АҚТӨБЕ 2012

Жаңа Жылды отбасыммен сонда қарсы алмақпын. Ақтөбелік амиголармен сонау 2009 да алғаш кездесіп едім. Аршат, Ерлан Оспан екеуін. Сол кездесуден соң жаңа заңға қарсылық ретінде бірнеше блог жабылып еді, естеріңде болса.
Қазір Техно да, Асау да Ацсотонада. Ақтөбе жамағаты болса жаза отырыңдар, бәлкім жүздесудің реті түсер.
Әрі қарай

Қазақ vs Қырғыз

Казак акындарына Аалыдан жооп


осыны естіп алған Ринат бауырымыз Аалыны сахнада сөзбен тоңқарып кетті. Алайда соған қарамай қырғыз бауырымыз 2-4 желтоқсанда Астанада Т20ға арналған айтыста үшінші орынды қанжығасына байлап қайтты. Ұзын құлақ қазылардың әділетсіздігінен кейін Ринат финалға шықпай қойды дит. кім білсін?..
Әрі қарай

Ақтаудағы кейбір жарнама

«Тумба» газетінің Beeline компаниясымен бірлесе жасаған байқауының жарнамасы. Өткен аптадағы санында да дәл осылай шыққан. Бұл жолы қателерін түзер деген ойым бекер екен. Бір қызығы, тақырыбына қатемен жазып, мәтін ішінде дұрыс көрсеткені.

Мына төмендегі суреттің сапасының нашарлығы үшін кешірім сұраймын. Мен түсінбеген нәрсе: астыңғы тұста ҚОНАҚТЫ: БАҚЫТ АЛТАЙ делінген. Бәлкім, айтпағы, кеш қонағы — Бақыт Алтай шығар.

Осы сынды қателерді ТВ-дағы жүгіртпе жарнамадан да, жергілікті жарнама роликтерінен де байқау қиын емес.
ПыСы: қате теру — мақсат емес. Шартты түрде байқайм.Әлде Ақтау тұрғындары үйреніп кеткен бе? «Жарнама мәтініне жарнама беру жауапты» екенін ескеріп, тапсырыс берушілер жарнама өнімдеріне мұқият болса екен деген тілек.
Әрі қарай

Қазақстанда интернеттегі заңсыз контент туралы мәлімет қабылдайтын “шұғыл байланыс” желісі құрылды

Қазақстанда заңдарды бұзатын интернет-контент туралы мәлімет қабылдайтын “шұғыл байланыс” желісі құрылды.

Қоғамдық ұйымның күшімен “Safekaznet.kz” ресурсын құра отырып, біз заңсыз контентке қарсы күресу тұрғысынан нақты қадам жасаудамыз.

Біз Қазақстанда ғана емес, шетелдерде көптеген интернет ресурс иелерімен белсенді жұмыс жүргізудеміз”, — деп “Қазақстанның интернет қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Владимир Төреханов бүгін Алматыда “Қазақстан қауіпсіз интернет- кеңістігі: қоғам мен бизнес міндеттері” атты “дөңгелек үстел” отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, шұғыл желі мамандары балалар порнографиясын қамтитын, терроризм мен экстремизмді, есірткіні, қылмысты насихаттайтын сайттар туралы мәліметтер мен өзге интернет қауіптерге қарсы әрекет етпек.

Бүгінгі таңда “шұғыл желі” сайтына төрт мәлімет келіп түскен. Олардың бірінде шетелдік интернет ресурс атына шағым түскен.

kaz.gazeta.kz/art.asp
Әрі қарай

Абайдың қара сөздері - VII сөз

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі — ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар — тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі — білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі — жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?
Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» — дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.
Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.
Әрі қарай