Kental - Халкым vs Noha-tu cafe

Жаңа Жыл кешіндегі бір бағдарламадан Кенталды алғаш рет көрдім. 3 сөйлемнен тұратын әні ұнады. Мен үшін жаңалық болды бұл. Ютубтан клибін тауып алдым. Ол да ұнады. Тек өкініштісі бұл өзінің шығармасы емес екен. Оригиналы бар екен. Оны өзі клиптің тақырыбына жазып та қойыпты. Оригиналын да тыңдадым. Кенталдікіндей әсер етпеді. Сіз де қарап көріңіз.

Әрі қарай

Аңыз Ару

Назарларыңызға «Аңыз Ару» әнін ұсынамын. Біріншісі «Алматы» тобының (1988ж) әншісі Батыр Шүкеновтың орындауындағы нұсқа.
Almata — Anyiz Aru (1988)
Бұл әнді кейінгі жылдары конкурстарда жас әншілер жиі орындап жүр.
Соның бірі екінші нұсқадағы Ербол Алшынбаев
Erbol Alshyinbaev — Anyiz
Сондай-ақ, Қуаныш Байбеков деген жігітте орындайды екен.Салыстыра отырыңыздар
Kuanyish Baybekov — ANYIZ ARU
Әрі қарай

Аягөз ару

Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Тұрсынғазы Рахимовтың әні
Салыстыра отырыңыздар Ерлан Рысқалидың және Жақсыгелді Кемаловтың орындауында
Ерлан тенор, Жақсыгелді баритон дауысты әнші. Менде Киви арқылы ойнап тұрғанмен сіздерде ойнамауы да мүмкін. Дегенмен шын қызықсаңыздар әннің үстіне екі рет тышқандарыңыздың сол жақ батырмасын басу арқылы жүктеу жолына өте аласыздар.



Әрі қарай

Жезекше және "Үнсіз жүрек"

Қайрат Нұртас орындап жүрген "Үнсіз жүрек" немесе "Үнсіз махаббат" әнінің алғашқы нұсқасын тауып алдым инет беттерін шарлап жүріп. Марқұм Ержан Серікбаев ағамыздың орындауында, сөзі мен әні де сол кісінікі деп ойлаймын. Салыстыра отырыңыздар:


Әрі қарай

Түнгі сыр

ҚР халық артисі, (профессор)Қайрат Байбосыновтың орындауындағы «Түнгі сыр» әні


Досымжан Таңатаров пен Ардақ Балажанованың орындауындағы «Түнгі сыр» әні
Әрі қарай