Әншілерге бәрі тегін бе?

Жақында танымал бір музыкант сайт және блог керек дегесін офисіне барып едім. Бір күн бұрын келіскен уақытымызда келмеді, амал жоқ телефонмен сөйлесуге тура келді. Сайт жасау ақылы екенін естіген кезде «ой, былай да жасап беретіндер бар ғой» деді. Бар болса неге жасатпаған бүгінге дейін?  Ақшасы жоқ емес бар, біз мінбеген машиналармен жүреді, бізде жоқ үйде тұрады. Неге жыланады осылар түсінбеймін. Бұл менде бірінші рет емес, бұған дейін де біраз әншілер сайт керек деп, сосын хабарсыз кетті айтқан ақымды қымбатсынып. Ал тіпті бір әнші қыз сайт дайын болған кезде «кешірші, бәрі жақсы болды, тек мамам сайт не керек деп ақшасын бермей отыр, сенен ұят болды» деп тұр

Ойлаймын да әншілерге бәрі тегін болуы керек пе екен? Халықтан тегін қызмет күтеді ме екен?
Әрі қарай

Дас ист техно радио енессстің

Тақырыптың үтірін керекті жеріне өздерің қойып аларсыңдар
Қан ішіліп кеткесін, 90-жылдардағы техноларды тыңдап отыр едім ғой. Жалықпай тыңдай беретін әндерімнің ішінен мынау қалмайды, әйтеуір  

Осы әндегі Мелани Торнтонның (Melanie Thornton) вокалына
Әрі қарай

Твиттермен әлемді алдаған түрік


Твиттер арқылы бір түрік әлем және Түркия журналистерін мазақ қылды. Галатасарай клубы президенті болып өтірік аккаунт ашқан ол, кеше Галатасарай Атлетико Мадридтің ойыншысы Рейеспен келісті деп жазған еді. Осыны шынымен клуб басшысы жазды деп көптеген газеттер және сайттар жаңалық қылып жазған. Кейін ол әлемде 200-ге жақын жаңалыққа тақырып болдым деп мазақ қылған твит жазды. Сосын қай газеттер жазғанынсілтемелер арқылы беріп отырды, ішінде Түркияны санамағанда француз Le Equipe, испандық AS, Marca-лар бар.
Әрі қарай

Цена страсти

Қазақстан кинотеатралырда көрсетілуі бітуге таяу көп ой салатын фильм жайында ой.

Атын оқығанда және 18 жаспен шектелетін шектеуді көргенде ойланып қалдым. Аты бір жағы қызықтырды бір жағы алыстатты. Қызығушылық басым болды. Бардым, көрдім.

Режиссер: Мэттью Чапман

Актерлар: Лив Тайлер, Чарли Ханнэм, Патрик Уилсон, Терренс Ховард

Басты тақырып: махаббат, дін, қарым-қатынас.


Әрі қарай

Қуанышты хабар

СҮЙІНШІ… Біздің Меруерт (Жастардағы БАБАЙКА) жақын арада күйеуге шығады. Той 11 шілдеде Луговойда болады екен. Жездеміз Жамбылдан. Қазір екеуі де Қытайа жүр, Алла жазса осы аптаның соңында не келесі аптаның басында Қазақстанға келеді. Тойға дайындық қарқынды жүріп жатыр екен.
Маке БАҚЫТТЫ БОЛ!!! Сіз үшін қуаныштымын...
Әрі қарай

Керектен кетіп барам!

Иә, иә, сіз қате оқымадыңыз! Мен керектен кетіп барам ертеңнен бастап…
Қашан келетінімді білмеймін! Точно ертең емес, точна ендігі апта емес! Мүмкін 2,3 бәлкім 4 аптаға! Рухани даму керек боп жатыр, бұ-қа-қа-қа (Осы жерде @asaubota көзіне жас алды)
Демалып жатқандар, жақсы демалыңыздар! Жұмыстағыларға үлкееен табыстар! Зерігіп қалмаңыздар! Kerekinfo үлкен Рыспек
Сіздерге деген махаббатпен «Бөбек» қоры Қара сақал
Әрі қарай

Пайым

Өтірік сияқты көрінер,
Біз оған сенеміз, шын дейміз.
Ақ қарды ериді дегенмен,
Ол бірақ, жылайды білмейміз.
Әрі қарай