Кешкілік серуен... 12 мамыр 2013 жыл

Сәлем саған, қарт Каспий!

Сәлем саған, қарт Каспий!

Сән беріп кең далама, қазағыма
Айналдың сен Маңғыстау ғажабына.
Сәлем саған, қарт Каспий толқындаған
Қараймын да тоймаймын ажарыңа.

Киелі Маңғыстаудан орын тепкен,
Көк теңіз, саған сонша құштар екем.
Бұлқынған толқыныңды терең құшып,
Құмарымнан шығам ба қанша жүзсем!

Бір ғажайып сиқыр бар сенде бәлкім,
Келуге жаны құштар саған әркім.
Толқыныңмен достасып жел мен тас та
Алтын күн де төгер саған таң шапағын.

Жағаңда батамын мен ойға терең
Ғажапсың-ау, Каспийім, шыныменен
Қыстыгүнгі ажарың болған аққу
Үн қосып сырласқандай меніменен.

Жырымды жазылған пәк көңілімнен
Арнаймын ақ жүректен өзіңе мен.
Маңғаз дала төрінен орын тепкен
Каспийімді шынымен де сүйемін мен.

Сан ғажапты сыйғызып алабыңа
Көрген адам таңдай қақты саған мына.
Көркінен көз тұнатын әсем теңіз
Жайнай берші сән қосып ажарыңа!

Камшат ЖҰБАТХАНОВА
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы


Суреттердің барлығы бірдей жүктелмегендіктен, назарларыңызға осылар ғана…

Пысы: Суреттер Samsung Galaxy SII түсіріліп, Snapseed қосымшасымен өңделген.
Әрі қарай

Қылқалам ұшынан төгілген әйел сұлулығы. Ню жанры

«Большое дело вы делаете, товарищи, большое… но никому не нужное» ©

Ер Төстігім бір төбе демекші, Ню жанрында өзіндік орыны бар қылқалам шебері – мексикандық суретші Омар Ортиз. Суретші әйел тәнінің керім сұлулығын паш етуден бір сәтке де шаршаған емес. Ол 1977 жылы Гвадалахара қаласында туып, әлі күнге сол жерде күнелтіп, майлы бояумен сурет салуды өзіне серік еткен гиперреалист.
Бұл картиналардан сондайлық астар, мән-мағына іздеп те керек емес. Әр кім өзіне керегін алады ғой. Декоративтік фотокартиналар тәрізді көрінетін бұл суреттермен ел-жұртты таңқалдыра қою мүмкін болмас, бірақ бей-жай қалмасы анық. Себебі талант әрекеті мен саусақ ептілігінен туындаған қолөнер бағалауға әбден тұрарлық деп білемін. Өзіме ұнағаны картиналарында бейнеленген қыз-келіншектер бойындағы қымсыну сезімнің аз-мұз ұшқын беруі болды. Иә, қымсыну сезімі…
Суреттер сөйлейді: Қылқалам ұшынан төгілген әйел сұлулығы. Ню жанры
Әрі қарай

Планкинг (Planking) интернеттегі жаңа мода


Интернетте қазір мода болып бара жатыр екен етпетінен жатып, әр түрлі жерлерде фотоға түсу. Планкинг деп аталады екен. Қызығы қызық ау, бірақ соңғы кезде жұртқа қызық планкинг көрсетемін деп қауіпті жерлерге барып, құлап өлгендер де баршылық
Әрі қарай

Қыс

Керектің бір қолданушысы жақын уақытта қандай фотоаппарат таңдасам екен деп бас қатырып жүр еді. Сонда суреттерім жүктелмей, мен оны кішірейтуді де білмеп едім. Бұл суреттер Никон Д5100 үлгісімен түсірілген. Тамашалай отырыңыздар. Суреттер өңделмеген, араңызда кәсіпқойлар болса, кемшіліктерін айтып, қалай түзеуге болатынын айта отырыңыздар.

Әрі қарай