Сағыныш (Құрмаш Маханов)

Сені іздеп күнім жиекке жығылады,
Қызыл да жасыл дүние құбылады.
Жанарыма кеп түйір жас тығылады…
Сезімім тамшы әйнекке ұрылады,
Сыңар аққудың сыңсиды сынық әні.
Сол әнді, жаным, өзіңдей кім ұғады?
Әрі қарай

25 кадр

Бұл уже боян болып кеткен тақырып шығар. Өкінішке орай, БАҚ өмір сүргенде бұл нәрсе ешқашан боян болмайтын секілді. Сонымен былай ойлаймын мен:
25 кадр дегеніміз викиде немесе ютубта көрсететін видеолар емес. Ешкім бір секундта өтетін 24 кадрға артық ештеңе қоспайды. Бұл — жай ғана атау. Жиырма бесінші кадрды мен елеусіз болған нәрсені байқатпай адам санасына сіңдіру деп ойлаймын. Мысалы, америка жаңалықтары арқылы да, фильмдері арқылы да мұсылмандарды террорист деген ұғыммен байланыстыруға тырысады. Батыстың фильмінде крест ұлы нәрсе. Тіпті одан қала берді өзіміздің "Қазақфильмде" де жиырма бесінші кадр болған. Қай киноны алып қарасаң да, орыстың мұжығы ақылды, қазақтарға ақыл айтып отырады. Осы секілді нәрселерді жиырма бесінші кадр деп ойлаймын
Әрі қарай

Кей молдалардың істейтін істері жоқ па?

Кей молдалардың істейтін істері жоқ па?
Мулла впервые будет освящать космическую технику. Казахстанская сторона обратилась к Роскомосу с просьбой о допуске на космодром муллы, который освятит ракету космического назначения «Протон-М», сообщил «Интерфаксу» источник на космодроме.Постсовет
«Протон-М»-нің ішінде «ҚазСат-2» жасанды жер-серігі бар.
Молданың христианның поптары секілді жансыз темірге дұға оқып, Құдайына жалбарынуын не деп түсінеміз? Бұл «діни еркіндік бар» деп ауызбен айтып, ісімен сол айтқанына қарсы шығатын қоғамдағы мұсылмандықтың бетпердесі десек қалай болады? О заман да бұ заман, қай молда темір-терсекке дұға оқып еді?!
Әрі қарай

Mozilla Firefox браузеріне арналған 7 плагин (от ҚараСақал:))

ҚазНет дамитын күн алыс емес © Вавилон жазулары б.з.б XXIII ғасыр

Mozilla Firefox браузерінің шексіз мүмкіндіктерімен танысуды жалғастырамыз.
PROWEB CENTER-дің бірнеше айлық ізденістері нәтижесінде көпшілікке пайдалы екеніне көз жеткізілген Mozilla Firefox браузеріндегі 7 плагинді қабыл алыңыздар!
Әрі қарай

Келдік. Көрдік. Қаштық.

Ассалаумағалейкум, жиналып қалған (деееп армандап отыра бересің ғой, жарықтық-ай десеңші) қауым. Иә, өте қуаныштымын, мен де, иә иә.
Қазақ блогтарын кезіп келіп, үй тігер жер тапқандай сезімдер сағымдай көзге дамыл бермеді. Көре жатармыз ауыл аймақтың итін-битін. Не ғой, андай-мындай приколдар болса айта беріңдер, темаға кіре берейік. Әлде бір ритуалдан өтіп, ала тауықтың оң аяғын кеміру керек пе?

Айтпақшы, регитьсятетіп жатқанымда осындайды көрдім.

(13.61 Kb, 462x130)
одмин братан?
Ващпе ондайым жоқ еді, білмеймін…
Ааа а, тағы не ғой әлгі, Астана күні құтты болсын! Ал сол үшін! ОЛ ҮШІН БОЛМАСА, КІМ ҮШІН??!11

шифт үшін кешірерсіз, просты толқып тұрм шамалы
...
Жаңарту
уууиий сгин(айтпаса тағы да болмайды)кәмент жаза алмай жатырмын.
типі шеттеткен түрі ме, әлде өзінің түрі солай ма түсінбедім…
«ХОШ» аңқып келем. бір кәментке жауап екен бұл.
Әрі қарай

Жұрттарға рахат, La Lune'мен ойнап жүр

Поштыма пауэрпойнтпен жасалынған слайд жіберіпті, бір бауырым. Француздар түнде аймен бірге түскен суреттер екен. Маған өте ұнады. Слайдтағы суреттерден видео жасап, ютубқа орналастырдым. Сауынтірегіде сол слайдтағы әшулә.
Иә, ютубтан «авторский право» деген бірдеме келді, содан кивиге де жүктедім.

Сілтеме kiwi.kz/watch/md38r06ybd8c/

Сілтеме www.youtube.com/watch?v=cVZp2H-fMqc
Әрі қарай

Суға кеткен тиындар

Сүт сатумен айналысатын шаһар тұрғыны соңғы кездері сүтке су қосып сатуды ойлап шығарыпты. Күндердің күнінде, әлгі сатушы көрші қаланың базарынан табыспен үйіне кемеде қайтып келе жатады. Жолда көзі ілініп кеткен саудагер ояна келсе, тиын салатын әмияны орнында жоқ. Іздей бастаса, әмияны желкенге шығып алған мақұлық маймылдың қолында екен. Маймылға жалына кеткен саудагер қолын созып әмиянын сұрайды, бірақ маймылдың берер түрі жоқ. Ішінен тиындарды шаша бастайды: мақұлық бірін саудагерге лақтырса, бірін суға лақтырып ойнайды. Құдды бір табыстың тең жартысы суға тиесілі екендігінен хабардар еткен сияқты.
Әрі қарай

"Супер Баха" фильмінің тұсауы кесілді

Кеше «Супер Баха» фильмінің премьерасы өтті. Салтанатты шара «Команда А» рок тобының шағын концертімен басталды. Айта кету керек, тұсау кесер рәсімге тыңғылықты дайындық болғаны көрініп тұр. Шоу-бағдарлама аясында бишілер тобының өнері де көрсетілді. Залдың ішінде ілінген фильмнің кейіпкерлері бейнеленген комикс стиліндегі суреттер шараның тақырыптың мазмұнын аша түседі. Көрсетілімге көп адам жиналыпты. Фильм қалай түсірілген, қандай баға беруге болады — оның бәрі бөлек әңгіме, бөлек жаңалық. Қазір фильм режиссерлерінің бірі Тимур Қасымжановпен жүргізілген шағын сұхбатты ұсынамыз.

Әрі қарай