Мен ұсынатын әуендер. Жан Мишель Жар

Электронды музыканың алқашөтушісі Жан Мишель Жардың өнеріне бала кезден тәнтімін. Тойдағы мини-дискімен дүкс-дүкс-діг-діг-дүкс деп, қор болып тұрған синтезатор мен оның меркантильді иесін көргенде, біреу осы аспаппен шедевр жазып жүргені қаперіңе де кіріп шықпайды.
Жан Мишель Жардың тақырыптары: Космос. Метаморфозасы әлі бітпеген тылсым планеталар.
Әрі қарай

Журиктерге: alempress.kz сайтынан мақала ұрлау

1. Алдымен мына программаны көшіріп, компьютеріңізге орнатып алыңыз (әрине, егер ол бар болса).
Ескерту: бұл программаны ұялы телефонға, микротолқынды пешке, кір машинасы мен ваннаға орнатуға болмайды!
2. Орнатылған программаны жіберіңіз.
3. Программада келесідей баптау жүргізіңіз:
Сурет 1.
Әрі қарай

Жол жөндеу

Өткен жылы ауылымыздың жолын өзіміз жөндеген едік. Соңғы рет ауылдың жолы 1980 жылдары жөнделген екен. Содан 8 км жол еш жөндеу көрмеді. Ақыры төзімі таусылған ауыл жастары белсеніп, ақсақалдарға сауын айтып, жол жөндемекке бел шешкен болатын. Әр үй 1000 теңгеден, машинасы бар адамдар 5 мыңнан шығарып, асфальт алып, соны төседік. Сонда небәрі 250 мың теңге ғана шыққан екен. Осы жылы аудан әкімшілігі ұялды ма, әлде біздің Мәсімге жазған хатымыз себеп болды ма, әйтеуір ауылдың жолын тақтайдай қылып бердіЖақында ауылға барып компьютерді ақтарып отырып мына виеоны тауып алдым. Қарапайым ауыл адамдары назарларыңызда
Әрі қарай

Обама - жазушы

«Қарадан шығып хан болған» американдық саясаткер әрқашан ине-жіптен жаңа шыққан, көпшілік арасында кең таралған киімдерді кигенді ұнатады. Оның ойынша осылай киіну қарапайым адамдар ортасында жүрген атқамінерге оң әсер берері сөзсіз. Бұл – кез-келген саясаттың кәсiби имиджмэйкерлері түсiнетін ереженің бір түрі іспетті. Сонымен қатар, саясат сардары АҚШ-тың ауыр жұмысынан сәтке де болса босаған кезде өзіне ұнайтын сүйікті істерімен айналысқанды жөн деп табады.
Обама өмірде басынан өткен күлкілі жағдайларды «Үмiттiң батылдығы» атты кiтабында егжей-тегжейлі жазады. Бірде ол даяшыдан қыша сұрағанда, өзінің сайлау компаниясының ұйымдастырушысы оған саясаткердің кафеде бар кез келген қышаны міндетті түрде жеуі керек екендігіне ескерту жасағаны бар.
Барак Обаманың көптеген қызығушылығы оның саясаттағы өмiрмен өзара байланысты. Обама заңгерлік жолында және сенатарлық қызметте жүрген уақытында да хоббиын қалыс қалдырмады. Бірақ, ел серкесі хоббиды ермек ретінде түсінбейтін сыңайлы. Оған ең бірінші халықтың мұң-мұхтажы мен мүддесі қымбат. Графқа жазған хатында мүдделер турасында ол — әлеуметтiк теңдiк пен қараша халықтың құқығын қорғауға басты мән беретінін айтады.
Әрине, Обама, адамдардың тек қана құқық үшiн күресумен шектелмегенін, олардың қай кезде де ерікті болғанын қалайды. Мемлекет басшысы түтін түтетіп, ошағынан от кетпеген отбасындағы әйелі мен екi қызы жайлы көбірек әңгіме шертеді. Саясат сахнагері талай жылғы тәжірибесі бар отағасы. Ол әсіресе, үлкен бойжеткенінің сабағына жіті назар аударып, кіші қызының асыр салып ойнауына мейлінше мүмкіндік береді. Тәжірибесі толысқан саясаткер болса да, Обама отбасы өміріне мейлінше назар аударады. Сондай-ақ, мүдде деген адами құндылыққа маңыз берген халық қалаулысы ең әуелі Америка тұрғындарының жаймашуақ өмірі мен халықтар арасындағы ортақ теңдіктің туы жығылмауы жолында қызмет етуге әрдайым әзір.
Бәрін айт та, бірін айт. Обаманың басқа қызығушылығынан бөлек, оның жазушылық қасиетін біреу білсе, біреу біле бермес. Қаламгерлікпен айналысатын саясаткердің осы уақытқа дейін екі кітабы жарияланған. Біріншісі – «Әкеден мұраға қалған армандар» атты ғұмырнамалық кітап болса, екінші кітап саясаттағы мәселелерге арналған «Үміттің батылдығы» деп аталады.
Қазіргі уақытта АҚШ көсемі әйелі және қыздарымен бірлесіп үшінші кітапты басылымға даярлау үстінде. Бұл кітап балаларға арналып жазылып жатыр. Қаламгер саясаткердің бұл ісі бір жағынан хобби болса, екінші жақтан қыруар қаражат табудың көзіне айналып кеткендей.
Тағы бір айта кетерлігі, АҚШ патшасы өнерге, әсіресе әнге құмар. Есімі көпке мәшһүр джаз орындаушысы Майлса Девис, белгiлi сырнайшы Стив Вандердің өнерін жоғары бағалайды. Әдетте, сайлау алдындағы сапарларда һәм сайлаушылармен ұшырасқан кездерде президент көптеген өнерпаздарды шақырады. Олардың жуан ортасында жоғарыда аталған өнер адамдары болмаса президенттің көңілі көншімейтінге ұқсайды.
Бір өкініштісі, Обама ғасыр дертін тудырып отырған шылымды үздіксіз шегеді. Ол шылымды көбінесе жора-жолдастары бас қосқан думанда немесе мейрамханадағы ас-ауқаттан кейiн қолданады. Темекіні жолдас еткен президент оның дауысты қарлығыңқы шығаратынына бола тартады екен.
Міне, бір елдің басшысы қолы мемлекет шаруасынан қалт еткенде айналысатын хоббиы. Біздің айтпағымыз, әлемге аты кеткен Барак АҚШ-тай әлем танитын мемлекет істерін хоббиға айналдырып жібермесе болғаны.
Әрі қарай

Аватар: Аанг туралы аңыз.

Аватар: Аанг туралы аңыз.

Бұл мультсериалды ініммен бірге мультарнаны қарап отырып, көріп қалдым. Көргенім сол-ақ екен, бул мультфильм мені өзіне баурап алды. Бір күні 2х2 арнасыннан үш күн қатарынан «Аватар»ды береді дегеннен (жақсы мультфильмдер беретін екен деп қалмаңыздар) тірліктің бәрін ысырып, жайғасып үш күн бойы осы мультфильмді қарап шықтым. Алған әсерімді жеткізе алсамшы. Керемет! Негізі былай қарасаң аниме жанрында сияқты, ал мульт Америкада жасалған. Сол үшін аниме деп атай алмай отырмын. Әлде жасап шығарылғаны маңызды емес пе?
Әрі қарай