Шамаң келсе "Шаманы" айт...

Жарылғапбердінің «Шамасы». Консерватория бітіргендердің 50ден бірі орындайтын шығар сірә. Өте қиын ән. Әннің тарихына келсек «бұл ән Жарылғапбердінікі емес» дейтіндер де бар. Ия, Жарылғапберді жеткізуші болуы да мүмкін. Дегенмен, бұл ән әзірше Жарылғапбердінің «Шамасы»
Әрі қарай

Кибершайханалықтармен реал кездесу


Кеше Асхат бастаған Кибершайхана авторлары Neweurasia-лық жігіттермен кездестік. Американ Крис кітаптың редакторы, ал неміс Оливер дизайнері екен. Кітап идеясы және техникалық тұстары төңірегінде жақсы сұрақ-жауап диалогтар болды. Кейін астаналық блогшылардың штаб-пәтеріне айналған Тағам кафесіне барып сұхбатымызды жалғастырдық. АҚШ пен Еуропадағы БАҚ, интернет, жалпы қоғам туралы пікірталастық. Асхатқа рахмет, ерінбей аударып отырды бәрін.
Астаналықтар бұл жолы да «белсенділіктерімен» көзге түсті.

P.S sammita-ны көрдім :)

сурет: qazaq.kz
Әрі қарай

Үштен беске

Бұрынырақта мектептерде мынандай қызық үрдіс бар болатын. Үшінші кластан соң бесінші класқа секіртіп жіберу деген. Мен бейбақ сол секіріп үлгергендердің соңғысы едім. Төртінші класс қайда қалады, не үшін секіртеді сол кезде? Әлде дайындық сыныбынан өткендерді ғана секіртті ме? Олай дейтінім біз «нөлебай» оқыдық. БІріншіге көшкенде «нөлебай» оқымағандар келіп 1«б» класы бола қалды. Осылайша бастауыш кластарды «а» мен «б» болып оқып жүрдік. Әйтпесе кішкене қазақ ауылында класқа симай жатқан бала жоқтын. Уобщым, біз үштен кейін секіріп кеттік беске, аналар қалды төрт оқып. Осылайша бір-ақ күнде біз оларға «старшак» атандық.
Әрі қарай

Еске алдық... :(

Кештің сәні бүгінгі пати болу керек деп қол ысып отырғам жұмыста :) бірақ тел. звоногы бірден баратын бағытты ауыстырып жіберді, КазГУдың студенттер сарайында Бахытжан Жұмаділовты еске алу кеші екен. Билет қолда, неге бармасқа деп сол жаққа ұшып кеттім. Негізі пробкадан, тура уақытында жетсекте, еске алу кеші тура 30 мин. кеш басталды(( Ужас тойында кешіксін, қонақта кешіксін, мынау үлкен залда кешігу деген ұят тірлік қой ағайын, біздің алдымызда көп орын алды жақта бос болып еді, «жүр кеттік, алдыға отырамыз» деп халық тағы сабылды :(
Әрі қарай

Жұлдыздың саны қанша?

Аспан әлемін зерттеушілер жұлдыздардың нақты санын тапқан да болар кім білсін?! Менің баяндайын деп отырған әңгімем телескопты ойлап таппай тұрған кездердің әңгімесі.
Баяғыда бір айтыста өзін жеңіп бара жатқан ақын жігітті сөзден жеңбек болған қыз әлгіден аспандағы жұлдыздың дәл санын айтуын сұрапты. Жігітте тосылып қалмапты.
Әрине малдың санын баққан білер
Ел үшін ер жігіттер атқа мінер
Еркек сорлы еңкеңдеп не біледі
Жұлдызды шалқасынан жатқан білер-деп салыпты.
Әрі қарай

Экранный диктор немесе компютеріңізді сөйлетуді білесіз бе?

Кезкелген компютер жазылған мәтінді оқып бере алады, бір өкініштісі тек ағылшыншаны ғана.
бірақ ағылшынша дыбыстауды үйренуге өте тамаша көмекші бола алады.
ол үшін ПУСК батырмасынан ВЫПОЛНИТЬ деген жерді бассаңыз терезе ашылады оған NARRATOR деп енгізіп қойсаңыз болғаны.
Әрі қарай

Спорт залға жазылдым :)

көктем шықты, нагрузка керек болды, 2 айда 10 кг. тастау керек… армандап қоям))) 2 айда қалай 10 кг тастаймын?
спорт залға жазлып алып, анау жоқ, мынау жоқ сылтау айтып бармай жүргем. Бәрін түгендеп, спорт залға 2 сумка болып кіргенімді қайтенін, дымның керегі жоқ екен))))
Мед. тексеруді бітірдім, шыға салып спорт залға кеттім.
Так, кірген кезде дәу темірлерді көріп қызық күйге түстім!)) бірақ кейбірі шынымен релакс! өмір жақсы, бәрін бұрынғы жәй спорттармен салыстыруға келмейді, ТВдан көрген заттың бәрі бар, басында иогаға жазылмақ болғам, бірақ иоганың 2 айда 10 кг. тастайтыныма күмәндандымда, басқаға аусып кеттім.
душтан кейін бәрі қалпына келді.

жазылыңдар, дені саудың жаны сау ;)
Әрі қарай