Блог дейтін ыстық құшақтың бар екенін білгеніме шамамен үш, ал оның қойнына кіріп, балқып жүргеніме бір жыл болыпты. Осы уақыт ішінде небір жазба оқыдық, небір блогшыны көрдік, сараладық, салыстырдық, санадық. Берерімізден аларымыз көп болды. Сөзіміздің саптасы сылбыр жүрістен сары желеңге салатынды шығарды. Ойымыздың қанықтығы анықтала түсті, бұрын білмейтін біраз білімге ие болып шыға келдік. Әнебір сарыауыз шағымызда айдарымыздан жел ескен «белді, беделді» блогшы атандық.
Бұл статьяның авторы LCD монитордан проектор жасауды оқыған екен. Ондай монитор алуға қаражаты болмағандықтан CRT монитордан жасаған екен…
Алдымен монитордың бет жағын мейлінше дәл өлшеп алыпты.(Ұзындығы мен енін өлшеген).
Ары қарай осы өлшемдерге сәйкестендіріп биіктігі 40-50 см(түбі және бір жақ беті жоқ) қорап жасаған.
Кеше Алматының мамандандырылған ауданаралық сотында қазақ сопыларының жетекшілері саналған тоғыз адамға үкім шығарылды. Оларға экстремизмді, конфессияаралық алауыздықты қоздырды деген айып тағылды. Бір жылға созылған тергеу ісінен кейін жабық жағдайда өткен сотта судья Қасым Қалмағанбетов ешкімді де аямады. Адвокаттар сотталғандардың барлығының дерлік айыптары дәлелденген жоқ деп шыр-пыр етеді.
«Арақ адамды аздырады, өз көрін өзіне қаздырады» деген сөз құлаққа түрпідей тигенімен, бұл – шындық. Осы әзәзілдің өмірімізге ентелей еніп, дастарқаннан кетпей қойғаны өкінішті. «Ауру қалса да әдет қалмайды» деген осылайша шындыққа айналды. Бірақ арақ-шарап барлық адамға жаға бермейтіні және рас. Ендеше, жұлдыз жорамалыңызға да бір үңіліп көріңіз, ащы су сізге қалай әсер етеді?
Тоқты. Тоқты үшін ішімдіктің қауіптілігі сол – есінен танып жығылғанша ішеді не ойланбастан кездейсоқ іс-әрекетке барады. Спирттің буына масайраған тоқты көтеріңкі көңіл-күймен күшіне сеніп, ерсі қылықтар көрсетуі мүмкін.
«Ер аунаса із қалар, ат аунаса түк қалар» деген ғой ата-бабамыз. Бізде аунап бақтық жас кезде. Ең алғаш аунағанда сегіз оқимын-ау деймін. «Минск» мотоцикілім болды деп ем ғой бір жазбамда. Ауылда сонымен тарылдатып жүретінмін. Алдыма Жомарт атты киікке екі аяқты «Уралымен» шығатын жігіт ағасы ғана түсетін шығар.«Иж-планетасы» бар 74-ші жылғы ауылдас жігітті тақтайдай тегіс жолда бір жолықтырсам деп жүрген кезім. Осы үшеуімз ауылдың бас каскадерлары.Обшым, походқа шығамыз деп келістік. Біраз балалар жеңіл машинамен алдымызда шығып кетті.