Бағындырған белестер аз емес, дегенмен де...




Еліміз тәуелсіздік алғалы 20 жылдай уақыт өтті. Осы жылдардағы бастан кешірген тарихи оқиғаларды ой елегінен өткізер уақыт жетті деген ойдамын. Небәрі 20 жыл уақыт ішінде жеткен жетістіктеріміз, асқан асуларымызбен бағындырған белестеріміз аз емес. Дегенмен де, тілдің мәселесі сол қалпы, “ Баяғы жартас, сол жартас ”. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында Қазақша КТК ойындары, қазақша курстар, қазақ тіліндегі көптеген сайыстар, жасалып жатқан игі іс-шаралар аз емес. Алайда, кей адамдарға бұл қызықты емес, әлде жасалып жатқан іс-шаралар қызықтырмайды ма немесе тілге деген менсінбеушілік пе ол да бір көкейкесті мәселе болып қала бермек. Көше кезіп бара жатқан кезде қой көзді қазақ жастарының не қазақша, не орысша сөйлей алмайтындығын байқаған кезде бір жағынан өкінішті болғанмен де екінші жағынан еріксіз езу жиюға тура келеді. Бір қызығы, тек қана қазақтар бөгде тілде сөйлейді екен. Орыс қазақша сөйлемейді, өзбек орысша сөйлемейді, ағылшын қазақ тілін білмейді. Бұл өзге ұлттардың патриоттық сезімінің жоғары деңгейде екендігін көрсетеді. Жақында “Саз әлемі” бағдарламасында кәріс ұлт өкілдерінің біздің халықтың әнін нақышына келтіріп айтқан кезде жүрегімді бірден елжіретіп жіберді. Сол топқа қарап, егер кей қазақтарымызда намыс болса, осы әнді естіген соң қазақша үйренуге ұмтылысы болады деп үміттендім.
Осы қарбалас заманда барлығы білім мен тілдің еншісінде. Егер қазіргі жастарымыз осындай деңгейде болып тұрса, келер ұрпақ қандай болмақ деген сауал туады. Ол,әрине, уақыттын еншісінде. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін Абай атамыздың мынадай сөздерімен аяқтағым келеді: “ақ қағазбен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе өз сөзім өзімдікі”
Бөлісу:

19 пікір

meirzhan
Бір қызығы, тек қана қазақтар бөгде тілде сөйлейді екен. Орыс қазақша сөйлемейді, өзбек орысша сөйлемейді, ағылшын қазақ тілін білмейді.
— Қазақша сөйлейтін орыстар жетерлік.
— Қазақтардың өздері қазақша сөйлесе, орыстарға қазақша сөйлеу западло
asaubota
қарындасым, әрине айтып отырғандарың шынымен бар мәселелер. бірақ бұл енді жауыр болған тақырып. мұны қайта-қайта айта беру тек жоғарыдағы тиын істеп отырған "ұлтшылдарға" ғана пайда әкелмек. ал біз тіліміз үшін шынымен бірдеме істегіміз келсе мұндай мұңды жазулармен емес басқа әрекеттермен істеуіміз керек. Керекшілердің ұсынары: ең болмағанда қазақша сөйлеп жүру, сөйлету. мұның өзі үлес. ал қолдан келер болса интернеттегі қазақша мазмұнды байытуға ат салыс. мысалы қызық жаңалықтармен, фото, видеомен бөліс. басқалар білмейтін нәрселермен бөліс. еш жерде жоқ қызық ақпаратты қазақшаға аудар. қысқасы интернетте қазақша өмір сүр. керемет ләззат аласың деген сенімдемін. келесі жазбаларыңды асыға күтетін боламын. сәттілік!
dark_nazgul
мұғалім болу керек қой саған.
asaubota
психолог та бола алар едім
zholantai
Еліміз тәуелсіздік алғалы 20 жылдай уақыт өтті
, әжептәуір оқып шықпақ болып оқталғанда, осындай сөйлеммен құртты,)))
19852407
satpekova_alemgul, нешінші класта оқисың, журналіс болғың келе ме?
aikarakoz
Баланың сағын сындырмайық! Жақсы кәменттер жазып, шабыт беру керек сияқты. Жасын енді көріппін
dark_nazgul
мынаусы балабақшаның тәрбиешісі.
Marationok
намыс мен тілдің байланысын көрмедім.
dark_nazgul
намыс мен тілдің байланысы сингармонизм заңында.
Armanjan
Әлемгүл сен 10-шы лицейде оқисың ба, сол районнан көрген сияқтымын сені.