Бақыт Сыздықованы қолдаймын немесе Твиттердегі қазақ тілі күні туралы

  • KazNET


Кеше Твиттерде қазақ тілі күні өтті. Яғни барлығы қазақша жазулары керек болды. Тілді дамыту акциясы.

Өзімнің жеке пікірімді айтатын болсам: өте күлкілі акция бұл. Тілімізді төмен көру деп есептеймін. Осының арқасында шалақзақтар өздерінше қазақша сөйлеп, понт ұстап қалады.

Депутат Бақыт Сыздықова дұрыс айтады, еркіндік болуы керек.

Өзін қазақпын деп есептейтін әр қазақ онсыз да қазақша жазады. Күштеп адамды қазақ қылу керек емес.
Әрі қарай

Алания - Ақтөбе. Еуропа лигасы. 3-раунд



Бүгін Еуропа Лигасының 3-раундында өте маңызды матч. Ақтөбеміз Владикавказдың Аланиясымен ойнайды сырт алаңда. Ақтөбе қазір Еуропада қалған қазақстандық жалғыз команда. Әрине матч көршіміз Ресейде болса да біздің ТВ бұл матчты көрсетпейді. Сондықтан Россия-2 каналы бар жерлерді іздеңіздер немесе интернеттен мына жердегі бродкасттарды қарауларыңызға болады:

kiwi.kz/broadcast/
livetv.ru/eventinfo/81359_alaniya_aktobe/

Басталуы Астана уақытымен 22-00.
Әрі қарай

Сайқал

«Бұл елдің түбіне — коррупция жетед!» © Энди Таккер

Лібә, қойманың қағаздарын жиырма күн бойы көтеріп, тіміскілеп, келесі келеңсіздіктерге куә болдым:
— Тауар алған адамдар қол қоймаған (бірақ қойманың ішіндегі еденіндегі шаңда — аяқ іздері жатыр; бәлкім мұнда — аяқ қою жүйесі?);
Әрі қарай

Қасым Олжаспен қоштасу

Енді бізге ешкім келіп оқымайды өлеңін
Аңыз болып қалады әлі «Анар» жайлы өлеңің
Төмен санап көпшілікті өзіңнен
Қай биікке шығам дейсің Өренім?!
Жеткен жері сол ма бәлкім өреңнің…
Жә, жә! Жарар! Қарайлама артыңа
Мүмкін біздер жете алмадық парқыңа
Қол сағатың күн нұрына жарқылдап
Жаза бергін осы жазған қалпыңда!
Әрі қарай

Ес кірмейтін махаббат


Суреттің түпмекені: a11i3n.yvision.kz

Отансүйгіштік, патриоттық сезімнің түрлі формада әрқайсымызда бары жасырын емес. Оның болмауы үрейлі, әрине. Ал елжандылық пен ұлтсүйерлікті пафостықпен паш ету кейде ұнамды бола қоймайтыны тағы бар. «Көзбояушылық» деген қап-қарапайым диагнозға шалдыққан зомбилер қаншама…

Бүгінгі ескіліктер топтамасына Астанадағы бір топ жастардың «Алға, Қазақстан!» атты кампаниясы түрткі болып отыр.
Әрі қарай