WordPress видеокурсы "Мен блог аштым" #3

Алдыңғы видеосабақты көру үшін мұнда басыңыз>>>



Сұрақтарыңызды посттың астына жазсаңыздар болады. Тек қана менен емес, осындағы WordPress мамандарынан кеңестер ала-аласыздар!
p.s. Түсірілім барысында кішігірім кемшіліктер болып қалды! Кешірім өтінем!
Әрі қарай

Ақтөбе - Алания. Фоторепортаж



Біз ұтылдық. Бірақ @asaubota айтпакшы пенальти — лотерея, лотереядан ұтылдық. Ақтөбе бәрібір — чемпион! Осы ойын ақыры емес, болашақта бізде әлі талай жеңістер тойланады деп сенейік! Енді ойыннан фотосуреттерді ұсынамын ағайындар:
Әрі қарай

Диагноз

Бір кісі ойнап-күліп жүріп, денсаулығына шағым айтпастан ана дүниеге кете барыпты. Көз шырымын алып алмақ болған, содан оянбай кете барған. Мәйітті дәрігер келіп тексеріпті. Марқұмның бала-шағасына мемлекеттен көмек көрсету үшін тексертпесе болмайды. Содан еш аурудың белгісін таба алмапты. Әйелінен " соңғы кезде денсаулығы бойынша шағым айтып жүр ме еді?" деп сұрапты. Анау «Жоқ» деген. Сондағы дәрігердің қойған диагнозы, заключениесі «Аңдамай сөйлеген, сондықтан да ауырмай өлген» болыпты
Әрі қарай

Соткаңыздың заряды біткен жағдайда....

«Адамнан айла артылмаған» деген бір сөз бар еді ғой. Соны сіздерге бір рет дәлелдеп берейін, егер бұны дәлел ретінде қабылдасаңыздар. Қазіргі заманда адамды ұялы телефонсыз( қалтафон) елестету мүмкін емес. Кейбірімізде қос-қостан бар. Қалтаңыздағы бір телефоныңыздың заряды өшіп қалды делік, екіншісінің заряды жеткілікті. Бірақ сізге отырып қалған телефон өте қажет.Екіншісіне ауыстырып салайын десеңіз Джиесем мен сидимейдің симкалары бір-бірін қабылдамайды. Зарядкаңыз үйде.Батарейка алайын десеңіз ақшаңыз жетпей тұр, алдын ала есептелінбегендіктен. Бұған бола еш уайымдаудың қажеті жоқ. Бұрыштан да шығуға болады жолын таба білген адамға.
Әрі қарай

"Ө" значит өтпіскі

Дүйсенбі, яғни тамыз айының 8-інші жұлдызынан бастап менде кезекті еңбек демалысы. Сіздер "Әбіләкім кетіп барады" деп қатты қуанбай-ақ қойыңыздар, себебі мен қатты қайғырып отырғаным жоқ. "Қалайша, біздің сектадан қайғырмай кету мүмкін бе?«деп ойлауларыңыз мүмкін. Әрине,»Керекинфоны" уақытша болса да тастап кету оңай емес.
Әрі қарай