Кім кінәлі?

Кейде өзіме өзім сұрақ қоямын. Ойланып, толғанамын. Қазіргі жастар қайда бара жатыр деп. Біз осы қайда бара жатырмыз. Жастардың алған бағыты қандай? Әрине, ең бастысы адамға өмір керек. Өмір сүру үшін не керек екенін түсініп жүрміз бе. Жастайымыздан Санаға сіңгені, «алдымен мектепті бітір, сосын ЖОО-ға түс, диплом алғаннан кейін, сол мамандық бойынша жұмыс істе не жеке бизнесіңді жүргіз, көп ақша тап, ақшаң болса ғана сыйлысың», деген ұғымды қалыптастырып алдық. Енді сол ақша табу жолында не істеп жүрміз? Кім қанша тапса, сонша тапсын, айтпағым бұл емес… Қазіргі жастардың тұрымысы.
Әрі қарай

Осыдан дәл 10 жыл бұрын күнделік жаза бастаған екем

Иняздың общагасы
Сәкестік пе білмеймін, бүгін ескі кітаптар, суреттер салынған шкафты ақтарып отырып, он жыл бұрын, яғни 2002 жылдың 27-ші Қарашасында «біссіміллә» деп бастаған күнделігіме тап болдым.
Мына сурет те осыдан дәл 10 жыл бұрын Әлем Тілдері Университетінің жатақханасында түсірілген. Мұнда мен 19 жасқа таяп қалғам.
Әрі қарай

Адамның күні адаммен

Жұмыстан келе жатқанымда мені үйіміздің ауламызда бір келіншек тоқтатты. Сіз осында тұрасыз ба? — деп сұрады алдымен. Осы көппәтерлі үйде тұратындығымды айттым. Сізден көмек сұрайын деп едім, — деді. Содан кейін оның мектепте оқитын қызын осы үйде тұратын ұл бала ұрып, оның миы шайқалып, оған дәлел болатын медициналық қорытынды да бар екенін айтып, көрсетті де. Менен сұраған көмегі — сол бұзақы балаға мінездеме жазу еді. Сөз арасында арыз бергеннен бері бір ай өткенін, одан бері іс қозғалмай жатқанын, ол баланың әке-шешесі мүмкін құқық қорғау органдары өкілдерінің ауыздарын майлап қойғанын, бірақ куәгерлердің көп болғанын, олардың куәлік еткенін де айтты. Ал мен не істедім? Бұл сөзіне ойландым да, мен ол баланы білмейтіндігімді, бұл үйге жақында ғана көшіп келгенімді айттым. Бірақ мен өтірік айттым, өйткені мен ол бұзақы баланы танитынмын, оның анасын да. Ол баланың үлкендермен салғыласып тұрғанын, тас лақтырмаңдар дегендерін тыңдамай, керісінше істеп тұрғанын да көргенмін. Бірақ бәрі сатылып алынған болса, менің жазған бір парақ қағазымнан не пайда болар деп ойладым.
Енді сол оқиға ойымнан кетпейді, ал менің қызыма біреу сондай зорлық көрсетсе ше… Мен де солай көмек сұрап жүрсем ше.....Құдай бетін әрмен қылсын, бірақ менікі дұрыс емес болды…
Әрі қарай

Есте сақтау қабілетіміз нашарлап бара жатыр ма?



Есте сақтау қабілетіміз, жадымыздың қолданылуы нашарлап бара жатыр ма? Бір нәрсені еске түсіре алмай көп қиналамыз ба?

Соңғы кезде көп адамнан естіп жүрмін осындай нәрсені. Өзімде де көп байқалады.

Бүгін бір ағайым Терри Гиллиам деген кісінің сөздерін бөліскен екен ФБ-да. Сол сөздерден ұққандаймын біраз нәрсені.

Жадылары жоқ ұрпақ туралы кино түсіргім келеді. Достарының аттарын, телефон номерлерін, маңызды күндерді естерінде ұстай алмайтындар туралы. Дәл қазір осындай ұрпақ өсуде. Бұл балалар кез келген сұрақтың шешімін табу үшін интернетке жүгіреді, IMDB, Википедия-дан қарап, Google-дан іздеу үшін. Бұл — жадының жаппай қырғынға ұшырауы, жойыла бастауы.
Әрі қарай

Шоколадтың қалың қабаты

-Бля, ыстық тамақ бар ма сұрап көрші!
— Жоқ екен. Пирожки мен сникерстен басқа дым жоқ.
— Тьфу нақ, аш болсаң боқ жейсің деген осы екен, ала салшы екеуін де, сосын ішерге бірдеңе ал! Құрыған жер екен де…
Самат мұрнын тыржита досының қолындағы сникерсті алды да, бір сәт ойға шомып кеткендей болып, жымиды да, шоколадтан бір тістеді.
Дәм естеліктерді қозғап жіберді ме, әлде жағдай соған итерді ме, есіне балалық шағы түсіп кетті.
Әрі қарай

Саудагер 3: Тәубе

Сана мен сезім: Саудагер 3: Тәубе

«Артембазар» деген базар жақта күніне 300 теңгеге жалданып жұмыс істеуге болад деп естідім. © Satibaldi

Әрі-үнемдеп бері үнемдеген, алдыңғы жұмысымның соңғы айлығы да таусылды. Шүкірфонымды кепілдікке тастап, ақша алайын деп едім, әттең үш күн бұрын «Жомарт-Ломбардтқа» өткізіппін…

— Апай, саламатсыз, анау күнтізбелеріңіз қаншадан? — дедім.

«Есектің көтін жу да мал тап» деген. Бірақ жақын маңда зообақ жоқ, ал қолымнан келетін жалғыз амал тап сол сәтте тек сауда қылу еді. Қалтамды сығып 300 теңге шығарып, жақын маңдағы дүңгіршекке беттеген сәтім еді.
Әрі қарай

«Размен беріңізші» немесе тұтынушыға керек 10 қағида

Шіркін дүкееен! Дүкен болған жақсы ғой. Қонақ келсе ең алдымен сасқалақтап, тапырақтап дүкенге жүгіреміз, ішіміз пысса да сонда барып қомағай көзді тойдыруға тырысамыз. Керекті де сүйікті нәрселерімізді де сол жерден табамыз. Алайда кейде дүкеннен қапаланып не болмаса ашуланып шығатын кездеріміз де болып жатады. Өйткені ол жерде көкбет САТУШЫ бар… Ол өте ашушаң, қашан көрсең түнеріп, өміріне өкпелі болып тұрады…

Керекті нәрсеңізді алуға дүкенге бардыңыз делік. Сатушы бетіңе бақшиып қарап «Не керек? Айта беріңіз!» деді. Сіз де сасқалақтап:
— Сүт беріңізші-десеңіз, сатушы тағы да баж етті:
— Әй қазағым-ау қандайы керек? Саған қай сүт ұнайтындығын бетіңе қарап білем ба?- деп дүрс етті. Шыдай алмаған сіз де өз мінезіңізді көрсете бастадыңыз.
— Апай-ау! Немене сонша айғайлайсыз??? Тіпті тауардың түрін көруге де мұрша бермедіңі ғой… Анау да осыны күтіп тұрғандай шыж-быж етті… Ары қарай не болатынын өзіңіз білесіз. Кейде төбелес те болып жатады...
Міне мұндай жағдай орын алмас үшін тұтынушы төмендегі 10 қағиданы есте ұстауы шарт.

1. Не үшін барам? Не қажет? Дүкенге кірерден бұрын өзіңізге осы 2 сұрақты қойыңыз.
Бұл сауалдарды өзіңізге қойып, оның жауабын толықтай білуіңіз өте маңызды. Себебі, жетер жеріңе жетіп алып не үшін келгеніңді ұмытып қалу сатушының зығырданын қайнатады. Сосын ол айқайламай кім айқайласын??!
Әрі қарай

Кішкентай Ғазиздің үлкен жүрегі

Кім-кімнің де өмірінде бүкіл шаблондары морт сынып, әлемге басқаша қарайтын кездері болады. Оған себеп те әртүрлі. Біреуге кітап, біреуге фильм. Біреуге түсіне аян келеді. Төмендегі жазбаны 2008-жылы жариялағанмын, қағаз баспаға да менің рұқсатыммен шыққан болатын.
Мынау редакциядан өтпеген нұсқасы, қатты әсердің үстінде жазғаным білінеді. Мүлде басқа стиль, мүлде басқа Гаста. Қазір олай жазбаймын, жаза да алмайтын сияқтымын. Өйткені, тап сондай әсер беретін, тап солай таң қалдыратын дәнеңе кешіп жатқаным жоқ.

***

Құдалыққа күйеу жолдас болатынымды білмеген едім. Аяқ астына жиналдық та, кеттік.
Басымда: *Ой бір қыдырыстың түбін түсіреміз -ау!*, *Қыз-жолдас сұлу ма екен е? Бүгін кімнің басын айналдырады екем! Тәәк, ертең жұмыс, бүгін көп қыдырмайық!* — деген сияқты бір-бірімен алысқан пенделік ойлар…
Әрі қарай

Жазалау әлеміне саяхат: Аралау

Жалғасы басы мында
Бұл жаза түрі жауыңа да тілемейтіндердің қатарынан болса керек. Себебі, асықпай бұтыңнан бастап аралап жатса рахаттана қоюың екіталай.
Аралау — ертеден келе жатқан жазалау түрі. Аралану бақытына ие болған адамды аяғын аспаннан келтіріп іліп қояды. Ауруды жақсы сезіну үшін екі қолы мен екі аяғы екі жаққа қатты керілуі керек. Әлбетте, ұзақ уақыт бойы басын төмен қаратып қойғандықтан миға қан құйыла бастайды.
Міне, осы сәтте жазаны асырудың нағыз кезеңі. Үлкен арамен(немесе араға ұқсас басқа зат) екі бұтының арасынан асықпай аралай бастайсың… Ғыр-ғыр, ғыр-ғыр…
Әрі қарай

Жазалар әлеміндегі аялдама: "Испандық жаға"


Сiз қалай фотоға, оны көрiңiз iшiне бағытталған өте өткiр ұшталған ұштары бар ағаш шеңбер болады.Мұндай воротничек (көрiңiз, петелечка анда бар бол) ашылды және содан соң мойынға жапырақтанды және бекiттi. Сонымен бiрге, шынжырдың қолдарын туралы еркiн болу үшiн сайып келгенде құрсаулады, адам жағаға дейiн созылып жете алмау үшiн керiсiнше темiр белдiгiне, немесе аяқ кiсендерiне де қосты.Қинауды мән мұндай құрал-сайманмен мүмкiн емес жатқан тұрды. Адам камера бойынша еркiнше сайрандауға еркiн жiбердi, суларды бердi және шиқылдаймын, бiрақ оны ұйықтасын алмады. Тiптi алмады қабырға туралы арқа сүйеу. Анығында адам немесе ол барлық өтелмес күнәлерде шынын айтқан күйге дейiн немесе өлдi жететiн сөйткеншемен сайып келгенде алып жүре алды. Өлiм жүдеу, ауру, ұштармен тамақ енген сiздi түсiнiңiз болдыңыз өте ұзақ және азапты күре тамырдың жарақаттануларының тұншықтыруының жарақаттарынан баса алды және. Мүмкiн, ие болатын ерiкпен қабырғаны немесе еден туралы соққымен адам торығуларға дейiн өмiрдiң шаруасын бiтiре алуға жеткен.

ЗЫ. Аптыр муахала жазған кезде кірілл әріптерін ұсынған «Кірілл и Мефодий» ЖШС-на ерекше алғысын білдіреді және де оқырмандардың текстті оқу, оны түсіну, қабылдау қабілетін асқан жауыздықпен қинау әдісіне ерекше үлес қосқан soylem онлайн төңкерме қызметіне деген ілтипаты шексіз.
Әрі қарай