Футбол әлемінен ерекше оқиғалар-2

Алғашқы Футбол әлемінен ерекше оқиғалар жайлы жазбамда жалғасы болатынын айтқан едім, сонымен оқи отырыңыз:

1. Футболдағы «Оле-оле-оле» кричалкасы(аудара алмадым) Испания елінен шыққан. Ал оны ол жерге 8 ғасырда Испанияны жаулаған арабтар апарған екен, бұл сөзді олар арабтардың дұғаларындағы «Аллах» сөзінен алған.

2. Хулио Иглесиас жас кезінде Мадридтік «РЕАЛДЫҢ» (менің сүйікті командам) қақпашысы болған. Алайда оның карьерасы 20 жасында апатқа ұшырап, ауруханада 3 жыл жатқан соң аяқталды. Ол тек қолдарын ғана еркін қозғалта алаыин еді ол кезде, осыған қарамастан гитара тартуды үйреніп кейін әлемге танылды. Хулио Иглесиас атақты әнші Энрике Иглесиастың әкесі…

3. Британ аралдарында тұман қарапайым құбылыс болып саналады. Ерекше жағдай шотландтық екі команда матчы кезінде орын алды. Не болды дейсіздер ғой: тұман қою түсіп, тіпті ойыншылары бір бірін, керек десеңіз допты да көре алмай қалған. Сол сәтте ойындағы төрешіге алаңда көп адам жүргендей көрінген, командалардың запастағы скамейкасына барғанда ол жердің бос екенңн байқап ойынды тоқтатты. Қызығы сол, алаңда тұп-тура 30 адам ойнап жүр екен.

4. Италияның Асти қаласындағы кезекті футболдан жолдастық кездесу кезінде орталық шабуылшы Маскио доп тебем деп жерді жақсылап теуіп, аяғын оңдырмай ауыртып алады. Сол жерді зерттеген кезде құнды тарихи жәдігер болып табылатын адам скелетін тауып алады. Маскиоға ақшалай сыйлық пен тарихи зерттеуі үшін алғыс айтылған.

5. Бразилиялық қорғаушы Пинейроны гол соғудан рекордсмен санаған… өзге қақпаға емес өз қақпасына соғу бойынша(1 сезонда 10 гол). Келесі сезонда Пинейроны шабуыл шебіне алмастырады, соның өзінде де алғашқы ойынында-ақ ӨЗ қақпасына гол соққан. Футболшы 25-ке толғанда клубтас достары оған компас сыйлаған, компаста: «Есіңде болсын, қарсылас ана жақта „ деп жазылыпты.

6. 1959 жылы Немістің Гельзенхиркендегі стадион әкімшілігі қателесіп бір уақытқа футбол және гандбол матчын ұйымдастырған. Спортшылардың ешқайсысы да өз дегенінен қайтпаған соң екі матчта бір уақытта өткізілді. Алаңда 4 команда, 2 доп болған.

7. Итальяндық қақпашы Гроссо матч кезінде төрешіге көзілдірік тағып жүруін сұрағаны үшін алаңнан қуылды. Кейін белгілі болған Гроссо көзілдірік дүкенінің иесі, ал төрешінің көзі нашар көретінң анықталған. Соңында қақпашыға кешірім беріліп, төреші көзілдірік сатып алады.

8. Испанияның Фуенто қаласының жергілікті командасы “Гонша» командасын қабылдады. Арада біраз уақыт өткен соң қонақтар 0-2 есебімен алға шығады, осы сәтте алаңға ашулы 3 бұқа шығып кеткен. Ойыншылар мен төрешілер бас сауғалап қашады, ойынды тоқтатуға тура келген. Кейін анықталғаны ол бұқаларды жергілікті команда жанкүйері командасының ұтылып жатқанына шыдамай кіргізудің жолын тапқан.
Бөлісу:

11 пікір

torgai
Керемет! Бірақ 4-де
Маскио доп тебем деп жақсылап теуіп, аяғын оңдырмай ауыртып алады
«жерді» деген сөз қалып қойыпты
Ispek92
рахмет, қазір түзетемін.
Marco
Атақты әртіс Шон Коннеридің де футболшы болғанын білесіз бе? Оны тіпті Манчестер Юнайтед шақырады. Ең соңғы сәтте ғана Шон актерлікті таңдап кетеді.
torgai
Міне қызық. Таңдауы дұрыс болған екен.
User
Эрнан Креспо жәй стадион қызметшісі болған екен.Кейін Ривер Плейтке кадр жетпей жарысқа алып кетіпті.
torgai
Бізді де сөйтпеген екен)))
Marco
Мынау енді сенімсіз нәрсе. Егер атақты Ривер Плейт болса, адам жетпей қалыпты деген ақылға сыймайды ғо
User
қумаш, шынымен жастайынан футболға қатысса молодежный командада болмайма ал ол 18 жасында ақ Ривер Плейт ойыншысы атанған яғни 1993 жылы ал оның алдында жәй стадион жұмысшысы болған.
User
өзі 1975 жылы.

жастайынан футболда болса

1982 жылдан бастап Ривер Плейтте болуы керек.
User
что Эрнан Креспо в 18-летнем возрасте, работая газонокасильщиком на стадионе, попал в заявку Ривер Плейта на один из турниров, ввиду нехватки кадров
konvict
Атақты Нильсон Бордың да футболшы болғанын бүкіл әлем біледі. Мұхтар Әуезов та футбол ойнаған дейді