Қазақстан ЖІӨ-нің қазіргі қауқары...
Қытай осыдан бірнеше күн бұрын өзінің ЖІӨ-ін (ВВП) 23 провинция, 5 өзін-өзі басқаратын өлке, тікелей орталықтан басқарылатын 4 ірі қала және 2 арнайы әкімшілік аймақтары ( Гонкгонг, Аомынь) бойынша жіктеп, оларды әлемнің басқа мемлекеттерінің бір жылдық ЖІӨ-мен салыстырып көрсетті. Бұл салыстырмалы көрсеткіштерді Англия экономистері де келтірген екен. Қазақстанның ЖІӨ Қытайдың қай аймағының ЖІӨ-мен пара-пар келетінін төмендегі кескіннен көре аласыздар. Аударманы қажет етпейтін бұл кескіндер тізбегі сондай-ақ ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көрсеткішімен жалғаса келіп, сыртқы экспорт және халық санының тығыздығы бойынша салыстырған кескінмен аяқталады. Алайда Қазақстанның халқының санының Қытайдың бірде-бір провинциясының халқына тең келе алмағандықтан болар, бұл кескіндемеге ілінбепті. Жалғасы

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1388-1478) – қазақтың әйгілі шипагер ғалымы, елдің әлеуметтік саяси өміріне жүйрік тарихшысы, «Шипагерлік баян» атты толымды емшілік-этнографиялық еңбектің авторы, өз тұсында Жәнібек хан, Жиренше шешен сияқты тарихи тұлғалармен бастас болып, ел қамы, халық тағдырына қатысты келелі істерге араласқан қоғам қайраткері. Өтейбойдақтың өмір дерегі, туған, өлген жылдары негізінен «Шипагерлік баян» кітабындағы мағлұматтар бойынша белгілі.
Әдетте ғалымдарды ғаламға тигізер орасн зор пайдасы бар ғылыми істермен шұғылданатын адамдар деп қабылдаймыз. Ол адамдар қоғамымызды абаттандыра отырып техникалық прогресске үлкен септігін тигізеді деп ұғамыз… Бәрі дәл біз ойлағандайма? Бұл сұрақтың жауабын осы мақаладан табасыздар деп ойлаймын.

Интернеттен жұмыртқаның қабығынан керемет скульптура жасай алатын (жоқ кесте тігеме?) КЕРЕМЕТ шеберді кездестірдім.