Алматылық блогерлермен кездесу
Алматыға Димаштың шақыруымен MediaNet Халықаралық журналистер орталығы ұйымдастырған семинар тренингіне бардым. Бір күн бұрын барғандықтан кешкі уақытымызды босқа өткізбейік деп алматылық блогерлерге хабарластым. Менің жанымда «КазЖур» блог тұғырнамасына «Б Мырза» деген блогымен тіркелген Ботабек атты қарағандылық жігіт болды.
Әрі қарай

Мұрат Өнал – Еуропа алаңдарында ойнап жүрген жалғыз қазақ футболшысы. Түркияда туып-өсіп, Еуропаға көшкен қандасымыздың баласы. 6 жасынан бері футболмен айналысады. Қазір Голландияның бірінші лигасындағы «Волендам» командасының шабуылшысы. Жасы 24-те. Голландияның 14,16,17 жас санатындағы ұлттық құрамаларында ойнаған. Бүгінге дейін Голландия және Бельгияның «Амстердам», «Брюгге», «Ден Хааг», «Волендам» командаларында өнер көрсеткен. Арманы – Қазақ елінің ұлттық құрамасында ойнау.
Материалдар:
