Келесі жылы астанада 14 жаңа мектеп салынады

Жаңа мектепті жобалау жаңартылған құрылыс нормалары және ережесі (ҚНжЕ) бойынша жүргізіледі, яғни мектептің құрылысын 1200 емес, 2500-3000 орынға лайықтап салуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Президент Жолдауын түсіндіру бойынша халықпен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Таяу 5 жылда қалада 37 мектептің құрылысы мен 10 жапсарлас құрылыстың жұмыстары аяқталады. Оның ішінде 4 объекті осы жылы пайдалануға беріледі.


«2019 жылдың соңына дейін тағы да 14 объекті беріледі. Жаңа мектепті жобалау жаңартылған ҚНжЕ бойынша жүргізіледі, яғни мектептің құрылысын 1200 емес, 2500-3000 орынға лайықтап салуға мүмкіндік береді. Осылайша, біз 5 жыл ішінде астананың құрылғанына 20 жыл толса, соншалықты тұрғыда жаңа оқу орындарымен қамтамасыз ете аламыз», — деді Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.


Е. Аманшаев осындай шаралардың арқасында осы жылы 11-ден 5 мектепке дейін үш ауысымды режимдегі мектептердің саны азайғанын айта кетті. Келесі жылы үш ауысымды оқыту мәселесі толығымен алынып тасталады. 


Мектепке дейінгі білім беру жүйесі реформаланады

Білім және ғылым министрлігі Елбасы Жолдауын жүзеге асыру бойынша мұғалімдерге арналған ұлттық тестілеу жүйесі сияқтымектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәлімгерлерін де тестілеуді жоспарлап отыр. Тест қорытындысы бойынша тәлімгерлер категория алып, соған сай еңбекақы алатын болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Қазір мұғалімдердің мәртебесін көтеру бағытында, олардың жалақы, сапалы білім беру үшін барлық қажетті жағдай жасалуда. Елбасы тапсырмасы бойынша 2-3 айда «Педагог мәртебесі туралы» заң әзірленіп, қабылданады. Онда педагогтардың әлеуметтік мәртебесін арттыру, оқу жүктемесін қысқарту және керексіз тексерулер мен басқа да шаралардан қорғау қаралған.


Елбасы Жолдауында білім саласының дамуы да айтылды. Онда балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету, ортақ программа енгізу және тәрбиешілердің білім сапасын жақсарту.


Бүгінгі таңда осы бағытта МЖӘ жақсы дамыған. Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар сандық үлесі 30 % құрайды. Бұл әлемдік көрсеткішке сай. «Балапан» бағдарламасының аясында 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 95 %. Астана бойынша – 80 %. Елбасы тапсырмасы бойынша 2019 жылы бұл көрсеткіш  100 %-ға жетуі тиіс», — деді ҚР БҒМ-нің стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департамент ди⁠ректоры Бахтияр Маликов.


Оның сөзінше, мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиенің ортақ бағдарламасы жасалып бекітілген. Мектепке дейінгі білім беру орталықтары мұғалімдері мен тәрбиешілерінің білімін көтеру бағытында біліктілікті арттыру курстарын ашу жоспарланған.


Курстар дайын. Бірақ, бізде жылына курстан 1000 тәрбиеші өтеді. Біздің ендігі мақсатымыз олардың санын 1000-нан 15 000-ға дейін өсіру. Сонда біз екі жылдың ішінде барлық тәрбиешілерді қамтитын боламыз», деді ол.


Сонымен қатар тәрбиешілерге мұғалімдерге арналған сияқты ұлттық тест жасалатын болады. Соның қорытындысы бойынша олар категория мен тиісті еңбек ақы алатын болады.


«Бала қауіпсіздігіне байланысты айтар болсақ қазір еліміз бойынша мектептердің 80 %-ы, ал балабақшаның 60 % бейнебақылаумен жабдықталған. Астанада мектептер 100 %, балабақшалар 62 % қамтамасыз етілген. Бұл жақсы көрсеткіш. Елбасы тапсырмасына байланысты бұл көрсеткіш 100 % болуы тиіс», деді Маликов.


Оның сөзінше, мектеп психологтарының жұмысы күшейтіліп жатыр. Осы бағытта БҒМ мен шетелдік мамандардың атсалысуымен ортақ бағдарлама жасалған. Психологтардың біліктілігін арттыруға арналған ұлттық тест енгізіледі. Соның қорытындысы бойынша оларда жаңа категория алып еңбекақыларын көтере алады. 


Сайрагүл Сауытбай Назарбаевтан көмек сұрады

Әлеуметтік желіде де Қытайдағы қазақтардың жайы жиі талқыланады. Бірер күннен бері желідегі белсенділер президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жазып, қол жинап, Сайрагүл Сауытбайға азаматтық беруді сұрап жатыр. Бұған дейін Сайрагүлдің адвокаты оған босқын мәртебесі берілмегенін айтқан.

Елорда ұстаздарына латын әліпбиінің емле ережесін түсіндіруге арналған семинар-тренинг өтті

Семинар-тренингті Тілдерді дамыту және архив ісі, Білім басқармалары және Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бірлесіп өткізуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» іске асыру мақсатында Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі, Білім басқармалары және Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бірлесіп, «Латыннегізді әліпби және емле ережесі» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингке Астана қаласының мектептерінен бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Аталған іс-шарада жаңа емле ережесінің жобасы таныстырылып, кейбір дыбыстарға, шет тілінен енген сөздердің жазылуына қатысты пікірлер тыңдалып, сауалнама, сондай-ақ диктант жазу арқылы латын графикасын жазуда кездесетін кедергілерді анықтау жұмыстары жүргізілді.

«Латын әліпбиіне көшу «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір тармағы және сол бағдарлама аясында өткізіліп отыр. Қазір латын ғарпінің емле ережесінің жобасын дайындаған Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жоба үлгісін талқылауға салып жатыр. Осы мақсатта жалпы Астана қаласында медицина, білім салаларында және жалпы халықтық талдау үшін латын әліпбиі бойынша түсіндірме жұмыстары, ережесін талдауда үлкен жұмыстар жүріп жатыр», — деді Астана қаласы Тілдерді дамыту жəне архив ісі басқармасының тілдерді дамыту, талдау жəне ұйымдастыру бөлімінің басшысы Нұрзила Қасқатаева.

Осындай семинар-тренинг 19 қазан күні мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар аудармашыларының қатысуымен өтеді. Негізінен халық арасында латын әліпбиінің емле ережесін түсіндіру жұмысын басқарма 10-шы қазан мен 19 қазан аралығында ақпараттық күндер жоспар негізінде атқаруда. Тіл мамандары баспа мамандарымен, газет, журнал корректорларымен кездесу өткізуді де жоспарлап отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар болашақта да жалғаса бермек.

Ел ертеңін бірге қамтамасыз етейік!

Күніне неше адам түрлі қылмыс жасайды? Жұмыс беруші сіздің танысыңызға жалақысын бермей қойды ма? Жас бала неліктен толық жұмыс уақытын өтеуі тиіс? Қылмысты кім және не үшін жасайды? Біз тәртіпті қалай орнатамыз? Осы сұрақтар күнделікті сіз бен біздің мазамызды алады. Уақыт өткен сайын адамдардың ақыл-ойы санасы дамып келеді. Шығыстың ұлы ойшылы, әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби «тәрбиесіз берілген білім адамзаттың хас жауы» деген болатын, демек тәрбие мен тәртіп болмаған жерде шектен тыс ақылдылық қоғамға қауіп тудырады. Заман мен ғалам қатар дамыған сайын, қылмыс түрлері де, оны жасаушылар да көбейді.Олай болса қылмыс деп нені атаймыз?!
Қылмыс — қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыс — бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі. Ал мұндай қауіпті істі конституциялық тұрғыда әшкерелеумен әрі жазалаумен әрбір адам айналыса бермейді. Оны тек заң саласында қызмет ететін азаматтар ғана біледі және содан туындайтын мәселелерді шешеді. Егер сіздің ойыңызда отанға деген борышты өтеу үшін заң жолымен тәртіп орнату көзделсе, бірінші дұрыс «иммунитеті» мықты жерден білім алған дұрыс. Бұл атқа меніңше, еліміздегі ұлттық оқу орындары рейтингісінде көш бастап тұрған әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әбден лайық.
1955 жылы Алматы заң институтының негізінде Қазақстанда ең алғашқы заңгерлер дайындайтын мемлекеттік жоғары оқу ордасында заң факультеті құрылды. Ол қазіргі заманға сай әдістерді қолданып, жоғарғы деңгейдегі заң мамандарын даярлады. Заң факультеті өзінің 63 жылдық тарихында 35 мыңға жуық құқық саласындағы маманды, яғни сот, прокуратура, ішкі істер органдары мен мемлекеттік қауіпсіздіктің жоғары білікті жауапты қызметкерлерін, нотариустарды, адвокаттарды, заңгерлерді дайындап шығарды. Факультетте ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., профессор С.С. Сартаев; з.ғ.д., профессор Д.Л. Байдельдинов, з.ғ.д., профессор А.Н. Ағыбаев, отызға жуық доктор мен профессорлар, 80-тен астам ғылым кандидаты мен доценттер, 12 PhD докторы, оқытушылар жұмыс жасайды. Сонымен қатар ҚР Парламентінен, ҚР Конституциялық Кеңесінен, ҚР Жоғарғы Сотынан, ҚР Президенті Әкімшілігінен, ҚР Бас Прокуратурасынан, ҚР Үкіметінен және құқық қорғау органдарынан жоғары кәсіби тәжірибелі мамандар ашық дәріс сабақтарын өткізіп тұрады. Білімді тек кітаптан емес, практик мамандардан қатар алатын заң факульететінің студенттері қай кезде болмасын сұранысқа ие болды. Ірілі ұсақты компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар үшін заңгер маманы аса маңызды, сол себепті де дарынды маман иесі ешқашан есік аузында қалмас.
Заң факультеті нарықтық экономика жағдайында демократиялық құқықтық мемлекетті қалыптастыруға қабілетті, жоғары білікті кадрларды дайындау бойынша жалпыға бірдей тапсырмалар енгізілді.

Астана климат жөніндегі Париж келісімінің міндеттерін орындауға кірісті

Елорда Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы жүзеге асыру, сонымен қатар атмосфераға парник газының шығарындылар көлемін төмендету бойынша жол картасын бекітті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Климат жөніндегі Париж келісімінің міндеттерін орындау мақсатында Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Қазақстандағы экологиялық ұйымдар ассоциациясы, Азиялық даму банкі, Қайта жөндеу және даму Еуропалық банкі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы және Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасымен бірге «2030 жылға дейін Астана қаласының төменкөміртекті даму стратегиясын» әзірлеу басталды.

«2030 жылға дейін Астана қаласының төменкөміртекті даму стратегиясын әзірлеу бойынша» жол картасы бекітілді, ол бес бөлімнен және 21 іс-шарадан тұрады. Аталмыш стратегияны әзірлеу үшін 13 адамнан құралған сараптау тобы құрылды.

Бүгінгі таңда сараптау тобымен елорданың қазіргі экологиялық жай-күйі бағаланды, Астана қаласын дамыту бойынша стратегиялық құжаттар талданды және Астана қаласының жанар-жағармай энергетикалық және көлік саласындағы энергоресурсты тұтыну бойынша техникалық ақпарат базасын жинау жүргізілді.

ЕРКЕК-БАС,ӘЙЕЛ МОЙЫН

Әйел затының жалпы қыз-келіншектердің өмірде алар орны ерекше. Қазақта қыз балаға қатты мән берген.Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма-деген сияқты сөздерді қыз баласының құлағына құйып, мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеген. Барған жерде бағының ашылуын үйде отырып қамдаған. Сондай-ақ қыз баласы үлкен өмірге қадам басып, отбасын құрып, ана атанған сәттен бастап, өзінің тәрбиесін балаларына көрсетеді.
"Әйелдің қырық жаны бар" демекші әйел заты бір қолмен бесік тербетсе, екінші қолмен әлемді тербететін жаратылыс иесі. Әйел адам өте нәзік жанды келеді. Сол нәзіктігімен, еркелігімен, сабырлығымен, батылдығымен қоса ол барлық ауыртпашылықты, қиыншылықты жеңіп шыға алады. Ер адамға қарағанда қаншалықты, көп сөйлесе соншалықты уайымшыл келеді. Біздің халқымызда "Қыз" деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың символы ретінде қолданылады.
Сондықтан да бұл нәзік жандылардың қоғамдағы ерекше орны бар, отбасының бір бөлшегі, алтын қазығы екендігін нақты айта аламын. Ақылды, инаббаты, шынайы, қарапайым қыздарымыз көбейсе ұлттың болашағы да жарқын. Өзінің қоғамдағы орнын жоғалтпай, ата-бабаларымыздың көрсеткен сый-құрметін сақтап, өскелең ұрпаққа үлгі болса, ертеңгі қазақтың дана анасына айналары сөзсіз.

«ҚТҚЖБ» АҚ тұрғын үйі» және «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша Бағдарламасына қатысушылардың келіп түскен өтініштер тізімі

Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының тұрғын үйі бағыты арқылы пәтер алуға өтініш білдірген азаматтардың тізімін жариялады.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі 2018 жылғы 31 шілдедегі № 540 бұйрығымен бекітілген «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде жеке құрылыс салушылар салған және (немесе) олардан сатып алынған тұрғын үйлерді іске асыру қағидаларына сәйкес халықтың барлық санаттары үшін Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Қазақстандық Ипотекалық Компания» Ипотекалық ұйымы» АҚ және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы арқылы сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй алу бағдарламасына қатысушылардан түскен өтініштер тізімін жариялайды.

Халықтың барлық санаттарына арналған «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша Бағдарламасына қатысушылардың келіп түскен өтініштерінің тізімі

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша Бағдарламасына қатысушылардың келіп түскен өтініштерінің тізімі