Қыздар танитын футболистер ондығы

Жігіттеріміз де енді «андай» күндері болып жатқан соң, бізге көп көңіл бөлінбей қалып жатыр ғой. Біз, қыздар, жалпы футбол қарамаймыз . Мысалы, көп қыздар, енді барлығы дерлік қарамайды. Футбол қарайтын қыздар көбіне жігіттері мен ортақ «тақырып» болу үшін қарайды немесе жарнамадан не журналдан әдемі жігіт көріп қалса кім екен, немен айналысады екен деп интерес тудыруы мүмкін. Интерестің ішіне: әйелі бар жоқтығы, қай елдікі екені, қанша қаржысы, қандай үй машинасы, футболдан басқа қандай бизнесі бар жоқтығы ғана қызықтырады. Оның қандай құрамада, құрамада кім екені қызықтырмайды.
Сонымен жігіттерінің, жарнамалардың арқасында қыздар таниды- ау деген 10 танымал футболист:
Әрі қарай

Жұмыстағы "Жазғы сылбырлық"

Өндірістік жұмыс орындарында жыл мезгілінің қайсысы болса да қыз-қыз жұмыс қайнап жатады. Біздің жұмыста олай емес. Жаз шықса ішің пысады. Барлық оркестрлердің концерттік маусымдары жабылған. Артисттер жаппай демалысқа кетіп жатыр.Әкімшіліктегілер ғана жүреді әйтеуір 9-дан 6-ға дейін.
«Жазғы сылбырлық» бастықтарды да айналып өтпейді. Біреуі өз шаруаларымен біраз күнге сұранып кеткен. Тікелей жоғары бастығымыз 11сіз келе қоймайды жұмысқа. «Евро-2012» басталғалы 0нда келіп жүрмін жұмысқа. Ешкім ұрыспайд, рахат. Квартал соңындағы премиядан дәмеміз бар сөйтіп жүріп)))
Әрі қарай

Махаббат кездейсоқтықты сүйеді



Менің ойымша кездейсоқ оқиғасыз махаббат болмайды. Әркімнің өз махаббат хикаясы бар, өз кездейсоқтықтары бар. Еш нәрсе бостан босқа болмайды. Өмірді қызық қылатын да осындай сәттер.

2011 жылы шыққан мына «Махаббат кездейсоқтықты сүйеді» фильмінің тақырыбы да махаббат және кездейсоқтық. Ешнәрсе айтқым келмейді. Тек айтайын дегенім Бұл фильмді қараңыз! және жалғыз қарамаңыз.

Фильмді онлайн қарау Орыс тіліндегі аудармасымен / Түрік тілінде
Фильмді түсіріп алу
Әрі қарай

"Командная строка" немесе "cmd"

Cmd — көптеген мамандардың көмегіне келетін, көп деген бұйрықтарды беруге болатын шағын ғана бағдарлама.
Бірақ бұйрықтардың көп болғандығынан, мен ішінен күнделікті өмірде көп қолданатын бұйрықтарды ғана теріп жазамын.

Енді «Командная строка»-ны шығару үшін «Пуск» басамыз.
Содан кейін «Выполнить». Ашылған терезеге «cmd» деп жазамыз.
Әрі қарай

Момын мен қарақшылар

Осы жердегі біразымыздың үлкенді-кішілі балаларымыз бар. Оларға қазақша мультфильм көрсеткіміз келеді, бірақ олардың саны саусақпен санарлықтай ғана. Кейінгі кезде «Алдар көсе» шығып жанымыз қалып жүр әйтеуір.
Назарларыңызға тағы бір қазақ мультін ұсынамын
Әрі қарай

Kinostan.kz: бір жылдық қорытынды есеп



Кішкентай кейіпкерлер жоқ, кішкентай актерлар бар.
Оноре де Бальзак


Бұдан тура бір жыл бұрын, дәл осы 11 маусымға азды-көпті елді шақырып, kinostan.kz жобасының азын-аулақ таныстырылымын өткізген болатынбыз.

— Қалай қарайсың?
— Болады.
— Бастайық онда, — деп апыр-топыры шығып, бір түннің ішінде Интернетке шығып кеткен kinostan.kz туралы сол кезде ыстық-ыстық тілектер айтылып еді.

Бір жылдың ішінде біздің жоба біраз дамып қалды. Әрине, жоқ жерде сайт құру, стартаптың ең төменінен бастау өз кемшіліктері мен кедергілерін көрсетіп-ақ жатыр, әйткенмен, энтузиазм, үміт әлі таусылған жоқ, еңбек қайтар деген ой бар.
Әрі қарай