Қыздарға жасалған сыйлықтар: Саймантас

Кез-келген ғашық қыздың кішкентай тілегі бар-ау «сыйлық алсам ба екен» деген. Менің достарымның, таныстарымның (өзімнің де) талай сыйлығымыз да кетті ғашықтарымызға немесе жақсы таныстарымызға. Сондай сыйлықтардың бір сериясымен бөліссем.
№1 – «Саймантас»

Блог - ErnarSeytahmet: Қыздарға жасалған сыйлықтар: Саймантас
Саймантас деген мына табиғаттың жаратылысы. Тас қандай «дүниеге» ұқсайтынын менсіз-ақ естіген шығарсыздар. «Сайман» деп аталуы да содан. Жанына әйелдер келіп, қолымен тасты ұстаса, үлкен қуатқа ие болады екен. Баянауылда осыдан үш жыл бұрын үш күн бойы республикалық семинар өтті. Елімізден түкпірінен жиналғандар «қазақ тілділер» мен «орыс тілділер», солтүстік пен оңтүстік боп бұйрықсыз бөлінді кешкі жиналыстарында. Алғашқы екі-үш күн қызықты өтті. Үшінші күн үйге қайтарымызда Дарын атты шымкенттік досым Қарағандының бір қызына сыйлық жасамақ болып сувенирный лавкаға бардық. Бардық та Саймантастың суреті бар магнитті алдық, еңбгімізді абыройлы орындаған жандай кейін қайттық.
Дарын досым мәз, қызға сыйлық әкелеміз деп сүйіншіледім. Қыз да мәз, сыйлық аламын деп. Мына суретті көріп байғұсымыз не жыларын, не күлерін, не «атасына» жіберерін білмей аң-таң болып қалды. Езуін тоқтатар досым жоқ, мен болсам сәл ұялып қалдым. Ал қыз бізге жымия қарап, бетімізден сүйді де сөмкесіне салып алды.
Кәдесыйдың ата-анасы көріп, не дегені жайлы тарих үн қатпай жатыр.

Narcos - Пабло Эскобар, кокаин, саясат...

Киностан: Narcos - Пабло Эскобар, кокаин, саясат...

Narcos — Netflix студиясы шығарған сериал. Атақты колумбиялық наркобарон Пабло Эскобардың өмірін, Медельин картелінің құрылуын және жалпы кокаин бизнесінің басталуын суреттейді. 28 тамызда көрсетілімге шыққан сериалдың қазіргі IMDB рейтингі — 9,1 (38 мың адам дауыс берген). Алғашқы маусымы 10 бөлімнен тұрады. Сериал жасаушылар 2-маусымы түсірілетінін де хабарлап үлгерді. Биылғы жылдың үздік сериалдарының бірі болуы мүмкін. Танымал Lostfilm студиясының сапалы дыбыстауымен онлайн қараңыз.
Әрі қарай

Қазақстан – Нидерланды матчының билет бағалары төмендетілді

Астана жаңалықтары: Қазақстан – Нидерланды матчының билет бағалары төмендетілді

10 қазан күні «Астана Арена» стадионында 2016 жылы өтетін Еуропа чемпионатының кезекті іріктеу кезеңі турында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Нидерланды командасымен кездеседі. Осыған орай бүгін Астана әкімдігінің ғимаратында ойын уақытында қадағаланатын қауіпсіздік шаралары туралы брифинг өтті.

Қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Әбдіхамит Тамабаев матч алдында жанкүйерлерді стадионға дейін тасымалдауды ұйымдастыру барысы жайлы айтып берді.

Ойын басталардан үш сағат бұрын қоғамдық көліктерден басқа көлік қозғалысы үшін Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының Керей Жәнібек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейінгі бөлігі уақытша шектеледі. Мачт уақытында осы көшелерге жолы түсетін жүргізушілер Орынбор көшесі арқылы айналып өтеді.

Жанкүйерлер стадионға №10, 12, 27, 40, 43, 51, 55 автобус бағыттары арқылы жетуге болады. Бұдан бөлек, сағат 19.00-ден бастап қаланың 6 тұсынан арнаулы автобустар қатынайды. Олар «Қазақстан» СК, «Әзірет Сұлтан» мешіті, Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион, «Жастар» театры, «Нұр Астана» мешіті және «Астаналық» цирк алдынан жүреді. Басқарма өкілі бұл рейстерге жолақы билеттері жарамсыз екенін ескертеді.

Сондай-ақ, Қазақстан Футбол федерациясы қолдаушыларды көптеп жинау үшін ең қымбат билет бағасын 6 000 теңгеге дейін төмендетті. Билеттерді стадион кассасымен қоса, «Меломен» сауда желілерінен және «Тикетон» (www.ticketon.kz) интернет сервисі арқылы сатып алуға болады.
Әрі қарай

Қазақстан-Нидерланды арасындағы футбол матчы кезінде көлік қозғалысы шектеледі

Астана жаңалықтары: Қазақстан-Нидерланды арасындағы футбол матчы кезінде көлік қозғалысы шектеледі
10 қазанда сағат 22.00-де «Астана Арена» стадионында Еуропа Чемпионаты-2016 іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Нидерланды құрамаларының арасындағы футбол матчы өтеді. Осыған байланысты 10 қазан күні, сағат 19.00-ден бастап матчтың аяқталуына дейін Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылы қиылысы, Керей Жәнібек хандары көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейін қоғамдық көліктер мен таксиден басқа көлік түрлері үшін жол қозғалысы шектеледі. Ұсынылатын айналма жолы — Орынбор көшесі.

Астана қаласының халықаралық әуежайына сапарға шығатын азаматтар мен әуежай маңында тұратын елді-мекендердің тұрғындары жол маршрутын алдын ала жоспарлауы қажет.

Аталған жол бойындағы жүктемені жеңілдету мақсатында Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтарын футбол матчына барарда қоғамдық көліктерді пайдалануға шақырады.

Футбол жанкүйерлері «Астана-Арена» стадионына № 10, 12, 27, 40, 43, 51, 55 қоғамдық көліктерімен қатынай алады.

Сондай-ақ, көрермендер үшін арнайы автобус-шаттлдары ұйымдастырылады. Сағат 19.00-де Қ. Мұнайтпасов атындағы стадионы, «Қазақстан» спорт сарайы, «Хазірет Сұлтан» мешіті, «Нұр Астана» мешіті, Қабанбай батыр көшесі бойындағы елордалық циркі, Жеңіс даңғылы бойындағы «Жастар» театры алдында арнайы қоғамдық көліктер жолаушыларды жинап алады.

Арнайы автобус-шатлдардың жол жүру құны қоғамдық көліктердің бағасымен бірдей болып келеді. Жол жүру билеті жарамсыз.

Ойын аяқталғаннан кейін «Астана-Арена» стадионынан автобус-шаттлдары мен № 10, 12, 27, 28, 30, 40, 43, 51, 55, 61 қоғамдық көліктерімен қайтуға болады.

Елордалық полицейлердің айтуынша, бұрын өткізілген шараларға сәйкес жанкүйерлердің қоғамдық көліктерді пайдаланғаны тиімді екені дәлелденді.
Әрі қарай

Қыркүйектегі ең төменгі күнкөріс деңгейі – 24 033 теңге

Астана жаңалықтары: Қыркүйектегі ең төменгі күнкөріс деңгейі – 24 033 теңге

Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың қыркүйек айында негізгі азық-түліктерді тұтынудың ең төменгі нормаларынан алып есептегенде елордада халықтың орташа жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс мөлшері – 24 033 теңге. Бұл көрсеткіш алдыңғы аймен салыстырғанда 0,6%-ға кеміді, ал 2014 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 1,4%-ға өсті.

Астаналықтардың ет пен балықты сатып алуға жұмсаған шығындарының үлесі 18,6% болса, сүт, май-тоңмай өнімдері мен жұмыртқа 15,6%-ды, жемістер мен көкөністер 15,4%-ды, нан өнімдері мен жарма өнімдері 8,5%-ды, қант, шай мен қоспалар бойынша 1,9%-ды құраған.
Әрі қарай

«Expo-2017» көрмесіне 50-ге жуық ел қатысатындығын растады

Астана жаңалықтары: «Expo-2017» көрмесіне 50-ге жуық ел қатысатындығын растады
2017 жылы Астанада өтетін «Expo-2017» халықаралық көрмесіне қатысатындығын 48 ел растады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Expo-2017» комиссары, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев мәлім етті – деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі.

Қазақстан тарапынан аталған көрмеге дайындық жұмыстары ел ішінде және сыртта да белсенді жүріп жатқанына тоқталған Р.Жошыбаев: «Бүгінде бізге 58 хат келіп, оның ішінде 48 мемлекет пен 10 халықаралық ұйым көремеге қатысатындығын ресми түрде растады. Ұлттық секцияның 21 комиссары тағайындалды. Осы орайда тиісті келісімдерге қол қоюға дайындалуда» деді.
Сондай-ақ, Р.Жошыбаев биылғы 18-19 қарашада «Expo-2017» көрмесіне халықаралық қатысушылардың екінші жиыны өтетіндігін жеткізді. Басқосу барысында елдердің қатысуына байланысты техникалық мәселелер тыңғылықты талқыланбақ.
«Сонымен қатар, бірқатар елдермен олардың қатысуы туралы келісімдер бекітіледі. Атап айтқанда, Қазақстан Үкіметі және ХКБ арасында келісімге қол қоюға дайынбыз. Онда «ЭКСПО-2017» қатысушылары үшін жеңілдіктер мен артықшылықтар қамтылған. Жақын арада бұл құжат бекітіледі», — деді ол.
Әрі қарай

Журналистер аллеясы ашылды

Астана жаңалықтары: Журналистер аллеясы ашылды

Астанада Журналистер аллеясы ашылды. Журналистер «Сұлу» тұрғын үй кешенінің ауласында ұзақтығы 3 километрді құрайтын бірінші республикалық медиа аллеясын ашты. Аллеяның ашылуы Ұлттық орман егу күніне орайластырылды – деп хабарлайды astana.kz сайты.

БАҚ өкілдері 150 сиверс алма ағашын, емен, қызыл жемісті шетен, ақ қайың, сібір шыршасы, ақ тал, сүмбіл терек, қызылтал, сондай-ақ, ЭКСПО-2017 брендіне айналған арнайы гүлбағында дайындалған мамық түзбейтін бальзамдық терек көшеттерін отырғызды.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы жерімізді көгалдандыруға көп көңіл бөледі. Біздің бетпақ даламызда ағаштар аз қамтылған. Сондықтан, жастарды көшеттер отырғызуға шақырамын. Себебі көшеттерді жиі отырғызған сайын, ауа да тазарады. Бұл жерде журналистік аллея бастау алды. Аллея Қазақстанның барлық қалаларында жалғасын табады. Бұл бірегей журналистер аллеясына айналады» дейді шараға қатысқан «Тұрақты даму» жер қорының биологы Валентина Ободовская.

Айта кетейік, Қазақстанда 2014 жылғы 19 сәуірде БҰҰ Халықаралық орман жылын қолдауы мақсатында бірінші Ұлттық орман егу күні өтті. Акция қорытындысы бойынша 2014 жылы мыңдаған еріктілер қатары жалпы көлемі мыңдаған гектарды құрайтын миллионға жуық көшет отырғызды.

Сурет astana.kz сайтынан алынды
Әрі қарай

Елордада Астана агломерациясының даму бағыттары талқыланды

«Астана бас жоспары» ҒЗЖИ ғимаратында «Астана агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық кестесі» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті.

– Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы аясындағы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Астана мен Алматы қалаларында агломерацияның ұзақ жылдық жоспары дайындалуда, біздің жоба 2030 жылға дейінгі мерзімнен бұрын дайындалды, – деді кездесу барысында «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ ЖШС директорының орынбасары Бахтыбай Тайталиев.

Жобаның негізгі міндеті елорданың ауылшаруашылық өніміне сұранысын қанағаттандыру болып табылады.

Қоғамдық тыңдау барысында Астананың агломерация аумағын дамыту: азық түлік (ауыл шаруашылық және ауылшаруашылық өнімдерді қайта өңдеу, елорданы азық-түлікпен қамтамасыз ету); құрылыс индустриясы (Астана қаласын құрылыс материалдармен қамтамасыз ету); жаңа индустриалдық аймақты дамыту, логистикалық орталық және жаңа спутник-қалалар; көлік инфрастуктурасын дамыту; демалыс орын және туризм (елорда тұрғындарын қысқы уақытқа арналған демалыс орындарымен қамтамасыз ету); жасыл белбеу секілді тақырыптар талқыланды.

Сонымен, Астана қаласының агломерациясына Ақмола облысының үш ауданының (Аршалы, Целиноград, Шортанды) 127 елді-мекендері және Ақкөл ауданының 4 елді-мекені кіреді. Астана агломерациясының жалпы көлемі 2 175 мың гектарды құрап, халықтың саны миллионнан асады. Оның ішінде Астанада 814 мың адам тұрады, қала аймағында 196 мың адам тұрады.

Жобаны дамыту барысында 2020 жылы агломерациялық аймақта 1 млн 200 мың адамға дейін, ал 2030 жылы шамамен 1,5 млн адам тұрады деп жоспарланған.

Астана қаласының төңірегінде агломерацияны дамыту жоспары аясында қала аймағындағы халықтың тұрақты түрде еңбекпен қамтылуы, орта және шағын бизнестің дамуы көзделген.

Астана жаңалықтары: Елордада Астана агломерациясының даму бағыттары талқыланды

Астана жаңалықтары: Елордада Астана агломерациясының даму бағыттары талқыланды

Астана жаңалықтары: Елордада Астана агломерациясының даму бағыттары талқыланды

Астана жаңалықтары: Елордада Астана агломерациясының даму бағыттары талқыланды

Астана жаңалықтары: Елордада Астана агломерациясының даму бағыттары талқыланды

astana.gov.kz
Әрі қарай

Кроссворд №1

Кроссвордта сөздер тігінен және көлденеңінен жасырылады. Жауаптарды берілген номері бойынша орналастырасыз.

Ескерту: кроссворд 90-жылдары құрастырылғандықтан кей сұрақтардың жауабы қазіргі уақытта өзгерген болуы да мүмкін.

Интеллектуалдық ойындар: Кроссворд №1

Аршат Оразовтың кроссвордтар жинақ-кітапшасынан алынды.
Әрі қарай

Астаналық армрестлинг шеберлері жүлдемен оралды

Астана жаңалықтары: Астаналық армрестлинг шеберлері жүлдемен оралды

Астаналық армрестлинг шеберлері 26 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Малайзия астанасы Куала-Лумпурда өткен әлем чемпионатынан жүлдемен оралды.

Сайысқа Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Жігер» спорт клубының мүшелері қатысты. Тыңғылықты дайындықпен барған спортшыларымыз құр алақан қайтпады. Ересектер арасында Еркін Әлімжанов пен Заир Ахмедов 70 кг дейінгі дәрежеде алтыннан алқа тақса, 100 кг дейінгі салмақта Георгий Дзиранов күміс жүлдегер атанды.

Ал жастар арасында 1-орынды Әлижан Мұратов иеленсе, Анастасия Табарина 3-орынды қанағат тұтты. Жеңімаздар сайыс нәтижелеріне разы екендерін, бірақ алда бұдан да биік белестерден көрінуге ұмтылатындарын жеткізді.
Әрі қарай