"Голубой" құстарымыз
Алдында блогымда австралиялық амадин құстарын ұстаймыз деп жазған едім. Бела, Мала атты жұп болған, кейін Мала жұмыртқалады да қайтыс болды. Бела жалғызсырамасын деген оймен осы түрінен тағы екі құс сатып алғанбыз ғой, бірі ұрғашы, бірі самец деп. Сөйтсек, бәрі де самецтер болып шықты.
Барлығының самец екенін бір ай өткенде білдік, ұрғашысын әні аламыз, міні аламыз деп жүргенде арада көп уақыт өтіп кетті. Басында бір-бірлеріне тез үйреніспесе де, төбелес, жанжал болмаған. Екі күнде тіл табысып тату-тәтті өмір сүріп кеткені. Табиғатқа қарсы шығуға болмас деп жақында ұрғашысын сатып алдық. Қызықтың көкесі басталсын енді. Екі апта болды ма қызымыздың келгеніне, ұлдар әлі қабылдамай жатыр. Бишара қызды қуып жүргендері тырқыратып. Үш күн үндемеген қызымыз ақырында олармен төбелесетінді шығарды. Қайтсін енді, оған да жан керек. Торда екі үйшік, соның бірін қазір қыз жеке иемденіп алды. Ұясын уютно қылмақ болып тасығандарын ана ұлдар алып қашып маза бермейтінін қайтерсіз. Мен ұлдарымыз «көгілдір» болды, енді адам болмайды деген диагноз қойып тастағаным қашан, ал көршімнің үміті әлі өшер емес . Дені дұрыс болса ендігі қызбен бірге ұялайтын уақыттары болды, ал біздің ұлдар бір-біріне жабысып айрылмай, ана қызды қуып жүргендері. Кішкентай тар ұяшыққа үшеуі тығылып несі бар екен
Түрмедегітордағы достық өлгенше деген қағида болар. Ұрғашыға көңіл бөлсе, братсвалары бұзылады, т.т. құстардың кодексі…Бірақ өзімнің дде аквариумым атылған болатын.
Есіктің алдында жүретін шал бар, ермегі — кептерлерге бөлке лақтыру. Біз лақтырсақ — жоламайд: аурамыз жаман ба, әлде… Әлде шал көгілдір???
не ғой Гүлшок осы марғауларын қайтесіңдер, жылына қырық балалайды ғой өзі