Danke, Wien!



Өткен аптаның бел ортасында қарт Еуропаның орталығында орналасқан Вена қаласында болып қайттым. ЕҚЫҰ деп аталатын ұйымның екі күндік жиналысына. Бара салған бетте бауырлас блогшыларға арнап құлаш-құлаш жазба жазамын деп едім, қайдан, күні бойғы жиналыс пен кештік қыдырыстан уақыт артылмады. Оның үстіне төрт сағат артта жүретіні бар австриялықтардың, циферблат бойынша кешкі он болғанымен, денең үшін түнгі екі, қылжия бастайсың…
Әрі қарай

Бір саусағы шолақ (молақ) қыз

Ауылда нанды табаға жауып, қидың қызуымен пісіреді. Біздің ауылда солай әйтеуір. Нан таусылып қалу деген мәселе болады кейде. Сол кезде көрші үйден бір таба нан сұрап аласың. Бір күні біздің үйде нан таусылып қалды, қырсыққанда қантта бітуге таяпты(мыналар жарымаған сорлылар екен демеңіздер, бұл сонау 90-шы жылдар, әйтеуір 90-91ші жылдың біреуі).
Әрі қарай

қазақконцерт

қазақконцерт ғимаратының терезелерінен шетелдік әндер естіліп тұрса как то не комильфо ма, ия не по феншую ма, мүмкін некошерно шығар, әлде не баракатно болар
Әрі қарай

Өзіңнен баста немесе қандай тақырыптардан қажи бастадым?

Интернеттегі ұлтшыл белсенділіктен шаршай бастадым. Бұрын да айтатын едім, қазір де айта кетейін. Мұны тек мен емес КерекИнфо қолданушыларының көбісі айтады. Иә, шаршадық «Ойбай, қазақ» стиліндегі құр-айқай мақалалардан, пікірлерден.
Әрі қарай

ҚИА: «Интернетте қазақ тілін дамыту жолдары» - тақырыбында дөңгелек үстел өткізбек

13 шілде 2011 жылы Алматыда (Байтұрсынов көшесі 113, Сатпаев көшесінің қиылысында «Интеротель Астана» қонақ үйі, Құрылтай залы) ЗТБ "Қазақстан Интернет Ассоциациясы" Kcell қолдауымен: «Интернетте қазақ тілін дамыту жолдары» -тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.



Талқылау барысында: әйгілі сайт басқару жүйелерін (CMS) аудару, қазақ тілді жас вебмастерлерге және программистерге жәрдемақылар құрастыру.

Қоғамдық бірлестіктер лидерлері, әйгілі интернет-ресурстардың өкілдері, байланыс операторлары және де ҚР парламентінің мәжіліс депутаттары дөңгелек үстел жұмысына қатысуда.
Әрі қарай

“Трансформерді” көрдім, бірақ…

Көптен бері жұрттың шулап жүрген фильміне баруға қолым тимей жүр еді, көштен қалмай кеше дәл 6 шілде күні күннің астында Хан шатыр жақтағы көрмеден быжып кеткен соң, салқындап әрі кино көріп шығайын деп барғанмын.
Әрі қарай