Біз қандаймыз: Нұрғисаның еріккен ойлары

sammita бастаған, біразы қоштап, Tarazkyzy -нан келген лайкстар мен дислайкстардың эстафетасын e_zhalgas ’сыз қалдырмайын.

Ұнайды: кішкентайлардың былдыры, қыздың ерін құрметтеуі, ойдағы/бойдағы тазалық, Менің атым Қожа, Ipad, шашлық, бес жұлдызды қонақүйлер, галстук, сөзінде тұратындар, шек білетіндер (ұстамдылар), әдемі пас, құдықтың суы, ауылдағы қарапайым кісілер, қызыл балық, жаз, басқатырғыштар, Бекарыс Шойбеков, комеди клаб, тирамису
Әрі қарай

Әлемнің ең жылдам голы

Ресейдің екінші дивизионында ойнайтын Новосибирскінің МИТОС командасы мен Геленджиктің «Олимпия» командалары арасындағы ойында футбол тарихындағы ең жылдам гол тіркелді. Голды МИТОС ойыншысы Михаила Осинов ойынның басталғанын білдіретін ысқырықтан кейін бірден ортадан теуіп кіргізді. Матч 11 қыркүйекте болған.

Әрі қарай

Шетелде блог арқылы ақша тауып жүргендер көп

  • KazNET

Қазақтың оқу-білімге құштар жастары екі мыңын­шы жылдар тұсында шет­елге қарай ағылып, білім алуды бастады. Сол кезде Түр­кияның атақты Анадолы университетін туризм және қонақүй менеджменті ма­ман­дығы бойынша оқып жүрген Аршат Мұратұлы ақ­па­раттық технологияға деген құштарлығы мен бейі­мі арқылы сайт ашуға ден қоя бастаған-ды. Әуелі фут­болға, әлемдік үздік әнші Шакираға арнап жеке сайт­тар ашқан Аршаттың қазақ жастары арасында резонанс тудырғаны – 2002 жылы ашылған КерекИнфо сайты болатын. Сол арқылы қазақ топырағы мен шетелдегі қазақ­тарды таныстырып, олар­ды ортақ ұлттық мүд­деге қызмет етуді үндеген жас 2004 жылы еліне оралып, қазақтың ақсап жатқан сайт және блог жасау ісін қолға алды. Қаншама сайттың авторы, бүгінде «Егемен Қазақстан» газеті сайт әкімшісі Аршат ОРАЗОВПЕН сырласудың сәті түскен еді.
Әрі қарай

Ренжімеңдер, бірақ тағы да – қазақ тілі туралы

Талант МауқанұлыҚұпиямды ашайын. Кешеден бері не жүріс дегендерге (келіншегім оқып отырса — дұғай сәлем!). Үкіметтік Емес Ұйымдардың мәжілістерінің біріне, Вашингтон Университетінде (жақшаның ішіне АҚШ деп көрсетпей кетсем ше, хых-хых-хых)… қазақ тілінен(!) сабақ беретін Талант Мауқанұлы деген маман келеді деп еді.Профессор, үш тілді жетік меңгерген (қалған екеуі: қытайша мен ағылшын). Қазақ тілінен сабақ беретін адам көрмей жүрсің бе деме: брошюрада оның, сабақтарды оқытуда мультимедиалық тәсілдер қолданады деді ғой! Ал мультимедиалық технологиялар енді — менің «кәйпім» (егер мультимедиалық технологиялар біреудің әйелі болса, мен оны алып қашар едім, ал керек болса тіптен! ). «АҚШ қатты озып кеткен жоқ па?» деген күдік те бар баяғы.
Әрі қарай

Біз қандаймыз? Еріккен ойлар

Asaubota қолыма эстафета таяқшасын ұстатқан екен (айтпақшы, рахмет, аға!). Жалғастырайын.
Ұнайды:Алматы, Көктөбе, түнгі Алматы, Баунти, джинси, қолөнер бұйымдары, табиғат аясындағы кездесулер, құрбыларыммен кездесіп әңгімелесу, жаныма жақын жандардың жазған СМС хаттарын, қолжазбаларын жинау, комедия жанрындағы фильмдер, театрға бару, жұлдыздарға қарап жатып ұйықтап кету, тапшада отырып шәй ішу, Сәкен Майғазиев пен Юрий Аскаров:-)
Ұнамайды:Астана (суық болғандықтан), қыс мезгілі, лимон, өмірдің тез сырғып өтіп жатқаны, достардың сиреп жатқаны, сол бір жанның қазір алыста жүргені, Ақтауға көшу керектігім, өтірікшілер мен аферистер, жауапкершілікті сезінбейтін адамдар.

Эстафетаны жалғастыруға Nurgisa-ға ұсынамын.
Әрі қарай

ҮЕҰ: «алаяқ» индекстер

Бүгін Үкіметтік Емес Ұйымдардың келесі бір секциясында мамандар сандық көрсеткіштерге шүйлікті.

Лирикалық шегініс: жазған құлдарыңызға да материалдық болмаса (тонна, килә, шақырым), гуманитарлық сандық көрсеткіштер айдың ар жағындағы түсінік болып жүр еді. Мысалы, «Адамның Даму Индексі» дегенді қалай түсінуге болады? Хех: «Бауыржанның даму деңгейі 0,7» деген шынымен бір-түрлі ғой: не жарымес екенін, не данышпан екенін бірден ұға алмас едіңіз.

Әлқисса, халайық: мұңаймаңдар! Тіпті Өмір Сүру Сапаңыз нөл бүтін мыңнан бір десе де! Себебі, мына ұйымдар өздерінің сандық көрсеткіштеріне өздері күдік білдіріп жатыр! Әрине, жай ғана сандық көрсеткіштерге емес, бірнеше көрсеткіштердің қорытынды-синтезі болып табылатын агрегаттық көрсеткіштерге. Оның үстіне кейбір ұйымдар өз жұмыстарын жақсы жағынан көрсету үшін, өздері индикатор жасап алатын көрінеді.
Әрі қарай