СҚО-ның тауар өндірушілері жәрмеңкеге 725 тонна өнім әкеледі

21-22 қазанда «Қазақстан» спорт сарайының көліктер тұрағында СҚО тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді деп хабарлайды елорда әкімідігінің медиа орталығы.

Ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесінде ет өнімдерінің – 78 тоннасы, макарон өнімдерінің – 5 тоннасы, балдың – 13 тоннасы, сүт өнімдерінің – 14 тоннасы, картоп пен басқа да көкөністердің – 559 тоннасы сатылады деп күтілуде.

Жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандары мен Петропавл қаласының 115-ке тарта кәсіпорны қатысады.
Әрі қарай

Алматыдағы көмір кезегі

Алматыдағы арнайы көмір сату орындарының басым бөлігі қазір бос. Көмірі бар орындарда — ұзын-сонар кезек. Сатушылардың айтуынша, үш-төрт күнде бір келетін төрт-бес вагон көмір жетпей қалады.
Әрі қарай

Елордалық мектеп оқушылары тәртіп сақшысы мамандығының қыр-сырымен танысты

Астана жаңалықтары: Елордалық мектеп оқушылары тәртіп сақшысы мамандығының қыр-сырымен танысты

16-20 қазан аралығында республика аумағында «Мен және менің полицейім» акциясы өтуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Елордалық оқушылар полицейлердің жұмысымен танысты. Балалардың тәртіп сақшысы жұмысының қыр-сырын танып білуіне «Мен және менің полицейім» акциясы себеп болды. Іс-шараны өткізу барысында орта буындағы мектеп оқушылары үшін жыныстық қол сұғылмаушылықпен байланысты құқық бұзушылықтардың, басқа да теріс қылықтардың алдын алу туралы дәрістер оқылып, сұхбаттасу жүргізілді. Оқушылар үшін арнайы техника мен қызметкерлерге қажетті керек-жарақтардың көрмесі, сондай-ақ Астанадағы Оқушылар сарайы алдында өткен жаттықтырылған иттердің көрмесі акцияның ұмытылмас сәті болды.

Алаңға ондаған патрульдік көліктер мен арнайы техника қойылды. 50-ге тарта полицей өз жұмысының ерекшеліктері жайлы әңгімелеп берді. Патрульдік көліктер, эскортты взвод, «Тигр», тікұшақтар мен басқа да мамандандырылған техника балалардың мамандыққа деген қызығушылығын арттырса керек. Оқушыларға көлікте отырып, оның ішін көріп, патрульдік көлікті басқаруға да рұқсат берілген болатын әрі олар вертолеттің жұмысынан хабардар болып, «Тигр» сауытының ішіне де кіріп көрді.

«Шараның мақсаты – полиция қызметкерлерінің жұмысын көрсету. Жұмыстың қаншалықты қиын әрі қызықты екендігін көрсетіп, оның қыр-сырын ашу. Болашақта өскелең ұрпақтың полиция қызметін таңдауы үшін де аталмыш акцияны өткізіп отырмыз, яғни оны кәсіби бағдарлау жұмысына да жатқызуға болады», — деді Астана қаласы ІІД ЖПҚ-нің ювеналды полиция бөлімінің бастығы Самал Ахмет.

Айта кетейік, көрмеден бөлек, акция барысында 5-7 сынып оқушылары үшін ҚР ІІМ-нің музейіне, Жедел басқару орталығына, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандарды қабылдағыш сияқты Астана қаласы ІІД-нің басқа да әкімшілік ғимараттарына экскурсиялар ұйымдастырылатын болады.
Әрі қарай

Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітаптар таныстырылды

Астана жаңалықтары: Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітаптар таныстырылды

Бүгін Астана қаласы әкімдігінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шығарылған кітаптардың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Кітаптар Астана қаласынның 20 жылдығын атап өту барысында қолға алынған шаралардың басы. Бірінші кітап Саухат Жұмагүлдің «Сағындырған асылдар» атты кітабы. Бұл кітапта қазақ ұлтының өнеріне, мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың еңбектері енген.

«Бұл кітапқа астанамыз Алматыдан Астана көшкенде Елордамыздың мәдени, әдеби ортасын қалыптастырып, өнер ордасын құруға атсалысқан ақын-жазушылардың ой тұжырымдары, толғаныстары еніп отыр», — деп атап өтті ішкі саясат бармасының басшысы Е.Каналимов.

Ал, қалған үш кітап блокнот ретінде шығарылған. Кітапта қаланың Бозоқтан Астанаға дейінгі қызықты, ғаламтор беттерінде жарық көрмеген тарихы айтылады. Шығарма қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шыққан. Оның құрылымы да айтарлықтай жеңіл болу үшін оқырманға Айя есімді робот көмектеседі.

«Астана қаласының тарихынан сыр шертетін заманауи кітап «Ел жүрегі — ажарлы қала Астана» деп аталып отыр. Кітап авторы Зәуре Төреханова. Ішінде екі кейіпкері бар екеу ара әңгімелесу арқылы Астананы таныстырып отырады», деп айтты Е. Каналимов.

Шара барысында Ерлан Каналимов оқырманның, кітап сүйер қауымның қалауымен, солар ұсынар тақырыптарға арнап кітап шығаруға біз дайынбыз соған сіздер атсалызсаңыздар деген тілегін жеткізді.

«Сіздер оқушылар, студенттер арасында сауалнама жүргізіп қазіргі заман оқырманын қызықтыратын тақырыптарды атасаңыздар. Біз оқырман сұранысына сай кітаптар шығаруға дайынбыз»,- деді ведомсво басшысы.

Шараға қаламыздың мектептерінің, колледждерінің тағы басқа білім ошақтарының кітапханашылары қатысты. Шара аясында оларға аталмыш кітаптар табыс етілді.
Әрі қарай

Astana.Live - жаңа блог-платформа

BlogCamp: Astana.Live - жаңа блог-платформа

Қазақ блогосферасына жаңа блог-платформа қосылды — Astana.Live

Astana.Live — Астаналық блогерлерге арналған блог-платформа.

Түрлі тақырып, айдарларда Астана қаласындағы жаңалықтар, мақалалар, афишалар, мультимедиа (фото, видео, аудио) жарияланады.

Кез келген пост түріне сауалнама қосуға болады және тіпті 1 сауалнама емес, бірнеше.

Қолданушылар барлық посттарға пікір жаза алады. Пікір жазу үшін тіркелу қажет.

Қолданушылар әр постқа баға бере алады. Үздік посттар, яғни 8+ алғандар автоматты түрде алғашқы бетке шығады.

Бір постты бірнеше айдарға салуға болады. Ол үшін алдымен өзне қажет айдарларға (блогтарға) қосылу керек.

Жеке немесе корпоративтік блог ашуға болады. Яғни Астанадағы мекемелер өз жаңалықтарын өз блогтарына жариялай алады.

Астаналық блогерлерге түрлі конкурстар ұсынылатын болады. Белсенді блогерлер сыйлықтармен марапатталады.
Әрі қарай

Астанадағы көмір сатылатын ірі орындардың мекен-жайлары белгілі болды

Астана жаңалықтары: Астанадағы көмір сатылатын ірі орындардың мекен-жайлары белгілі болды

Қатты отынды қала аудандарындағы 7 жерден сатып алуға болады деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Көмірді келесі мекен-жайлар бойынша сатып алуға болады: Ет комбинаты Көктал көшесі, 78 (Шұбаркөл), Жұбанов көшесі, 35 (Шұбаркөл), Сороковая станциясы Ж. Жабаев көшесі, 76 (Шұбаркөл), Герцен көшесі 6\2 (Кузнецтік Сарыадыр), Промзона, 4/39 «Кенмарттың» артында (Қаражыра), Бетон орталығы Дулатов көшесі, 182 (Қаражыра), Карьерная көшесі, 40 (Кузнецтік).

Толық ақпаратты «Жедел желінің» мына номірлері бойынша алуға болады: 55-69-17; 8-778-794-97-88; 55-68-99, 8-702-800-77-37.
Әрі қарай

Астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жақсарған

9 ай ішінде бас қаламыздың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жақсарған, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

2017 жылдың бірінші жарты жылдығында жалпы өңірлік өнім 2 318,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,9% өскен. ЖӨӨ үлесі ЖІӨ-10,8%-ға өсті.

ЖӨӨ жан басына шаққандағы 2 343,1 мың теңге, республика бойынша орташа көрсеткіштен 2 есе жоғары (1 198,6 мың теңге).

2 043 мың кв.м.тұрғын үй беріліп, 24,2% өсім көрсеткен.

Астанада шағын бизнесті дамыту аса маңызды санатқа жатады. Шағын кәсіпкерлікті дамыту динамикалық құбылыс. Жыл басынан бері ШОБ субъектілері 7,1%, бұл ретте, олардың шығарған өнім көлемі 55,8% өскен.

Оған жұмыс орындарын ашу және көбейту сеп болған. Жыл басынан бері елордада 14 234 жаңа жұмыс орны ашылған. Соның ішінде 12 060 орын шағын және орта бизнеске тиесілі.

Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметі бойынша 2017 жылдың 2 кварталында қаламызда жұмыссыздық деңгейі 4,5% құраған.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 12% өсім көрсетіп 746,8 млрд теңгеге ұлғайған. Өнеркәсіптік кәсіпорындар 9 ай ішінде 375,7 млрд теңгенің өнімін өндіріп 7,4% өсім көрсеткен, оның ішінде өндеу өнеркәсібі 7,2%, электрмен жабдықтау 9,8%.
Әрі қарай

Астанада Алашорда үкіметінің 100 жылдығына арналған конференция өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада Алашорда үкіметінің 100 жылдығына арналған конференция өтеді

27 қазанда елордада «Алаш мұраты және рухани жаңғыру: сабақтастық пен жалғастық» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Алаш автономиясы және Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орайластырылған шара Астана қаласының әкімдігі, Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтпек. Конференцияның мақсаты: Алаш автономиясының, Алашорда үкіметінің, «Алаш» партиясының идеяларын және елді тәуелсіздік мұратына ұйыстырған Алаш арыстарының мұраларын насихаттау, мемлекет тарихын көпшілікке дәріптеу, патриоттық қоғамды қалыптастыру.

Алқалы жиын барысында 1917 жылғы жалпы қоғамдық-саяси жағдай; Алашорда көсемдерінің қызметі; Алаш Ренессансы және ұлттық рухани жаңғыру тақырыптары бойынша баяндама жасалып, Елбасы алға тартқан «Рухани жаңғыру» идеясы мен Алаштың негізгі ұстанымдары арасындағы сабақтастық көрсетілетін болады.

Конференцияның жұмысына белгілі алаштанушылар, ғалымдар, қаламгерлер, депутаттар, мемлекеттік мекемелердің, саяси партиялардың, музей-кітапханалардың, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің, оқу орындары мен мектептердің және бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері мен өкілдері, жас ғалымдар мен мамандар, оқытушылар мен студенттер қатысады деп күтілуде.

Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының таратылған хабарламасында көрсетілгендей, конференция жұмысына азаматтар өз еркі бойынша да қатыса алады. Ол үшін ниет білдірушілер ұйымдастырушылармен байланысқа шыға отырып, конференция тақырыбына сай қазақ, орыс, түрік тілдеріндегі материалдары мен баяндамаларын (мақалаларын) 23 қазанға дейін e.ensebaev@astana.kz электрондық поштасына жолдауы керек.

Конференцияға қатысушыны тіркеу үлгісі
Әрі қарай