақытта келесі жоғары оқу орындарында 68 студент өз білімдерін жалғастыруда: С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті -32 студент, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті – 14 студент, Медициналық университет – 7 студент, Қазақ технология және бизнес университеті – 1 студент, Еуразия гуманитарлық институты – 14 студент.
Әрі қарай

Астанада қылмыс көрсеткіші төмендеді

2017 ж. тамыз айындағы жедел қызмет шараларының қорытындысы көрсеткендей, елордалық полицейлердің күшімен жергілікті органдардың қолдауымен қалада тұрақты жағдай қамтамасыз етілді.

Қылмыс деңгейі қалада 10 мың адамға шаққанда 28,7%-ға төмендеді. Ведомство мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың басынан 23 595 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, 2016 жылмен салыстырғанда бұл 18%-ға төмен.

Төменде қылмыс көрсеткіштерінің төмендеуі пайыздық мөлшерде көрсетілген:

Аса ауыр қылмыс (-28,2%), ауыр қылмыс (-8,5%), ауырлығы орташа қылмыс (-13,2%), аса ауыр емес қылмыс (-38,1%), өліммен аяқталатын оқиғалар (-32,4%), зорлау жағдайлары (-30,5%), қарақшылық (-24,3%), тонау (-15,7%), алаяқтық (-36,9%), ұрлау (-15,0%), оның ішінде пәтер ұрлығы (-4,9%), көлік ұрлығы (-50,0%), қарақшылық (-9,0%), есірткіге қатысты (-16,9%), көліктерді айдап әкету (-28,4%), сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандармен жасалған қылмыс көрсеткіші (-6,1%), топтық қылмыс (-11,8%), қоғамдық жерлерде (-2,2%) және көшелерде (-19,0%).

Айта кеткен жөн, Елбасының тапсырмасын іске асыру аясында құқықтық бұзушылықтарға қоғамда «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасуда.

Астана қаласының ІІД xабарлағандай, жыл басынан 75 513 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, олардың 3 296 фактісі ұсақ бұзушылық, 4 967 – тыныштықты бұзу, 13 879 – алкогольді ішімдіктерді ішу және қоғамдық жерлерде мас күйде жүру, 12 243 – белгіленбеген жерлерде темекі шегу, 17 226 – абаттандыру ережелерінің бұзушылықтары, 1 331 — қоғамдық жерлерде адамдардын мазасын алу. 199 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды.
Әрі қарай

Алматы облысы латын қарпіне көшуді қолдауда

Алматы облысы латын қарпіне көшуді қолдауда
Талдықорған қаласында «Латын қарпіне көшу — бұл қазіргі заманғы таңдау» тақырыбында кездесу өтті. Оған мәслихат депутаттары, Үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар және БАҚ өкілдері қатысты. Жиынның мақсаты ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тұрғындар арасында латын қарпіне көшу қажеттілігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және латын қарпіне көшу бойынша өзекті мәселелерді талқылау.
«Ұлтымыздың басынан үш алфавит жүйесін өткергендігін білеміз. Латын әліпбиіне көшу туралы ой-пікірлер 1926-1929 жылдардан бастау алғаны баршамызға белгілі. Жалпы Елбасымыздың латын әліпбиіне көшу саясатын қолдаймын. Себебі, латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық — тіл ауыспай, таңбаның ауысуы. Сонымен қатар қарапайым тілмен айтсақ, сөзді немесе дыбысты қалай естісек, жазылуын да солай жазамыз. Қазіргі таңда ғаламның 70 % латын әліпбиіне көшкен. Латын қарпіне көшсек бізді бүкіл әлем оқитын болады», — Талдықорған қаласының Қоғамдық Кеңесінің мүшесі Қаламқас Есенқұлқызы.
Жиын соңы пікір-талас, сұрақ-жауап форматымен аяқталды және латын тілі бірнеше параметрлер бойынша оңтайлы болып табылатыны сөз етілді.
Әрі қарай

Латын әліпбиіне көшу - рухани жаңғырудың бастамасы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын оқып шығып, ерекше әсер алдым. Себебі, дәл қазіргі кезде біздің қоғамға осындай батыл бастамалар ауадай қажет. Сонау азаттықтың ақ таңы атқан күннен бастап санаға салмақ түсірген, енді ғана толғағы жетіп жарыққа шыққан сөздер екені анық. Бұл ұлтымыздың рухани әлемі үшін маңызды болып табылатын осынау өзекті мәселе. Болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі. Сонымен қатар, дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара деп білемін. Тәуелсіз елдің негізгі белгілерінің бірі ретінде жазудың маңызы өте зор.
Латын әліпбиіне көшу, сайып келгенде, ана тіліміздің болашағын ойлап, қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге мүмкіндік жасап, тіліміздің ішкі табиғи әліпбиіміз арқылы жазудың айтуға жасап келе жатқан қиянатын болдырмай, қазақы айтылым мен жазылым талаптарын жүйеге түсіру деп түсіну керек. Латын әліпбиіне көшудің тағы ұтымды жақтары- болашақ ұрпақ ақпарат көздерін терең меңгеріп, әрі шет тілдерін еркін, әрі, жетік білуіне септігін тигізері анық. Әлемдік жаһандану заманына бет бұрған, жаңашылдық пен игі бастамалардың көшін бастауға жаны құмар ұстаздар қауымы үшін бұл игі бастама құптарлық іс. Мектеп табалдырығын аттаған шәкірттеріне өз ана тілінің құдіретін латын әліпбиімен оқытып, болашаққа нақты қадам жасайтын ел ертеңі болар ұрпақ тәрбиелеуге өзім басқарып отырған мектептің ұстаздар қауымы дайын деп айта аламын. Өйткені, біздің №38 мектеп-лицейі Астана қаласы іргетасы қаланған шақта Елбасының өзі тұсауын кесіп, ақ батасын берген алғашқы қазақ мектебі. Қаншама қазақтың қаракөз балаларын білім нәрімен сусындатып, қияға қанат қақтырған киелі білім ордасы. Сондықтан еліміздің, ұлтымыздың болашағы үшін жасалатын барлық игі бастамаларды қолдап, оны жүзеге асыру жолында еңбек етуге әрқашан дайынбыз.

Астана қаласы №38 мектеп-лицей директоры Әзимбай Кәмила Кәрімбердіқызы
Әрі қарай

Әкімдікте күзгі-қысқы маусымға қалалық шаруашылықтың әлеуетті мәселелері бойынша жиналыс өтті

Астана жаңалықтары: Әкімдікте күзгі-қысқы маусымға қалалық шаруашылықтың әлеуетті мәселелері бойынша жиналыс өтті

Астана әкімі Әсет Исекешев жедел жиын өткізді, оның барысында ол «Астана ЕХРО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің дайындығы мен жұмысына қатысқан қаланың барлық қызметтеріне алғысын білдірді.

Жиын барысында Ә. Исекешев атап өткендей, «көрме қала әкімдігінің қызметі үшін жоғары міндеттерді қойды, ендігіде барлық қызметкерлердің негізгі міндеті — қойылған жұмыстың қарқынын сақтау болып табылады».

Көрме кезінде елордада қалалық тәулік бойы жұмыс істейтін штаб құрылған болатын, ол келесі бағыттар бойынша қызмет етті:

1. Құрылыс нысандарының, көлік және инженерлі инфрақұрылым нысандарының (жаңа теміржол вокзалының, әуежай мен қонақ-үйлердің, электр желілері мен 2 қосалқы стансаның, жаңбыр кәріз жүйесінің құрылысы, «Талдыкөл» кәріз қалдығының жойылуы, өтпежолдардың салынуы мен «Бәйтерек» монументінің қайта қалпына келтірілуі) уақыты пайдалануға берілуін қамтамасыз ету;

2. Қонақ-үйлердің туристерді қабылдауға дайындығы, қаланы мерекелік безендіру (қонақ-үйлер, мейрамханалар, сувенирлік өнім, еріктілер, қала аумағын тазалау бойынша жұмысты күшейту, тазалық нормаларына сәйкес бақылауды жүргізу, жасылдандыру және кіші сәулет формаларын құру, туристер мен елорда тұрғындары үшін мобильді қосымшаларды әзірлеу);

3. Қалада, барлық нысандарда қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету; 4. Қоғамдық көліктердің қозғалысын ұйымдастыру (shuttle bus және «Astana taxi» бірыңғай қызметін ұйымдастыру, іске қосу, қоғамдық көліктің саябақтарын жаңарту, автобустарды аккредитациядан өткізу, бағыт-бағдар жүйесін жаңғырту;

5. Қажетті азық-түлік тауар өнімдерімен қамтамасыз ету;

6. Денсаулық сақтау (қонақ-үйлерде медициналық пункттерді ашу, жедел-жәрдем қызметінің жұмысын күшейту, 14 медициналық мекемеде елорда тұрғындары мен қонақтарын қабылдауды ұйымдастыру);

7. Өңірлерден келетін делегацияның, әсіресе оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (тамақтандыру, жатын орынмен және көлікпен қамтамасыз ету);

Елорда тұрғындары мен қонақтардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге көрме кезінде 5 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Олардың қатарында: еріктілер, құтқарушылар, құқыққорғау органдарының қызметкерлері, мед. қызметкерлер. Астана әкімі аталмыш көрмені өткізуде атсалысқан барлық қызметтерге алғысын білдірді.

«Барлық қызметтер көрме кезінде тиімді жұмыс істеді, жедел әрекет етті. Көрме кезінде Астана қаласына 5 млн-нан астам адам келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 млн адамға көп. Бұл көрме біз сынақ болды. Біз ендігіде қол жеткізген деңгейден төмендемеуіміз керек, қауіпсіздік, жайлылық және қызмет көрсетуде жоғары деңгейді сақтап қалуымыз керек. Астана кез-келген шараны қабылдауға, өткізуге дайын», — деді қала әкімі.

Әкім сондай-ақ қаланың тіршілік қарекетіне байланысты жүйелілік мәселелерді шешу қажеттілігін атап өтті. Исекешевтің сөзіне қарағанда, ағымдағы мәселелердің шешілуі коммуналды қызмет жұмысының реттелген механизмі сияқты өтуі қажет. Олардың ішінде – жылыту маусымына дайындық, қоғамдық көліктің тиімді жұмысы, қаланың жақын әрі шет аумақта орналасқан аудандарын, тұрғын алқаптарын дамыту, сондай-ақ қыс мезгіліне, атап айтқанда қар жинау жұмысына дайындық.

Коммуналды қызметтердің есептеріне сәйкес, елорда алдағы жылыту маусымына дайын. Әлеуметтік нысандардың дайындығы (балабақшалар, мектептер мен ауруханалар, мәдениет мекемелері) – 100 пайызды, тұрғын қорының дайындығы -97 пайызды құрайды. 2360 тұрғын нысанның 2290-ы жылумен қамтамасыз етуге дайын, ол жұмыстың бекітілген кестесіне сәйкес келеді. Жылыту маусымына дейін барлық көпқабатты тұрғын үйлерде жұмыстар аяқталатын болады.

ЖЭС-1 дайындығы – 85,1 пайыз, ЖЭС-2 дайындығы – 74 пайыз. Қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге 1356 шақырым қашықтықта магистраль және 1203 шақырымда реттеуіш желілер бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Осы бөлімді бақылайтын қала әкімінің орынбасарына тұрғын-үйлердің және әлеуметтік нысандардың уақытылы жылумен қамтамасыз етілуі тапсырылды, онымен бірге 1 қазанға дейін энергия нысандарында барлық жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс.

Онымен бірге қаланы жылумен қамтамасыз ету мәселесін Әсет Исекешев Астана қаласының ТЖД-не тапсырды, атап айтқанда елорда аумағында жылыту маусымына дайындық барысында өрт қауіпсіздігі бойынша нақты шараларды іске асыруды, әсіресе газ баллондарын қолданатын аумақта өрт қауіпсіздігін алдын алу бойынша шараларды өткізуді міндеттеді.

Жұмыс барысында қала әкімінің шаһарды аралауы қорытындыланды, оның барысында елорданың аудандары абаттандыру, жылыту маусымына дайындық, тұрғын алқаптардың дамуы бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.

Әсет Исекешев қала тұрғындарымен кері байланысты орнату маңыздылығын атап өтті, қала тұрғындары мен қонақтары тарапынан келіп түсетін арыз-шағымдарға жедел әрекет ету қажеттілігін қамтамасыз етуді тапсырды. Проблемалық мәселелердің ішінде – лифт шаруашылығы, әлеуметтік нысандарға кіреберістердің орнатылмауы, уақытылы тазалықпен қамтамасыз ету, абаттандыру, жарықтандыру, жолдардың құрылысы және т.б. Кемшіліктерді атай келе, қала басшысы аудан әкімдеріне қалалық әкімшілік-бағдарламалар әкімшілерімен бірлесе отырып, №73 және 75 мектептердің кіреберістерін абаттандыруды тапсырды.

Оған қоса Н. Тілендиев, «Саранда» тұрғын кешенінің көпқабатты тұрғын-үйлерін орталық жылытуға қосу мәселесі қарастырылды, онымен бірге «Ильина» тұрғын алқабында инженерлі желілердің құрылысының аяқталуы, Күмісбеков, Жангелдина, Түркістан көшелері бойынша жол төсемдерінің құрылысы, Көктал, Өндіріс және Оңтүстік-шығыс кенттерінде 50 жаңа жолдың салынуы мәселелері талқыға түсіп, қарастырылды.

«Тұрғын алқаптар бойынша тұрғындардан келіп түсетін шағымдар көп. Аудан әкімдері биыл қаланың 50 көшесі бойынша абаттандыруды аяқтауды жоспарлаған болатын, бүгінде олардың 38-і ғана іске асырылып, аяқталған. Қалған 12 көше бойынша абаттандыру жұмыстарын аяқтауды тапсырамын. Жарықтандыруға ерекше көңіл бөлемін. Аудандар әкімдері мен мемлекеттік органдардың басшыларына тұрғындардың шағым-талаптары брйынша жедел әрекет етуді тапсырамын», — деді Әсет Исекешев.
Әрі қарай

Астана марафонын өткізу барысында бірқатар көшелер жабылады

Астана жаңалықтары: Астана марафонын өткізу барысында бірқатар көшелер жабылады

17 қыркүйекте елордада жылсайынғы марафон өтеді. Марафонның бағыты қаланың бірқатар көшелерін қамтиды.

Атап айтқанда марафон Рысқұлов көшесі, Қабанбай батыр даңғылы, Бұқар жырау көшесі, Мәңгілік Ел даңғылы, Сығанақ көшесі, Панфилов көшесі, Тәуелсіздік даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Сарыкөл көшесі, Бацтұрсынов көшесі, Қошқарбаев даңғылы, Жұмабаев даңғылы, Абылай хан даңғылы, Момышұлы даңғылы, Жұмабаев даңғылы, Қошқарбаев даңғылы, Мәңгілік Ел даңғылы, Қонаев көшесі, Қабанбай батыр даңғылынан шығысқа қарай, Достық көшесі, Мәңгілік Ел даңғылы бойынша өтеді.

Төтенше жағдайды болдырмау үшін көліктердің қозғалысы марафон кезінде толығымен тоқтатылады.

Сағат 07.00-ден 13.00-ге дейін көліктің қозғалысына келесі учаскелерде толығымен шектеу қойлады:

1)Қабанбай батыр даңғылы, Хусейн бен Талал көшесінен Бұқар жырау көшесіне дейін;
2) Бұқар жырау көшесі, Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына дейін,
3) Мәңгілік Ел даңғылы, Бұқар жырау көшесінен Сығанақ көшесіне дейін;
4) Сығанақ көшесі, Мәңгілік Ел даңғылынан Нәжімеденов көшесіне дейін;
5) Панфилов көшесі, Сығанақ көшесінен Тәуелсіздік көшесіне дейін.

Сағат 08.00-ден 10.30-ға дейін көліктердің қозғалысы келесі учаскелерде толығымен шектеледі:

1) Тәуелсіздік даңғылы, Панфилов көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін;
2) Нәжімеденов көшесі, Тәуелсіздік даңғылынан Сарыкөл даңғылына дейін;
3) Сарыкөл даңғылы, Нәжімеденов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін;
4) Байтұрсынов көшесі, Сарыкөл даңғылынан Қошқарбаев даңғылына дейін;
5) Қошқарбаев даңғылы, Байтұрсынов көшесінен Жұмабаев көшесіне дейін;
6) Жұмабаев даңғылы, Қошқарбаев көшесінен Момышұлы даңғылына дейін;
7) Момышұлы даңғылы, Жұмабаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін.

Сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін көліктердің қозғалысы келесі учаскелерде толығымен шектеледі:

1) Абылай хан даңғылы, Момышұлы даңғылынан Жұмабаев даңғылына дейін;
2) Жұмабаев даңғылы, Абылай хан даңғылынан Қошқарбаев даңғылына дейін;
3) Қошқарбаев даңғылы, Жұмабаев даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына дейін.

Сағат 11.30-дан 13.00-ге дейін көліктердің қозғалысы келесі учаскелерде толығымен шектеледі:

1) Мәңгілік Ел даңғылы, Қошқарбаев даңғылынан Қонаев көшесіне дейін;
2) Қонаев көшесі, Мәңгілік Ел даңғылынан Қабанбай батыр даңғылының шығысына қарай;
3) Қабанбай батыр даңғылының шығысына қарай, Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейін;
4) Достық көшесі, Қабанбай батыр даңғылының шығысынан Мәңгілік Ел даңғылына дейін;
5) Мәңгілік Ел даңғылы, Достық көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейін.

Астана қ. ІІД әкімшілік полиция әкімшілігі елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді. Жедел-жәрдем көліктері (жедел-жәрдем көрсету қызметі, ТЖ және ІІМ қызметтері) сол жерде қызмет етіп тұрған қызметкермен көлденең бағытта жіберілетін болады.

Рысқұлов көшесінің бойынша орналасқан емдеу мекемелерінің келушілеріне Тұран даңғылы, Хусейн бен Талал (бұған дейін №31) көшесі жағынан келуге кеңес беріледі.
Әрі қарай

«Дос-Мұқасан» ансамблі 50 жылдық мерейтойының құрметіне бүкіл Қазақстанды аралайды

Блог - GulnurZhaksylykova: «Дос-Мұқасан» ансамблі 50 жылдық мерейтойының құрметіне бүкіл Қазақстанды аралайды
Биыл 2017 жыл аты аңызға айналған қазақстандық «Дос-Мұқасан» ансамблі мерейтойын тойлайды. Сахнада өнер көрсеткендеріне 50 жыл толуына орай өнер ұжымы Қазақстан қалаларын аралап, концерт ұйымдастырмақшы. Үлкен сапарларын ансамбль Еуразия бірінші арнасындағы «Қайырлы кеш, Қазақстан!» музыкалық шоуының алаңынан бастады. Онда әртістер репертуарларындағы ең танымал әндерді – Нұрғиса Тілендиевтің «Куә болын», халық әндері «Әпитөк» пен «Қыздар-айды», сонымен қатар "Ғашықтар əні" мен «Астана мен Алматыны» шырқады.
«Ұжым сонау 1967 жылы Қазақ политехникалық институты жанынан құрылды. Сол жылдары Павлодар облысының Баянауыл ауданында институттың құрылыс жасағы үй салады. Құрылыс жасағында жүріп жас өнерлі жігіттер – Досым Сүлеевке, Мұрат Құсайыновқа, Хамит Санбаев пен Александр Литвиновқа заманауи эстрадалық ансамбль құру туралы ой келеді. Ансамбльдің атауы да осы жігіттердің есімдерінің бастапқы буындарынан құралған. Уақыт өте келе топтың құрамы өзгеріп отырды. Топқа үнемі жетекшілік етіп, басы-қасында жүрген Мұрат Құсайынов болды. Топтың бір мүшесі кеткен кезде Мұрат Құсайынов ұжымға консерватория түлектерін, басқа да музыканттарды шақырып отырды. Осылайша 1978 жылы мені де шақырды. Алғаш рет мен «Дос-Мұқасанда» 7 жыл еңбек еттім. Ары қарай «Гүлдер» ансамбліне жетекшілік еттім, жеке әнші ретінде өнер көрсеттім, өзіндік продюсерлік орталығымды аштым. Осы жылдар ішінде «Дос-Мұқасанға» деген алғысым шексіз болды. Топқа екінші қайта шақырған кезде ойланбастан келістім. Ансамбль – менің жастық шағымның белгісі. Өзімнің достарым – дарынды музыканттардың ортасында өзімді суда жүзген балықтай сезінемін. Биыл – бізде мерейтой. Жақын арада Қазақстанның қалаларын аралап, концерттер береміз. Ең ауқымды шоуды Алматыдағы Республика сарайында көрермен назарына ұсынамыз. Классикаға айналған хит әндерден бөлек, концерттерде жаңа әндерімізді де орындаймыз», — деп топ мүшесі Ақжол Мейірбеков ой бөлісті.
Әрі қарай

Алматы облысында «WELCOME to ZHETYSU» фильмінің түсірілімі басталды

Алматы облысында «WELCOME to ZHETYSU» фильмінің түсірілімі басталды

Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар жастардың жобасына ақ жол тілеп, жетісулықтар «WELCOME to ZHETYSU» фильмін түсіруді бастап кетті. Бұл туынды Жетісу өңірінің көрнекті жерлерін кино тілімен насихаттайтын ерекше жоба болмақ. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәлихатында белгілі болды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Кино желісі өте қызықты, түрлі шытырманға толы, әзілмен әрленген. Жетісу өлкесінің тамаша жерлері де осы туындының ішінде көрсетіледі. Сценарий авторы Жұмабек Әділеттің айтуынша, кино қазақ тілінде түсіріледі, аталмыш туындыдағы негізгі рөлдерді Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ең үздік түлектері ойнамақ.
Фильмнің қысқаша мазмұны: жаңа танысып қосылған жолдастар Жетісу жерінен әсерлі бейнеролик түсіруді көздейді. Мақсаттарына жету жолында түрлі кедергілерге тап болғанына қарамастан, барлық қиындықты еңсеріп шығады.
«Елбасымыз айтқан рухани жаңғыру ең алдымен жастардың өз өлкесін танудан басталады. Сондықтан жетісулық жастар туған жердің топырағын насихаттауды кино тілімен жеткізуге талпыныс жасап отыр. Бұл орайда облысымыздағы қолға алынып отырған алғашқы тың жобаның маңызы зор деп есептеймін. Оны жүзеге асыру үшін біздің жастарда күш-жігер де, қуатты рух та, патриотизм де жеткілікті. Сондықтан тың жоба өзінің нәтижесін беретініне сенімдіміз», — деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.
Жалпы, кино түсіруге 13,8 млн. теңге бөлінген. Фильмнің ұзақтығы 90 минут болады деп межеленуде. Актерлер құрамында Ерболат Құдайберген, Рамис Кулаxметов, Рүстем Омаров, Мейірхан Шерниязов, Салтанат Құдайберген, Елдар Ташкенбай, Олжас Қасым, Райымбек Бекет бар. Фильм шамамен қараша айында көрерменге жол тартады деп жоспарланып отыр.
Әрі қарай

Астананың қоғам қайраткерлері Елбасы бастамасын қолдауға шақырды

Астана жаңалықтары: Астананың қоғам қайраткерлері Елбасы бастамасын қолдауға шақырды

Қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың төрағалығымен «Руxани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша қазақстандықтарды Елбасының бастамасын қолдауды сұрады.

Қазақ тілінің латын қаріпіне көшу мәселесін талқылау бойынша отырысқа республиканың, Астана қаласының қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, Білім саласының өкілдері, Қазақстан xалқы ассамблеясының мүшелері, елорданың белсенді жастары қатысты.

— Ұлттық өзін-өзі тануға, Қазақстанның руxани және экономикалық дамуына бағыт жаңа қазақ әліпбиі арқылы келеді. Бұл туралы сан алуан пікір бар. Қарсы шығып жатқан адамдар да бар. Алайда әр қазақстандық латын қаріпіне көшу әлемдік өркениетке қосылу деп түсінуі керек, — деді Астана қ. әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

Отырыстың аяқталуы бойынша шара қатысушылары латын қаріпіне көшу жөнінде «Руxани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Елбасының бастамасын бір ауыздан қолдауға шақырды.

Үндеуде Астана қаласы интеллигенті қоғамының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, ҚХА мүшелері, елорданың белсенді жастары

Қазақстан xалқын тариxи әрі маңызды шешім-латын қаріпіне көшу идеясын бір ауыздан қолдауға шақырады.

«Латын қаріпіне көшу біздің жан-жақты ойластырған, мақсатты түрде қабылданған шешім. Бұл заманауи егеменді мемлекеттердің талабына сай. Біз бүгінгі жиынның қатысушылары-Астана қаласы интеллигенті қоғамының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, ҚХА мүшелері, елорданың белсенді жастары Елбасының сарабдал саясатын қолдай келе, қазақстандықтарды қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу бастамасын бір ауыздан қолдап, мақұлдауға шақырамыз, — делінген үндеуде.
Әрі қарай

Ұмытқым келмейді

Ояным азан даусы естіліп,

Жия алмай есті жатам тағы да,

Оралам күнге қалған ескіріп,

Күздің жауынды шағына…

Жүректі қорғай аламын, білгін,

Көргенге ерер жан деп ойлама.

Әр айтқан сөзге құлақты түргін

Асығып жауап жолдама…

Тым тәтті кезді ұмытып кейде,

Кеткім ақ келеді ел кезіп.

Жоғалса көзден сол нәзік бейне,

Қалатындаймын өзімнен безіп.
Әрі қарай