2016 жылы Астанада қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны кеңейтіледі

Астанада қалдықтарды басқарудың өңірлік бағдарламасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Елорданың қоқыс өңдеу кешені Астана-Павлодар тас жолының алтыншы шақырымында орналасқан. Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонының 1-ші ұяшығы аумағында жиналған қалдықтардың жалпы көлемі 2,7 млн тоннаны құрайды. Ұяшықтар 2016 жылы әбден толады деп күтілуде. Қазіргі кезде келер жылы тапсырылатын ауданы 15,1 га екінші ҚТҚ полигонын салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.