Алтыннан бастадық, Алтынмен жалғассын!

Александр Винокуров — Лондон Королі
(Еуроспорт комментаторы)



Александр Винокуров Олимпиаданың алғашқы күнінде Қазақстанға алтын сыйлады. 250 километр қашықтықты 5 сағат, 45 минут, 57 секундта аяқтап, финишке бірінші болып жетті!

Керемет жаңалық, керемет сыйлық! Кейінгі спортшыларымызға дем беретін, рух көтеретін керемет жеңіс! Құтты болсын алғашқы медаліміз!
Әрі қарай

Олимпиада ойындарын интернеттен тікелей қарағыңыз келсе



Егер ТВ-ден қарау мүмкіндігіңіз жоқ болса және жалпы ТВ барлық ойындарды тікелей көрсете де бермейді, осы сайт сізге көмекке келеді. 12 канал бар, соларды басып, қалаған спорт түрін қарай аласыз. Және бір жақсы жері ешқандай комментаторсыз болуы.

www.eurovisionsports.tv/london2012/index.html
Әрі қарай

Қола да Гүзель!



Еркін күрестен 72 кг салмақта Гузель Манюрова жүлдегер атанды. Қола медаль үшін сайыста қытай қызы Джиао Вангты 3-1 есебімен жеңген Гузель Қазақстан қоржынына 3-ші қола медальды салды.
Әрі қарай

Алтыншы алтын!

Өскемендік Ольга Рыпакова Қазақстанға алтыншы алтын медалін сыйлады! Құтты болсын ағайын.



Бүгін Лондондағы Олимпиада ойындарында үш қарғып секіруден жарысқа түскен қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова 14,98 метр көрсеткішпен Олимпиада чемпионы атанды.
Лондонда өтіп жатқан ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова қатарынан үш рет секіруден үшінші мүмкіндігінде 14,79 метр қашықтықты бағындырып, Қазақстан құрамасының қоржынына алтыншы алтын салды.
Әрі қарай

Олимпиада бағдарламасына қосылса, Қазақстанға медаль әкелетін спорт түрлері

Қазіргі Олимпиада ойындарына жазғы түрлерден 28, қысқыдан 7 спорт түрі кіреді. Кірмейтін спорт түрлері көп. Олардың біразынан қазақстандық спортшылар мықты болып саналады. Егер бұл спорт түрлері Олимпиада бағдарламасына кіретін болса, қоржынымызға біраз медаль қосылар еді.

Самбо
Олимпиадалар: Олимпиада бағдарламасына қосылса, Қазақстанға медаль әкелетін спорт түрлері
Самбо — елімізде кең тараған спорт түрлерінің бірі. Бірталай Әлем және Азия чемпиондарымыз бар. Бірақ, бұл спорт түрі дзюдоның көлеңкесінде қалып қойды.

Армрестлинг
Олимпиадалар: Олимпиада бағдарламасына қосылса, Қазақстанға медаль әкелетін спорт түрлері
Қол күресінен Әлем бойынша алдыңғы орындардамыз. Еркектерден де, қыздардан да Әлем чемпиондары көп. Ең көп алтын әкелетін спортымыз болар еді.

Шахмат
Олимпиадалар: Олимпиада бағдарламасына қосылса, Қазақстанға медаль әкелетін спорт түрлері
Шахматтан мақтанатын спортшыларымыз көп. Әсіресе қыздар командамыз мықты. Шахмат спорт болып саналса да, Олимпиадаға қосылмайтыны өкінішті.

Бильярд
Олимпиадалар: Олимпиада бағдарламасына қосылса, Қазақстанға медаль әкелетін спорт түрлері
Бильярдың орысша түрінен Әлем чемпиондарымыз көп. Жалпы, бұл жағынан мықтымыз. Бірақ, орыс бильярдын Олимпиадаға қосуы екіталай. Оның орнына снукер қосылатын болса біздің жігіттер снукерге де икемделер еді-ау?

Су асты жүзуі
Олимпиадалар: Олимпиада бағдарламасына қосылса, Қазақстанға медаль әкелетін спорт түрлері
Судың астында жүзуден Қазақстан бұрын мықты еді. Қазір де көрсеткіштері жаман емес. Әлем, Еуропа, Азия кубоктарынан медаль әкеліп жүр спортшыларымыз. Олимпиадаға қосылу ықтималдығы ең жоғары спорт түрлерінің бірі. Егер бұл спорт түрі жүзу федерациясы FINA-ға кіретін болса, алдағы жылдардағы Олимпиада бағдарламасына кіретін болады.

Допты хоккей
Олимпиадалар: Олимпиада бағдарламасына қосылса, Қазақстанға медаль әкелетін спорт түрлері
Қысқы Олимпиадаға кіре алмай жүрген спорт түрі. Қазақстан Ресей, Швеция, Финляндиямен бірге Әлем Чемпионаттарында жыл сайын үздік төрттікке кіреді. Талай рет қола медальді де алдық. Егер қатысушы ел саны көбейе беретін болса, бір күні Олимпиада құрамына кіріп те қалар?

Футзал
Олимпиадалар: Олимпиада бағдарламасына қосылса, Қазақстанға медаль әкелетін спорт түрлері
Үлкен қарқынмен дамып келе жатқан спорт түрі. Ұлттық Құрамамыз Еуропаның қола жүлдегері. Олимпиадада нағыз атой салатын спорт түріміз болар еді.
Әрі қарай