«ҚОРҒАС» ШЫХО-да маңызды мәселелер талқыланды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығында дөңгелек үстел өтті. Онда «Қорғас» ШЫХО-ның ең маңызды мәселелері көтерілді.
Шарада кеден қызметкерлерімен әкімшілік кедергілер, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану, кедендік декларация өтуден жалтару сынды бірқатар мәселелер қаралды.
Кедендік әкімшілендіру және қолданыстағы заңнамаларды сақтау мақсатында 2017 жылы «Алтынкөл» кедендік бекетінің «Қорғас» ШЫХО бақылау пунктінде ШЫХО аумағынан алынатын тауар тасымалын реттеу үшін тауарларды қабылдап, кедендік бақылаудан өтуге оларды біріктіру және багаж терминалына жеткізу үшін «Қазпошта» АҚ жұмысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 2017 жылдың қаңтар айынан бастап кедендік бақылаудан жеке тұлғалардың біркелкі өтуі мен кептелісінің болмауы үшін 2 өткелдік 3 дәліз жұмыс жасайды. Кедендік бақылау аймағында «Қорғас» ШЫХО бақылау пункті мен Алматы облысының мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметімен бірлескен экономикалық контрабанда мен сыбайлас жемқорлықты болдырмау бойынша алдын алу шаралары жүргізіледі. Мәселен, ағымдаға жылдың қаңтар-тамыз аралығында 105 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 5 161 975 теңге айыппұл өндірілді.
«Қараша айынан бастап халық енді тек төл құжаттары арқылы өтетін болады. Бұл адамдардың екі есе көп келуін қамтамасыз етеді. Жұмыс күндері мұнда күніне 2000 адам өтеді, ал демалыс күндері 5000-ға жуық. Әр түрлі жобалардың құрылысы жоспардағы аумақтың 185 га жерден 240 га өсті», — деді «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығының президенті Кахарман Жазин.
Жоғарыда көтерілген мәселелердің орындалуы енді қараша айында белглі болады.
Пікір жоқ әзірше