Кешірме, кешір

1.

Кесірге құмарлау жаным,

Кешірші мені, қоғам.

Пысқырмай жүріп-ақ заңын,

Қарыздау боп қалдым саған.

Шаршатқан тіршілік Тілі,

Ызыңдап миымды жеген.

Заманның бықсыған КҮЛІ,

Ақыңды алып ал менен.

Ақыңды алып ал менен,

Ақысыз бәрі де бекер.

Тіршілік шаршадым сенен,

Мазамды алмашы, жетер.

Ойыным осылып бүгін,

Жолынан адастым жырдың.

Тауысып түндердің түбін.

Кектеніп, тағы да күлдім…

2.

Тұманды тілектің ТҰСЫ,

Күмәнді ойлардың МАҢЫ.

Кектенсе жиектің СҰСЫ,

Қиылар комета ЖАНЫ.

Серігі кәдімгі жердің,

Ұясын аспанға салған.

Мен оны тағы да көрдім,

Сен оны көрерсің ЖАЛҒАН!

Кешірші, сен оны қоғам,

Кетсе де КӨК ҚАҒАЗ АҚЫҢ.

Мекенін тапқан соң соғам…

Нептун мен Плутонға жақын.

Табасың сен оны білем,

Құс жолын бетке алып ұшсаң.

…қазақтың рухы кілең,

…самғаған тұстан…

Есірме, сен оған қоғам,

Есесін қайтарар елдің.

Аңдадым тағы да одан,

Қайратын қауқарлы ердің.

Үмітін үсіткен түнге,

Жүрегі жалтақтау, ЖЕСІР.

Сен оны табалап, күлме,

Сен ОНЫ кешірме… КЕШІР!!!

Табиғат АБАИЛДАЕВ
Бөлісу:

73 пікір

ErNur
«Керекке» хош келдің! Сәттілік тілеймін інішек!
Tabigat
Ақтөбеден келген ақ хатты қарсы алдық
sammita
Керекте жүргелі 3 ай өтті ғоо
Tabigat
Бүгін қайтып келдім, қол тимей кеткен
konvict
Әбіл-ау, бағана мен айтқасын қайта айналып келдім шындықты айтсиш
Tabigat
Әбілің кім Абай?
Nurgisa
По идее Әбіл сен боп тұрған сияқтысың ба деп қорқам, Табиғат…
Tabigat
Әбіл дегенді түсінбей тұрғаным…
sammita
әбіл десе күлме, ұрыс. Ол жаман сөз) әріптері ауысқан.
Tabigat
Абай, бабай болмай тұрғаныңда қой қой
ErNur
Плиз! Саммита ханым! Мен как жираф бүгін көріп отырмын ғой бұл баланы
Tabigat
Саммтанын шын аты кім еді?
sammita
Саммтанын шын аты кім еді?
Саммита шын атым))
Tabigat
Шын атын Саммта болса, майл рудагы логининди жазшы…
satibaldi
Сол кешегі науқанда осындай боп қалдық… Бұ қазақты қойсайш…
konvict
 үйленіп кеткен кісі десем осы ойыңнан айнып қаласың ба
Tabigat
е, десей, Ибраһим)))
sammita
ішің кең болса бүйтер ме едің..Қайран маған арналуы ықтимал жырлар-ай
sammita
күтіп отырмын, өзім жазуға ұялып
sammita
ойбай, тез өшір мынаны
Nurgisa
«Белді тілші» бел шеше кірісіп кеткендей ме, қалай
konvict
Қарасақалдан құтыла алмай жүргенде, мына бала келді ме
ErNur
Бұл балаға «базар жоқ» енді
Nurgisa
@konvict, сенікі:

«Бір қыздың тілін таппай жүргенімде,
Қырғыздың тілін табу қиын болды-ай»

дегендей болды
konvict
 Ішім қызғаныштан өртеніп кетті))))
Пікір түзетілген: 24 тамыз 2011, 17:26
sammita
Конвидің ата жауы.
Tabigat
Конвикт те жұртпен жағаласа ма?
konvict
Әбіл-ау, канскиймен төбелесетін жалғыз сен бе едің
Tabigat
Сені төбелестірем енді
madlen
Абайға төбелесу ғана қалды енді
sammita
сұрама, сұмдық.
satibaldi
Міне, мынау енді ӨЛЕҢ!!!
Tabigat
Ниеттеріңе рахмет!
ErNur
Жібер аттың басын біраз Табиғатжан! Анау бір химия элементтерінен тұратын өлеңдерін бар сияқты еді ғой жариялаш соны да
Пікір түзетілген: 24 тамыз 2011, 16:40
Tabigat
соны ма, басқасын ба, брат? жарайды, айтқаныңызды қылайын
Nurgisa
 керемет, мін жоқ!
Tabigat
Пах)))
satibaldi
Бұ жердің жұрты мақтауға сараң бауырым, ендеше екі есе шаттан, Нұрһисе мақтаса!
satibaldi
Шедевр! «Сегізбұрыш — октаэдр келсін айналасы» деуші еді Гаусс марқұм.
Tabigat
Солай болар ма еді, үш жылдан соң
blackbeard
Жазуың ұнады. Бірақ өлеңді түсіне алмадым, 4 рет оқып шықсам да
Tabigat
Өзі кейде солай болады брат
Nurgisa
salamatsezba @blackbeard!
Hetaida hal ahvaldarengez halai? ol jahteng etektilerimenn harajorgha bileb jatersez ba?
blackbeard
siz wxin hazir osenda post ilem, Hetay twrale
Nurgisa
rahimet umeteb qetpew Hetai tuiralle ileb hoighan postenga!
AKA
Керемееет, алғаш блогыңыздан оқып едім
manshukn
«Ақыңды алып ал менен.
Ақыңды алып ал менен,»-мына жер Ерлан Жүністің стилі.