Бағындырған белестер аз емес, дегенмен де...




Еліміз тәуелсіздік алғалы 20 жылдай уақыт өтті. Осы жылдардағы бастан кешірген тарихи оқиғаларды ой елегінен өткізер уақыт жетті деген ойдамын. Небәрі 20 жыл уақыт ішінде жеткен жетістіктеріміз, асқан асуларымызбен бағындырған белестеріміз аз емес. Дегенмен де, тілдің мәселесі сол қалпы, “ Баяғы жартас, сол жартас ”. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында Қазақша КТК ойындары, қазақша курстар, қазақ тіліндегі көптеген сайыстар, жасалып жатқан игі іс-шаралар аз емес. Алайда, кей адамдарға бұл қызықты емес, әлде жасалып жатқан іс-шаралар қызықтырмайды ма немесе тілге деген менсінбеушілік пе ол да бір көкейкесті мәселе болып қала бермек. Көше кезіп бара жатқан кезде қой көзді қазақ жастарының не қазақша, не орысша сөйлей алмайтындығын байқаған кезде бір жағынан өкінішті болғанмен де екінші жағынан еріксіз езу жиюға тура келеді. Бір қызығы, тек қана қазақтар бөгде тілде сөйлейді екен. Орыс қазақша сөйлемейді, өзбек орысша сөйлемейді, ағылшын қазақ тілін білмейді. Бұл өзге ұлттардың патриоттық сезімінің жоғары деңгейде екендігін көрсетеді. Жақында “Саз әлемі” бағдарламасында кәріс ұлт өкілдерінің біздің халықтың әнін нақышына келтіріп айтқан кезде жүрегімді бірден елжіретіп жіберді. Сол топқа қарап, егер кей қазақтарымызда намыс болса, осы әнді естіген соң қазақша үйренуге ұмтылысы болады деп үміттендім.
Осы қарбалас заманда барлығы білім мен тілдің еншісінде. Егер қазіргі жастарымыз осындай деңгейде болып тұрса, келер ұрпақ қандай болмақ деген сауал туады. Ол,әрине, уақыттын еншісінде. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін Абай атамыздың мынадай сөздерімен аяқтағым келеді: “ақ қағазбен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе өз сөзім өзімдікі”
Әрі қарай

Западло! Жігітке не істеген западло?


сурет: kvilesse.ucoz.ru

Бұл мақала алғаш ерлерге арналған “Максим” журналының 2005 жылғы нөмірінен алынып өңделген еді. Жалпы жігітке ерсі қылықтар жиынтығы десе де болады:

1. Қызбен жата кету үшін “үйленем” – деп уәде беру западло.

2. Досыңмен қызға таласу, қалыңдығына/әйеліне көз салу западло.

3. Досыңмен бір қолшатырдың астына тығылу западло. Қыз болса бір жөн, ал ер болса, үйткенше екеуің де малмандай су болғаның дұрыс.
Әрі қарай

"ОккупайАбайлықтар" Қарағандыда

Бастауын Ресейдің Москва қаласынан алған «ОккупайАбай» қозғалысының көлемі осылайша үлкейіп кетерін басында ешкімде білмеген шығар?! Ресейдегі сайлаудың нәтижесіне көңілі толмаған қарағандылық орыс жастар наразылық шарасы ретінде 18-ші мамыр күні Абай ескерткішінің жанына жиналып, соткаларынан музыка тыңдады.

Ататын таң




«Көрінер жарық жер жоқ қараңғы түн. Болар ма ататын таң, шығатын күн. Дей тұғын:»ислам қайда?"-, ер азайып. Бақ айнып алмасып тұр пері мен жын. Әулие тебіренесің енді қашан? Жылдан жыл жіңішкеріп барады дін. Бермесең өзің қуат Патша Құдай. Кімге айтып дегенмен дат жетеді үн?" Кете Шегебай Бектасұлы
Әрі қарай

Ханшатырда түріктердің Эбру сурет өнері таныстырылады және концерт болады



Ханшатырда 19 мамыр, сенбі күні сағат 18:00-де Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы түріктердің мәдени орталығының Эбру сурет өнеріне арналған шарасы өтеді. Қонақтарға Эбру өнері таныстырылып, мәдени орталықтың осы саладағы курсына қатысушылардың шығармаларының көрмесі өтеді. Келушілерге түрік кофесі ұсынылады және қазақ-түрік оркестрінің концерті қойылады.

Керекшілер, ертең бірге барып қайтайық. Ханшатырдың 1-ші қабатындағы алаңда, сағат 18:00-де.
Әрі қарай