Александр Сергеевич Пушкиннің «Балықшы мен балық туралы» ертегісін бәріміз оқып өстік. Сол ертегідегі балықшы кемпіріне алтын балықты ұстап алып, қоя бергенін айтады. Кемпірі жынданып «Еш болмаса бүтін корыто сұрамайсың ба?» деп ұрсады. Сол корытодан бастаған кемпірдің әуселесі кейіннен патша болуға дейін барып, айналадағысын танымай кетеді. Шалқайғаны соншалық, балықтың өзіне әмірімді жүргізем деген кезде, балықтың да төзімі таусылып, бұрынғы сүмірейген кедей қалпына қайтадан әкеліп қояды. О баста кемпірдің корыто сұрағанынан-ақ, оның түк көрмеген надан екендігін аңғарасың. Ал «түк көрмегендер» иен байлыққа қол жеткізсе де, сол баяғы түк көрмеген қасиеті өзгермейтіндігін және басқа да нәрсе айтқысы келген Пушкин атамыздың мысалы мен ақылы әдебиет шедеврінің қатарына кірді.
Енді бір сәт фантазияға ерік беріп көрсек, сол алтын балықты сіз ұстап алсаңыз не сұрар едіңіз? Әрине, өміріңізде неге қол жеткізе алмай жүрсіз, соны дереу сұрап үлгерер едіңіз. Мысалы, үй, көлік, қызмет, бизнес-жоба, шетелге саяхат, жағажай, бағалы бұйымдар, тағысын тағы.
Ал енді осы балықты онсыз да шіріген байлар ұстап алса не сұрар екен? Мәселен, яхтада қыдырып жүрген Билл Гейтс осындай балықты ұстап алса не сұрайды деп ойлайсыз? Ол әрине кедейшіліктен зардап шегіп жүрмегені белгілі. Дереу сенсация жасау үшін прессаны шақырар ма екен әлде ғаламның мен білмейтін құпия сырын ашып бер деп сұрар ма екен? Әлде ешкімге дабыра қылмай алтын балықты Американың құпия зерттеу лабороториясына атып ұра ма екен? Ең қызығы, осы балықты біздің байлар мен шенеуніктер ұстап алса ше? Не сұрар екен?
Сіз «Ал өзің не сұрар едің?» дегіңіз келіп тұр ма?
Мм, мен кәдімгі сол өмір сүруге не қажет, соны сұрайтынымды жасырмаймын. Енді, алтын балық келіп тұрса, бәрін орындап берем деп тұрса, неге сұрамасқа?!
Науқастар: Рейтинг уқалаушылық синдромы
Жақында Техас шататындағы бір мұжық өзінің жақында ажырасқан әйелін сабап, қамауға алыныпты. Сабауының себебі — мұжық фейсбуктағы бетіне шешесінің өлгеніне 1 жыл толды деген мәлімет енгізсе керек, ол мәліметті әлгі әйелінен басқа достарының барлығы "Ұнайды" деп, пікір жазып талқыға салыпты. Ал әйелі болса, ешқандай пікір білдірмепті және "Ұнайды" батырмасын баспапты.
Алынған жері techdaily.ru/muzhchina-udaril-zhenu-kotoraya-ne-odobrila-ego-status-na-facebook/
Асхат мырзаның өтініші бойынша және бойында қазақтың қаны ойнап тұрғандар да бей-жай қарамас деп қазақтың қара домбырасына кезек беруді жөн көрдім.
Гәкку. ІІ нұсқа
— Ну а ты, вот ты. Что ты любишь больше всего на свете?
— Я много чего люблю. Только я люблю простое: люблю собак, потому что у них всегда нос мокрый, а насморка не бывает; люблю, когда фырчит автомобиль, нюхать бензин. «Ну, погоди!» люблю, только мне Волка жалко. По телефону звонить, перед зеркалом кривляться. Да мало ли чего. Мюллера люблю.
— Кого?!
— Да не тот, который Гестапо, а который в футбол голы забивает. В разные игры люблю играть, только обязательно выигрывать, а если проигрывать, тогда не надо.
…
— Подумаешь! А я ещё больше люблю всяких разностей: колбасу люблю варёную, на спор съем целое кило! Пряники люблю — хоть тульские, хоть медовые. Ну, про халву и говорить не стоит.
Тәуелсіздіктің 20 қаһарманын анықтайық. Бұл анкетаға қатысу үшін маған жеке хат арқылы 1991-2011 жылдары аралығында елімізге еңбегі сіңген 10 адамның тізімін жібересіз. Хаттар 1 желтоқсанға дейін қабылданады. Есімдері көп аталған адамдар жинаған ұпайлары бойынша реттеледі. Анкетаңыз құпия күйінде қалады, еш жерде жарияланбайды.