Реалдағы белсенділік, блогымыздағы мәтіннің де мазмұнын түрлендіріп, одан әрі қызық етеді.
Әйтпесе, талқылайтынымыз кілең интернетке қатысты дүние, интернеттен көрген кино, интернеттен оқыған жаңалықтар, егер реал туралы жазсақ, көбіне ностальгия түрінде тек ескіні еске аламыз да қоямыз.
Бұл сайыс блогосфераға жаңа дем беріп, реал өмірді де қызыққа толтырады деп ойлаймын.
Қауымдастыққа әркім реалда қандай жақсылы-жаман іс бітіргенін есеп беру мақамында жазса, ештеңе бітірмегендер жазбаса да болады.
Блогжазбаңызға суреттер қойып, реалити шоу қылып жіберсеңіз де болады.
Мақтану алаңы боп кетпей ме? — дейтіндерге айтарым, ия сондай-ақ бола қойсын, бірақ түбінде қауымдастық әр қайсымыз реалда істеген тірлігімізге көбірек көңіл бөлуге талпынамыз.
Өтірік соғу-соқпауы әр адамның санасы мен ұятына жүк болсын.
Жемқорлық, асыра сілтеу, бармақ басты — көз қысты әрекеттер, жең ұшынан жалғасу… Тұра тұр, сүтқоректілердің шенуніктер отрядына қатысты кезекті зарлы әңгіме емес. Сөйтсек, мұндай келеңсіздіктер Үкіметтік Емес Ұйымдарда да болып тұрады екен! Рас, шенеуніктер сияқты қаржы полициясы масқара қылмай-ақ, өздері мойындап отыр. «Азаматтық Альянстың» ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан конференцияның «Даму саласындағы аңыз бен ақиқат» атты секциясында айтылған фактілерден, Үкіметтік Емес Ұйым деп аталатын ең транспарентті ұйымдарды да жемқорлық іспетті құрт дендегенін көресің.
Оқымыстылардың күдігі
Гуманитарлық ұйымдар мен олардың қызметтері жөнінде барлығымыздың ең қажетті деген хабарымыз бар. Жапонияда топан су — олар сонда; Африкада аштық — олар сонда. Иә, ізгілік пен иман итермелеген жандарға қол соқпасқа шара жоқ.
Реалда не өмір бар дейсіңдер біз сияқты ИТтірлік иесінде. Сол отырыс монитор алдында. Алтыншы күні жарты күндік жұмыс үшін, кеше кешкісін бір жартыдан бастарқанымыз болмаса, жалпы нормальны сияқты.
Бүгінім күндегіден кеш басталды. Кеше қонақта болғанбыз. Жұмысқа келісімен КСКға соғып тапсырыс бердім, бір компьютердің ОЖ-н кері орнатып тастадым. Түсте досымның мәшинесін қыздыруға бардым. Онымен қызбады. Сәләркісі қатып қалыпты. Түстен соң жұмыс жүрмеді. Бір експеримент жасаймыз деп институттың интернетін құлатып алдық. Бүгінше лекірлеп басқа шлюзге қосып қойдық. Ертең саппыртқа соғып айту керек (ұмытып кетпесем). Керекте реал отырмын. Анау-мынауға ілінісіп, камент жазып. Басқа түк бітірген жоқпын.
Гаста бастамасынан зайыбым шыққан күні жазуды тоқтатамын.
Бүгін 13-ші ауылға бардым, бір садақаға. Машинамен баруға ерініп жаяу кеттім. Бір жағынан жалғыз барғандықтан машинамен бару нерентабельно болды. Біріншіден жиырма литр бензин жасау керек, поромнан өту 400 тенге, ал таксимен 500 + паром жаяу адам
***
Болашақ жарнамамыз ілінетін жерге барып, ауаны қармап, бос кеңістікке ойша сурет салып, біраз жерге барып қалдық. Тіпті жарнаманы іліп кетіп бара жатқандай сезім келді. «Ауызбен егін ору» деген осы шығар.
***
Түске жақын күдікті күбірлер, сыбырласулар көбейіп кетті, тіпті біреулер ыммен сөйлесіп кетті. Түсте белгілі болды: әлі алынбаған мебельді кабинет-кабинетке астыртын бөлісіп жатыр екен. Сол да өмір боп па-ау.
***
Ал түсте ашық конфронтация басталды. Себеп: дүкеннен қазір ғана әкеле жатқан оргтехникаға шайқас екен. «Саған принтер керек пе?» деді майдан алаңынан біреу мойнын созып. «Білмейм» дедім. «Керек емес онда» (?!) деп, мені тізімнен сызып тастады. Сол да өмір болыпты ма десейш.
***
Өте-мөте сенімді делінетін, жылда лицензиясына қоралы ақша төленетін бір бағдарламадан ши шықты. Көшіп кете жаздадық. Ол былай болды.
Екі аптадан бері көрсеткіштерін жанама тексеру арқылы, ауытқу бар сияқты екенін байқадым. Бірақ сенімсіз болып жүрдім. Себебі, тұтастай мекеме екі жыл бойы пайдаланып келсе, дұрыс шығар дедім.
Бірақ бүгін шыдамай, Қарағандыдағы программаны жасағандарға телефон шалдым. Телефонды көтергендер маған сұмдық жаңалық ашты. «А мы и не гарантировали сверхточность, причем в спецификации сразу же указали, что погрешность можеть быть в пределах 25 процентов» дейд!!! Яки деймін де, сен біреуден 100 000 алуың керек болса, 75 000 деп көрсетуі мүмкін!!! Осы жүйенің көрсеткен параметрлері бойынша, талай адам жұмыстан қуылған, талайлар марапатталған. Әне қайда тақырып! Не бетімді айтайын: бұғалтырлар табақ пен тоқпағын алып, отты айналып билеп жүр: екі жылғы қағаздардың барлығын қайта көтеріп жатыр.Бұл ауытқуды әдейі байқамаған деген де күдік жоқ емес, әлдекімге тиімді болған сияқты. міне жігіттер мен қыздар, бүгін осындай бәліш!!!
***
Корпоративтік компьютерлік сауатсыздықты жою туралы мәселе көтерілді. Көз алдыма 1920 жылдардың, сауатсыздықты жаппай жою науқаны кездеріндегідей сабақта отырған кемпір-шалдардың плакаты келді.
***
Ертеңгі күннің жұмыстарын елестетіп, діңкем құрып тұр… «Ма*мааа»…