Көшіріп Қоюдың дәурені енді жайлап-жайлап өле бермек!

Мына мақаланы оқып қалдым. Енді мақаланың алғашқы болып енгізсеңіз сайттың дәрежесіне емес мақаланың бірінші жарияланған жеріне іздеу сайттары жіберетін болады. Осыны Яндекс алғашқы болып іске енгізіп жатыр. Жақын арада бұл әдісті Гугл мен Бинг та іске қоспақшы. Не боларын көрерміз, бірақ мына мақаланы оқып Арулар.kz, Мәліметтер.com, Beu.kz, Блогшылар т.б. өздерінің мақалаларын іздеу жүйесінде алға шығара алады.

Мақаланың мәтіні мына жерде.

Енді жайлап болса да, ақырындап Жаңалық инкубаторы сайттарының тынысы тартыла бермек.
Әрі қарай

Сдаю квартиру девушкам...

Бұл оқиға баяғыда болған. Әскерден келгенімізге жыл толмаған уақыт. Қаладан жұмыс тапқанымыз қалада, даладан жұмыс тапқанымыз далада жүрген кез. Сондай күндердің бірінде бңрге оқыған біразымыздың басымыз қосылып қалды. Қызып алған жігіттердің қыз іздейтін әдеті бар ғой. "Қазір көшеге шығам, қызсыз келмейм" деп кетті бір қу бізге көнбестен. Шамалыдан соң қолында жарты парағы(бір жарты арағы және бар) бар, ыржиып келіп тұр. "Қыз таптым" дейді,«Тек, біреуің менімен еріп барыңдар» деп қояды. Сөйтсек, «сдаю квартиру девушкам» деген сынды жарнаманы жыртып алып, пәтерде тұратын қыздардың жарнамасы екен деп қалыпты.
Әрі қарай

Жолданбаған хаттар



Кешірші мені, Заңғар!..

Қызғаныш оты өртесе де қызба сынменен,

Сүйемін деп айта алмай қыз басымменен.

Өр сезімді өршітіп, ізгі асылменен,

Мойындай білмегенім үшін…
Әрі қарай

Қайықшы және ғалым.

Өзіне өте сенімді, тәкаппар бір грамматика маманы қайық жалдайды. Олар жағалаудан ұзап кеткен соң ғалым қайықшыдан:
— Сен тым құрыса грамматикадан бірдеңе білесің бе?-деп сұрайды. Қайықшы басын шайқайды. Сол кезде ғалым оған:
— Онда сенің өміріңнің жартысы бос өтті дей бер,-деп жауап қайтарады.
Бұл сөз қайықшыға ауыр тиеді. Ол ашуланады, бірақ білдірмейді.
Кенеттен күшті боран басталып кетеді. Су қайықты бағытсыз алып, иірімге апарып тастайды.
Сол кезде қайықшы артына бұрылып, грамматика білгішінен сұрайды.
— Әй, грамматикашы, жүзу білесің бе?
— Жоқ, білмеймін, — деп жауап береді грамотей.
Қайықшы болса оған былай дейді:
-Онда сенің бүкіл өмірің текке өтті. Өйткені қазір қайық мына иірімде аударылады.
Әрі қарай

Есімовтың жалақысы

Алматының әкімі 645 мың теңге жалақы алады екен. Бұл туралы әкімнің өзі «Время» газетіне берген сұхбатында айтыпты.Менікіндей алтау. Еще нелері бар… Ех, шіркін десеші.
Әрі қарай

Конституция күні!!!


Мұртты Премеріміз Карим Масимов демалыс күндерін бекітті. Конституция күніне орай тамыздың 27-і күні жұмыс күні болып, 28-30 күндері аралығы мерекелік демалыс күндері деп жариялады.
Демалыстарыңыз сәтті өтсін Халайық!!!

Қосымша: Мұғалім ханым және мырзаларды жаңа оқу жылымен, оны қойш, жаңартылған айлықпен шығармашылықтарыңызды шыңдап, аяңдап жұмыс істеулеріңізді тілеп қаламыз!!!

Айтамыз үйіңізге жарапазан,
Оразаң қабыл болсын ҰСТАҒАН ЖАН!!!
Әрі қарай

Beeline сауатсыз жазады

Қала көшелерінде жарқырап тұрған Beeline-ның жарнамаларының басым бөлігінде, дәлірек, жарнамалық баннерлердегі қазақ тілінде жазылған сөйлемдерде қателер кездеседі. Солардың бір ғана мысалы ретінде мына суретте көрсетілген жарнамалық баннерді айтуға болады:

Екі сөйлемде үлкен 4 қате, бір жеңіл қате.
Әрі қарай