Бір жұтым су немесе сондай бірдеңе...
Бүгінгі күннің ауырын-ай! Лекторлар не үшін қасына 1 литрлік су қойып қоятындығын бүгін толық түсінгендеймін!Оятқыш шырылынан ояндым. Сағатқа қарасам, 10.36 екен. Өшіріп қайта жата бергенімде, апам(әжем):
— Әй, бастық-батыр(Үйде әжем солай атайды) бүгін лекциям бар деген едің ғой — деді.
— Ой, әкемнің үлкен баласыыыыыы, ұмытып кетіппін ғой, Қозы (інім), шалбарымды әкелші — деп жатырмын ішімнен.:)




Гректердің құрлығында жабайы аңдар мен қаһарлы құбыжықтар қалмады. Бәрін Геракл жойып тауысты. Ал Эврисфей теңіздің ортасында орналасқан Крит аралына барып, ол жерден Микенаға Посейдонның бұқасын алып келуді тапсырды. Теңіздер құдайы бұл бұқаны құрбандыққа шалу үшін Миносқа тарту еткен болатын. Алайда Миносқа бұқа қатты ұнап қалды. Сондықтан пенделер ішіндегі айлакерлердің бірі саналатын Минос өзінің басқа бұқасын сойып, ал құрбандыққа арналған бұқаны табынына қосып қойды. Бұны біліп қалған Посейдон әлгі жануарға құтырма ауруын жіберді. Бүкіл аралмен жүгіріп жүріп, бұқа егістіктерді таптады, мал үйірлерін бытырата қуды, адамдарды өлтірді. Эврисфей Гераклдың бұқаға әлі жететініне сенімді болса да, оны құрлықпен емес, су арқылы қалайша тірілей алып келетініне күмәнді болды. “Қандай кемеші өзінің қайығына құтырған бұқасы бар жолаушыны мінгізуші еді?!” – деп ойлаған Эврисфей қастана күлді.