Абайдың қара сөздері - V сөз

V сөз
Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар: «Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр!» деп тілек тілегенін өзім көрдім. Онысы — жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нәрсесі жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың: әуелі — «Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал — адамның бауыр еті», «Малдының беті — жарық, малсыздың беті — шарық», «Ер азығы мен бөрі азығы жолда», «Ердің малы елде, еріккенде қолда», «Берген перде бұзар», «Алаған қолым — береген», «Мал тапқан ердің жазығы жоқ», «Байдан үмітсіз — құдайдан үмітсіз», «Қарның ашса, қаралы үйге шап», «Қайраны жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без» деген осындай сөздері көп, есепсіз толып жатыр.
Бұл мақалдардан не шықты? Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам жейді екен, бірақ ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малдыларды алдап алмақ яки мақтап алмақ екен, бермесе оныменен жауласпақ екен. Малды болса, әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен. Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшілік, соған ұқсаған қылықтың қайсысын болса да қылып жүріп, мал тапса, жазалы демесек керек екен.
Бұлардың жас баланың ақылынан несі артық? Бірақ, жас бала қызыл ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтан да қорықпайды екен. Жас бала ұялса, жерге ене жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен. Сол ма артылғаны? Қолымыздағыны үлестіріп талатпасақ, біз де өзіндей болмасақ, безеді екен. Іздеген еліміз сол ма?
Әрі қарай

Шарасыздық.

Досым әйеліне қатты ренжіп қалыпты — бір отбасында кейде болып тұратын қалыпты жағдай деуге келетін де, келмейтін де сияқты…
Шатақ неден шыққанын айтпады, айтқаны:
Әрі қарай

Бақытымызды өз шаңырағымыздан іздейік

Бір күні Қожанасыр көшенің қақ ортасында әр тұсқа бір қарап, шарқ ұрып сандалып, ары-бері ұзақ жүреді. Қожекеңді көргендер:
– Қожеке, не болып қалды? – деп жөн сұрайды. Сөйтсе Қожанасыр:
– Бір нәрсемді жоғалтып алып едім, соны іздеп жүрмін, – дейді көзін жерден алмастан. Жиналған жұрт Қожекеңді сыйлағандарынан жоғын табуға көмектеспек болып, бірге іздесе бастайды. Олар да ары-бері жүріп, айналадағы жердің бәрін көзбен сүзіп, шолып шығады. Жоғалған нәрсенің табыларынан күдер үзгенде бірі:
Әрі қарай