Жетісу жерінде «QazTalks» алаңы

Алматы облысы: Жетісу жерінде «QazTalks» алаңы
Орталық коммуникациялар қызметі Алматы облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесіп Талдықорған қаласында «QazTalks – ашық әңгіме алаңы» жаңа жобасын өткізді. Жетісу жерінде болған ашық әңгімеге түрлі саланың көшбасшылары, қоғамға белгілі адамдар қатысты. Орталық коммуникациялар қызметінің Алматы облысы аймақтық бөлімі тұңғыш рет бейресми баспасөз шарасын өткізуде.
«Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директоры Артур Нығметов өзінің алғы сөзінде: «QazTalks ашық әңгіме алаңы» ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген бірқатар идеяларды жүзеге асыруға арналған жиын екенін атап өтті. Сонымен қатар, Орталық коммуникациялар қызметінің мемелекеттің ақпараттық саясатын дұрыс бағытта жүргізетін іс-шаралары туралы айтты.
Саясат майталмандары «Астана» халықаралық қаржы орталығының атқарушы директоры Нұрбек Саясат, «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғали өз ойларын ортаға салды.
Ал ғылым-білім саласын сараптаған ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек болды. Ерден Қажыбек аудитория алдында латын қаріпіне көшу тиімділігі жайлы ой бөлісті. Спикердің айтуынша, 1926 жылы Қазақстанда қайтадан Жаңа әліпбешілер қоғамы құрылып, оның құрамында Ж.Чомбалов, Т.Рысқұлов, Т.Шонанов, А.Байсейітов, Б.Майлин болған. 1927 жылы 19 қарашада Қызылордада латын әліпбиін қолдайтын «Жаңа қазақ» әліпбиінің орталық комитеті құрылады. Алайда, қызыл саясаттың құрбаны болған бастама аяқсыз қалған.
Бүгінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген міндеттердің бірі − латын әріпіне көшудің тиімділігін өз баяндамасында түсіндіріп берді. Сонымен қатар, белгілі журналист-жүргізуші, «Жетісу» телеарнасының директоры Бейсен Құранбек пен аталған арнаның «Жаңалықтар» қызметінің жетекшісі Есболат Айдабосын «QazTalks» алаңына шықты.
Спикерлер ақпараттық кеңістіктегі жаңа коммуникациялар туралы өз тәжірибе- идеяларымен бөлісті.
Әрі қарай

Астанада кәсіби бокс кеші өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада кәсіби бокс кеші өтеді
9 қыркүйекте «Сарыарқа» велотрегінде ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған кәсіби бокс кеші өтеді. Көптен күттірген бокс кеші өтпек, атап айтқанда бокс саңлақтары Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасында жекпе-жек өтеді.

Кештің басты айқасында қарсыластар 1-ші орта салмақ дәрежесінде WBA Inter-Continental және WBO-NABO версиясы бойынша титулға өзара бақталасады. Айта кеткен жөн, қазіргі уақытта біздің еліміздің мақтанышы, бокс саңлағы – Қанат Ислам — бұл титулдардың иегері.

Рингте танымал қазақстандық боксшылардың қатысуымен 8 жекпе-жек өтеді. Олардың ішінде — Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Али Ахмедов, Айдос Ербосынұлы, Димаш Ниязов және Руслан Жаңайбаев сынды мықты спортшылар бар.
Бүгін, 4 тамызда Қанат Ислам, Жанқош Тұраров және Нұрсұлтан Жаңайбаев жаттықтырушылардың делегациясымен Нельсон Лопестің басшылығымен Алматыдан Астана қаласына келеді.

Кәсіби бокс кешінің Бас серіктесі – ҚР мәдениет және спорт министрлігі, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры, Астана қ. әкімдігі, ZHERSU” инвестициялық өндірістік корпорациясы, «QAZAQ Promoutions» және «Nelson Promotions» промоутерлік компаниялары.
Әрі қарай

Қостанайлықтар Астанаға өз өнімін әкеледі

5-6 тамызда сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін «Қазақстан» спорт кешенінің аумағында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Азық-түлік өнімдері Қостанай облысының 3 қаласынан, 11 ауданы мен 50 кәсіпорнынан әкелінеді.

Жалпы 650 тонна ауылшаруашылық өнімдері жеткізілмек, оның ішінде: ет және ет өнімдері – 33 т, сүт өнімдері – 90 т, шұжық және еттің жартылай дайын өнімдері – 59 т, жарма және макарон өнімдері – 52 т, нан және тоқаш өнімдері – 57 т, ұн – 93 т, 2000-нан астам жұмыртқа.

Азық-түлік өнімінің 100-ден астам түрі ұсынылады.

Айта кетейік, қала тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін жәрмеңкеде базардың бағасынан төмен сомаға сатып ала алады.
Әрі қарай

Астанада "Парыз" флешмобы өтті

Астана жаңалықтары: Астанада Парыз флешмобы өтті

Елордалық «Promenade Expo» ТК-нің аумағында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының 10 жылдығына арналған флешмоб өтті.

Өткен жылдың жеңімпазы «Bi Holding» ЖШС және «Астана жастары» КММ еріктілері тұрғын үй бөлігінің бірінде аталмыш шараны өткізді.
Әрі қарай

Астанада латынша басылған кітаптардың көрмесі өтеді

4 тамызда сағат 14.00-де «MEGA Silk Way» ОСО-да «Qazaq kitaptary 1929-1940» шарасы өтеді.

Көрмеде 1929-1940 жж. аралығында латынша басылған оқулықтар, көркем және шетел әдебиеті, мерзімді басылымдар ұсынылатын болады.

— Қазақ тілі үшін латын қаріпіне көшу қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралардың бірі, қоғамдық сананы серпіндірудің жолы. Елбасы жыл сайынғы Жолдауында біздің қаріпімізді латын қаріпіне 2025 жылға дейін ауыстыру қажет екенін атап өткен болатын, — дейді ұйымдастырушылар.

Естеріңізге салайық, латын қарпі елімізде 1929-1940 жж. аралығында ресми түрде қолданылған болатын. Аталмыш көрме «Men qoldaimyn» бағдарламасы аясында "Қазақстан-2050" жалпықоғамдық қозғалыс пен ҚР Ұлттық академиялық кітапxананың қолдауымен өткізілуде.
Әрі қарай

Ірі қала басшылары Астанада кездеседі

19 және 20 қазанда CREW (Commercial Real Estate Week) коммерциялық жылжымайтын мүлік жылсайынғы аптасының аясында Астанада «CRE Central Asia 2017» жылжымайтын мүлік мәселелері бойынша Орталық-Азия форум өтеді.

Қытай, Сипгапур, Франция, Ұлыбритания, Канада елдерінің жылжымайтын мүлік бойынша халықаралық сарапшылары, құрылысшылар, сәулетшілер, мемлекеттік құрылыс және бизнес қауымдастықтың өкілдері мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын ғана емес, сондай-ақ заманауи технологияларды енгізу, мейрамхана бизнесін және фуд-рейтелді дамыту мәселелерін талқылап, жылжымайтын мүлік нарығы бойынша статистикалық мәліметтерді ұсынады.

— Шара Тәуелсіздік сарайында Астана қ. әкімдігінің қолдауымен өтеді. Біздің басты мақсатымыз – сарапшылардың тәжірибе алмасуы және жылжымайтын мүлікті дамытуға қатысты өзекті мәселелерді шешуі үшін келіссөздер алаңын құру, — деді ұйымдастырушылар.

Орталық-Азия өңірінің және Ресейдің ірі қалаларының басшылары кездеседі, бұл кездесу форумның басты оқиғасы болмақ.

Әсет Исекешевтің шақыртуы бойынша Ашхабад, Баку, Қазан, Екатеринбург, Новосібір және Тбилиси сынды қалалардың басшылары елордаға келеді.

Екі күн бойы форум қатысушылары Астана мен Алматыда өткен EXPO 2017, Универсиада (2017) және Азиада (2011) сынды ірі шаралардың инфрақұрылымдық мұрасына арналған мәселелерді талқылайды.

Форум делегаттарын түрлі білім шаралары күтуде: тренингтер, практикалық семинарлар мен шеберлік сабақтар. Форум жыл сайынғы «Commercial Real Estate Awards 2017» жылжымайтын мүлік саласында кәсіби премиясын табыстаумен аяқталады.
Әрі қарай

Астанада Қостанай облысының мәдени күндері өтеді

2017 жылдың 5 – 9 тамызы аралығында Астана қаласында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған Қостанай облысының күндері өтеді.

Осы күндер аясында Қостанай облысының үздік қайраткерлері өнерін көрсететін Мәдениет күндері ұйымдастырылатын болады: суретшілер, мүсіншілер, қолөнер шеберлері, филармония және театр әртістері, спорттық жарыстар және өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің Жәрмеңкесі.

Қостанай облысы күндері шеңберінде сіздер келесі шараларға куә бола аласыздар:

5 тамызда, 21.30 с. – ЭКСПО амфитеатрында– Қостанай облысы Мәдени күндерінің ашылу салтанаты және өңірдің үздік шығармашылық ұжымдарының Гала-концерті;

6 тамызда, сағат 15.00-ден 20.00-ге дейін – «Қазанат» атшабары — «Шырқар әнім туған өлкем – Қостанай!» концертінде Қостанай облысындағы халық әндерін үздік орындаушылар, сондай-ақ, Елубай Өмірзақов атындағы Облыстық филармониясы шығармашылық ұжымдарының өнерін тамашалауға болады;

6 тамыз күні сағат 18.00-де — Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында – Ілияс Омаров атындағы Облыстық қазақ драма театрының Ыбырай Алтынсаринге арналған «Дала шамшырағы» спектаклі өтеді;

7 тамыз күні сағат 19.00-де – М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс театрында – облыстық орыс драма театрының Ахмет Байтұрсынов пен оның жұбайы Бәдрисафаға арналған «Любовь и смерть Ақ келін» спектаклін тамашалауға болады;

7 тамызкүні сағат 19.00 –де – Астана қаласының орталық алаңында – «Славянская песня» орыс халық аспаптар оркестрі мен ансамблінің «Музыка-душа народа» вокальдық-поэтикалық бағдарламасын көре аласыздар;

8 тамыз күні сағ 19.00-де — Астана қаласының Орталық алаңында — «Костанайские зори» би ансамблінің «Сиқырлы би әлемі» хореографиялық шолуы болады;

9 тамыз күні сағ.19.00 -де – Астана қаласының Орталық алаңында -Қостанай облысы Мәдени күндерінің жабылу салтанаты, концерттік Big-band пен «Нью-бойс» тобының «Достармен бірге заманауи әуен аясында» джаздық шолуы.

Сонымен қатар,31 шілде мен 9 тамыз аралығында Этноауылдың («Қазанат» атшабары) «Қолөнершілер» секторында Қостанай облысының 20 қолөнер шеберінің «Туған жер құшағында» экспозициялық көрмесі шақырады.

5 және 6 тамыз күндері «Қазанат» атшабарында көріністер көрсетіліп, спорттың ұлттық түрлері бойынша жарыстар өтеді: Қыз қуу, Аударыспақ, Жамбы ату, Тоғызқұмалақ, Қазақ күресі, Аламан бәйге, Құнан бәйге.

Сонымен қатар 5 және 6 тамыз күндері «Қазақстан» спорт кешенінде Қостанай облысының14 ауданы мен қалалары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен Жәрмеңке өтеді, онда шұжық, сүт, кондитерлік, ұн және макарон өнімдерінің түрлері және басқа да өнімдер тауар өндірушілердің бағасымен ұсынылады.
Әрі қарай

Астанада жас ақындар байқауы өтеді

Қазақстанның жас ақындары сөз саптаудың байқауына қатысып, туған жерге деген ыстық махаббатын, ықыласын білдіре алады.

— Н. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласын іске асыру аясында Астана қ. Жастар саясаты мәселелері жөнінде басқарма ҚР мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл толуына орай жас ақындар байқауын өткізеді, деді баспасөз-конференциясы барысында Астана қ. Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Асхат Оралов.

Байқаудың негізгі тақырыптары – туған жерге деген махабатты насихаттау, арттыру.

Жас ақындар сайысы ҚР мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналып отыр. Оған 16-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатыса алады.

Сайыс 3 кезең бойынша өтеді. Бірінші – байқауға қатысу үшін өтініш қабылдау, өтінішті 5 тамыз-5 қыркүйек аралығында bm_30@mail.ru электронды поштасына жолдау керек. Екінші кезең – қазылар алқасы өтініштерді қарау бойынша жиын өткізіп, үміткерлерді іріктейді. Үшінші кезеңде жеңімпаздар анықталып, байқаудың қорытындысы бойынша марапатталады.

Байқаудың жеңімпаздары I, II, III деңгейдегі дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Әрі қарай

Астанада мінəжат орындарының картасы пайда болады

Елорда әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтің төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуы бойынша жиналыс өтті.

Бағдарлама жобаларының бірі — Қазақстан астанасының тарихи-мәдени мұраларын біріктіретін «Киелі Астана» картасы болмақ.

Ермек Аманшаев Астана өлкесінде көне түрік кезеңіне жататын археологиялық нысандар барын айтты. Бұл барлық ескерткіштер «киелі картаға» енуі керек және тарихи-мәдени мұраларды тереңінен зерттеу үшін жұмыс тобы құрылуы тиіс. Оның құрамында біздің ғалымдар, археологтар, тарихшылар, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері болады.

Елорда әкімінің орынбасарының сөзінше, «Киелі Астана» астана өмірінің бірнеше компоненттерін біріктіреді.

-Киелі карта – бұл бір жағынан, өлке тарихын зерттеудің баға жетпес көзі, екіншіден, өз жеріне, елордасына деген сыйластық пен патриоттық сезімнің қалыптасуына негіз болады. Үшіншіден, туристік кластердің креативті құрамы болуы керек.

Әкімнің орынбасары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттелігі туралы айтты және бағдарламада көрсетілген барлық бағыттарды жүзеге асыруға бағытталған шараларды белгіледі.

Мұндай шаралардың ішінде «Бозоқ» қалашығына мәдени-ғылыми экспедиция жасау, жас өлкетанушылардың қалалық слеті мен форумы, білім мекемелерінде «Туған жер – рухани жаңғыру» тақырыбында сынып және кураторлық сағаттар өткізу, тағы да басқалар.

Сонымен қатар жиналыста Астананың жас патриоттар клубы мен қаланың «Рухани жаңғыру» шығармашылық интеллигенциясының кеңесін құру айтылды. Топ құрамында мәдениеттанушылар, тарихшылар, өнер қайраткерлері, археологтар, және қаланың талантты, жасампаз жастары болады.
Әрі қарай

Елбасының тапсырмасы бойынша елордада «Астана - рухы мықты адамдардың қаласы» бағдарламасы іске асырылуда

Астана қ. жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы «Нұр Отан» елордалық қалалық филиалымен бірлесе отырып 2017-2018 жж. мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы орта жасауға бағытталған «Астана-рухы мықты адамдардың қаласы» атты бағдарлама әзірленді.

Бағдарлама орталық саябақта таныстырылды. Оған «Нұр Отан» елордалық қалалық филиалының, әкімдіктің, қалалық басқармалар мен мүмкіндігі шектеулі жандар ассоциациясының өкілдері қатысты.

Бүгінде Астанада шамамен 22 мың мүмкіндігі шектеулі адам тұрады.

— Жұмыс бірнеше жыл қатарынан үздіксіз әрі тұрақты түрде жүргізілуде. Біз қаладағы жағдайды ескере келе, мүмкіндігі шектеулі жандарды жинап, олардың өмірін жақсартуға бағытталған жоспар әзірледік. Астана — жылдам дамып келе жатқан қала, Елбасымыз тұрғындар мен қонақтар үшін, әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандар үшін шаһарды қолайлы етуді тапсырған болатын, — деді жиналған қауымның алдында сөз сөйлеген Әсет Исекешев.

Астана қаласының әкімдігімен елордалық прокуратура бірлесе отырып, ақпан айында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін Астана қаласының инфрақұрылым нысандарында демалысты қамтамасыз етуде қолайлы жағдай жасау бойынша жол картасы әзірленді. Оның үстіне сәуір-шілде айлары аралығында аптаның әр сейсенбісінде прокуратурада қалалық басқармалар мен аудандық әкімдіктің өкілдерімен жиналыс өткізіліп тұрды. Жиналыс барысында атқарылған жұмыстың нәтижелері талқыланатын.

Автомобиль жолдары басқармасымен қаланың көше-жолдар жүйелерін бейімдеу бойынша шаралар қабылданды. Атап айтқанда 135 қиылыста 1061 көрсеткіш тақта, жаяу жүргіншілердің өтпежолы үшін жарықпен жабдықталған 84 арнайы құрылғы, 70 «Мүгедек» жол белгісі орнатылды.

Жер үсті тактильді мәрмәр жабдығымен жабық жылы павильондарда 25 аялдамалық павильонды ауыстыру бойынша жұмыс атқарылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көлік тұрағы үшін 36 аялдамалық орын орнатылды. Жол-көлік жүйелерін бейімдау бойынша жұмыс жалғасуда.

1025 автобустың 609-ында мүгедек жандардың қиындықсыз қозғалуы үшін көліктен шығуға арналған арнайы жабдық орнатылды. 380 автобуста жылжымалы құрамды жаңарту бойынша қосымша жұмыс атқарылуда. Мүгедек жолаушыларға қызмет көрсету бойынша 900 жүргізуші арнайы оқытудан өтті.

Жыл басынан тұрғындардың өтініші бойынша 42 нысанда жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның нәтижесі бойынша бюджетке 453 800 теңге сомасында айыппұл төленді.

Ағымдағы жылы 705 нысанды паспорттау және 809 нысанды бейімдеу жоспарлануда.

Оған қоса бүгіннен бастап елордалық әкімдікте әкімнің мүгедектерді әлеуметтік қолдау сұрақтары бойынша көмекшісі өз жұмысын бастайды. Бұл қызметке Мұрат Абдімомынов тағайындалды.

Қала басшысы атап өткендей, ендігіде әкімдікте ай сайын ассоциациямен кездесу өткізілетін болады, онда шешімді қажет ететін мәселелер қарастырылады.
Әрі қарай