Үкіметтік емес, бірақ - үкіметтік...

Бүгін Астана қаласында «Азаматтық Альянстың» ұйымдастыруымен Үкіметтік Емес Ұйымдардың 20 жылда бітірген жұмыстарының қорытындысы іспетті конференция өтіп жатыр. Жеке өзім пәлсапалық күйзеліспен бардым десем де болғандай, себебі үкіметтен қаржы алып – қалайша «үкіметтік емес» деген айдар алуға болатынын түсінгім келді. Әрине, ҮЕҰ туралы жақынырақ білуге де ынта бар.
Әрі қарай

Шу-Чу. «Біртүрлі» фильм

Да, я экспериментировал с марихуаной раз или два. Но мне это не понравилось, и я не затягивался.

Билл Клинтон


Неге екенін кім біледі, бірақ, отандық киноөндірістің өнімдері көп жағдайда бірсипатты болып келеді. Әлде біздің көз солай көре ме, әйтеуір, аяқ-басы емес, ортасынан қарасаң, қайсысының қайсысы екенін ажырата алмай қалып жатасың. Тек соңғы жылдары жылтыратып көз ашқан, нұқып-нұқып қана көрсетуге болатын бірді- екілі туынды ғана қазақстандық киноның аңызақ даласына тамыр жайған жаңа өсімдікті елестетеді.

«Шу-Чу», міне, осындай фильм. Ал, оның қандай өсімдік екенін ішіңіз сезетін шығар.

Бір өзі сценариймен бас қатырған, режиссер болған, қатігез капитанды сомдаған Жантемір Баймұхамедов «Жантиктың» маңдайына жазған фильмы бізге «біртүрлі» көрінді.

Әуелі, анау бір кезден бері ой мен қырда жарияға жар салып жүрген «Шу-Чудың» көзге не берері жайлы әңгімелесек. 90- жылдардың қысылтаяң кезеңіне тап болған үш «көксоққан» алматылық жасөспірім сол кездегі аула түсінігі бойынша әжептеуір беделі бар ересек жігітке еріп Шу алқабына тартып кетеді. «Планға». Қазақстанның екінші «космодромы» аталған алқаптан қарасора теруге.
Әрі қарай

Ухо,горло,нос...

"Іш ауырса, тіс ауырса мамам дәрі береді" деп өскен бала едік. Дәрігер дегенге көп қаралмаушы ек. "Құлақтан кіріп бойды алар...«деп Абай жақсы айтып.Құлағым ауырып еді сол жақ шекем көзім бәрі ауырды. „Құлақтың ауруы қайдан пайда болды мына бейбаққа?“деп ойлап отырған шығарсыздар. Тұзым жеңіл ғой мен байғұстың. Әскерден келген жылы жазда бір кластас қыз күйеуге шықты. Тойына бардық. Үстелде отырғанбыз, ойнап жүрген бір бала су пистолетімен құлағымнан атып жіберді, тіреп тұрып. Бұндай ауырсынуды бұрын-соңды сезінбеген ем…
Әрі қарай

Қарағандыға сапарым

Мына бір постты жазуым жүдә қиын болып кетті, жексенбіден бері жазып тастай алмай жүрмін, жұмыспен қатты занит болып.
Өткен апта жол жүрумен өтті де кетті. Аптаның сейсенбі күні жолға шығып, сенбінің түскі уақытында үйге қайтып келдім. Осы уақытта көрші ауданымыз Сарыағаштан бастап, сонау Қарағандыға дейін жол жүріппін. Бұл жолсапарым басқаларынан – алғашқы рет пойызбен жол жүру, Қарағанды шәһәрында алғаш рет болып, сол қаланың керекшілері Абзал және Айсұлтан бобурлармен танысуыммен ерекшеленеді. Енді соны пернетақтамен тақылдатып жазып берейін.
Әрі қарай

Қажығұмар Воркута. "Көңіл толқыны"

Көлік тұрақтың ауласында жарты жылдан астам… «Cadillac Escalade» тұрды. Епті, ғыламұр жігіттердің айтуынша, бұ мәшине анау-мынау емес — жасырын концертпен келген ABBA-ны тасыған кезінде, нақтың! Ол ештеңе емес: тап мына ортадағы орындықта бір вице-министрдің өзі отырған, және ол мына бардағы күміс жалатылған мұз салатын вазаға құсып, ал мына орындықта — жезөкшелердің талайын бақыртқан!
Әрі қарай