"Голубой" құстарымыз


Алдында блогымда австралиялық амадин құстарын ұстаймыз деп жазған едім. Бела, Мала атты жұп болған, кейін Мала жұмыртқалады да қайтыс болды. Бела жалғызсырамасын деген оймен осы түрінен тағы екі құс сатып алғанбыз ғой, бірі ұрғашы, бірі самец деп. Сөйтсек, бәрі де самецтер болып шықты.
Әрі қарай

Боғауыз емес сопақ сөздер

Венканың шабыт беруімен.

Жалпақ боғауыз дөрекі сөздерді төмендегі түсініксіз тіркестермен ауыстыруға болады.

-Конусымды қатырмаш, секансыңдысс
-Тангенсіңді котангенсіңе тығып қой!
-Өзің бисектриса!
-Жазықтығыңнан перпендикуляр жүргізбей тұрғанда, шашырап кетші!
— Цилиндрімді жепсің!
— Сферамды қасып отырсам… бір элипсойд кеп тұр,
— Үшінші бұрышыңнан вектор жүргізейін ба?
— Барып тұрған тетраэдр екенсің!
Әрі қарай

Ми қайнататын сұрақтар...

Компьютерлер арасындағы желілік байланыс — адамдар арасындағы мәлімет алмасу жылдамдығын арттырып отыр. Егер бұрын әрбір адамның ақпар алу мүмкіншілігі шектеулі болса енді ол бара-бара ұлғаюда. Бұл сізге нейрондарының арасында байланыс түзетін кәдімгі миды елестете алама? Егер дәл осы тұрғыдан қарасақ не көрер едік?
1. Ми әлі даму үстінде және нейрондардың тізбектік байланысы дамылсыз ұзару үстінде. Мәселен, сіз дәл қазір осы мәтінді оқып отырсыз және осы күйіңіз мәтін арқылы екеуіміздің арамызда байланыс барлығының дәлелі. Солай емеспе? Ал енді сіз мәтіннің мазмұнын басқа біреуге айтуыңыз мүмкін ғой…

2. Белгілі бір нәрсемен айланысатын нейрондар тобы құрылады.

3. Ми химиямен уланады(ішімдік, наркотик, шылым шегу және т.c.c). Ал қайсыбір нейрондар келесі бір нейрондарды азық немесе ортадағы өзіне ыңғайлы көрген орын үшін күресте қажытып әлсіретіп жоюға тырысады. Мидағы осындай жасаушаларды — обырлық(раковые клетки) деп атайды.
Әрі қарай

25 кадр

Бұл уже боян болып кеткен тақырып шығар. Өкінішке орай, БАҚ өмір сүргенде бұл нәрсе ешқашан боян болмайтын секілді. Сонымен былай ойлаймын мен:
25 кадр дегеніміз викиде немесе ютубта көрсететін видеолар емес. Ешкім бір секундта өтетін 24 кадрға артық ештеңе қоспайды. Бұл — жай ғана атау. Жиырма бесінші кадрды мен елеусіз болған нәрсені байқатпай адам санасына сіңдіру деп ойлаймын. Мысалы, америка жаңалықтары арқылы да, фильмдері арқылы да мұсылмандарды террорист деген ұғыммен байланыстыруға тырысады. Батыстың фильмінде крест ұлы нәрсе. Тіпті одан қала берді өзіміздің "Қазақфильмде" де жиырма бесінші кадр болған. Қай киноны алып қарасаң да, орыстың мұжығы ақылды, қазақтарға ақыл айтып отырады. Осы секілді нәрселерді жиырма бесінші кадр деп ойлаймын
Әрі қарай

Этюд

Аспанның төсінде тебіскен арай,
Бұлттардан нұр атылып.
Қойлардың соңынан өріске қарай,
Қою шаң шұбатылып.
Әрі қарай

Алматылық блогерлермен кездесу

Алматыға Димаштың шақыруымен MediaNet Халықаралық журналистер орталығы ұйымдастырған семинар тренингіне бардым. Бір күн бұрын барғандықтан кешкі уақытымызды босқа өткізбейік деп алматылық блогерлерге хабарластым. Менің жанымда «КазЖур» блог тұғырнамасына «Б Мырза» деген блогымен тіркелген Ботабек атты қарағандылық жігіт болды.
Әрі қарай