«Бәйтерек» монументі БҰҰ-ның 70 жылдығына арналған акцияға қатысты
Біріккен Ұлттар Ұйымының жетпіс жылдығына орай өткізілген «Әлемді БҰҰ-ның көгілдір түсіне боя» атты жаһандық акция аясында Астанадағы «Бәйтерек» монументі осы науқанға қосылды. Бұл тұрғыда елорданың символы ұйым мерекесіне орай БҰҰ-ның туы түстес көгілдір жарықтармен түрленді.Атап айтқанда, бұл акцияға 200-ден астам әлемдік танымал ғимараттар, мұражайлар, көпірлер және басқа да нысандар қатысуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл науқанға қатысу — дүниежүзінің азаматтарын біріктіруге, бейбітшілік пен даму және адам құқықтары туралы үндеуді таратуға жәрдемдесуге, сондай-ақ барлығына ортақ лайықты өмір сүру мен гүлдену идеяларын насихаттауға бірегей мүмкіндігін береді.


Жақында ғана сайтымызда «Астана» баскетбол клубының құрамы тәжірибелі ойыншылармен жаңарғанын, жаңа маусымға тас-түйін дайын екендігін хабарлаған едік. Команда өз алаңында финляндиялық «Байзонс» клубын қабылдап, 83-80 есебімен жеңіске жетті. Бұл «Астананың» – ВТБ Бірыңғай лигасындағы алғашқы ұпайы.
