Синдзи Кагаваның келер жылы үздік атануының 5 себебі

Бүгін www.bleacherreport.com сайтынан қызық жазба оқып едім. Сайттың Макс Тоуле деген колумнисті «МЮ» футболшысы Синдзи Кагава туралы жазыпты. Өзімше аударған болдым. Түсініксіз жерлері болса, айып етпеңіздер.


Синдзи Кагава

Чемпиондар лигасы финалының алдында Юрген Клопптың Синдзи Кагава туралы айтқан пікірін оқып жылағым келді.
The Guardian басылымына берген сұхбатында «Боруссия Дортмунд» бапкері Кагаваның «Олд Траффордтағы» дебюті туралы былай деді:

«Синдзи Кагава – әлемдегі ең үздік ойыншылардың бірі. Қазір ол «Манчестер Юнайтедте» 20 минут ғана ойнайды. Сол қанатта! Жүрегім қан жылайды. Шынымды айтсам, көзіме жас келеді.
Орталық алаң Синдзидің ойқастайтын жері. Ол өмірімде көрген қорғанысқа көңіл бөлетін жартылай қорғаушы болғанына қарамастан көп гол соғатын жалғыз футболшы. Бірақ, көптеген жапон футболшыларына «Дортмундта» ойнағаннан гөрі, «МЮ»-да доп тепкен ұнайды».

Жапон үшін әлемдік аренадағы өткен жылы есте қаларлықтай болды, бірақ аздаған кедергілер әсер етті. Ол қазіргі кезде «қызыл сойқандар» үшін ерекше атанудың аз алдында тұр. Келесі маусымда «МЮ»-дың үздік ойыншысы атануы мүмкін. Төменде мені ондай ойға жетелеген бес себепті оқыңыз:

1. Өз орнын табу.



Кагаваның өткен маусымды сәтті өткізе алмауының себебі, оның алаңның басқа жағында, Сэр Алекс Фергюсон белгілеген жерде ойнауында.
Әрі қарай

«Halyk+Beeline» қосымшасы

Қайырлы күн Керекшілер!!!
бірдемелер жазбағалы да біраз күндер болыпты, кешеден бері қайтадан жазсам ба деп ананы мынаны шұқылап отырып мынада бірдемелерді көріп қалып бір керегі болар деп жаза бастадым, мыналар дегенім кешегі жазбам мен бүгінгі мына жазбам ғой,
тағы да сол төлем туралы болмақшы,төлем қабылдау туралы бірдемелер керек болып қалар осы болгқа қосылыңыз көп сөйлеп кеттім бе? ендеше тікелей осы жазбаға көшейін.
Halyk+Beeline – бұл Халық банкінің төлем карточкаларын иеленуші болып табылатын Beeline ұялы байланыс операторы абоненттерінің мобильдік телефондарына арналған қосымша.
Әрі қарай

Аз әріпті 9 әңгіме

Кітаптар әлемі: Аз әріпті 9 әңгіме

Кітаптар әлемі: Аз әріпті 9 әңгімеБұл әңгімелердің қай-қайсысынан да толықметражды фильмге сценарий жазуға болады. Сиырқұйымшақтанбаған мелодрама, комедия, тіпті болмаса философиялық тәмсіл де жасалады. Деталь қосып, кейіпкерлерін дамытып, романның көлеміне жеткізуге де жарайды. Әйткенмен, олай етіп қажет емес. Қысқалық-талант.

Кітаптар әлемі: Аз әріпті 9 әңгіме1. Джейн Орвис. «Терезе»
Ританы желкесіне пышақ тығып, артынан айдап өлтіріп кеткелі, Картер тек терезе алдында отырады.
Әрі қарай

Қазақстан мен Германия футбол командаларының айтысы


Мен өзім осы футбол мен айтыстын шын жанкүйері едім, бір жерден оқыған осы шумақтарды сіздерде оқыңыздар (бұл шумақтар кешегі соңғы өткен ҚазаҚстан-Германия матчынан соң туған:

Жоқ әлде Қазақстан футболы да, Алауыздық ауруын жұқтырған ба? Төртіншісі қосылса дау туар деп, Үш жүзден үш-ақ қазақ шықтыңдар ма?
Әрі қарай