Елордада «Назар аударыңыз - жаяу жүргінші» акциясы басталды

Астана жаңалықтары: Елордада «Назар аударыңыз - жаяу жүргінші» акциясы басталды
Астанада жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында шілденің 18-і мен 24-і аралығында «Назар аударыңыз — жаяу жүргінші» кең ауқымды акциясы өткізіледі.

— Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жаяу жүргіншілердің жолдарды рұқсат етілмеген жерлерден кесіп өтуіне, қиылыстарда, жаяу жүргіншілер өткелінде оларға жол бермеген жүргізушілерге назар аударады. Жыл басынан бері 337 жол-көлік оқиғасының 68-і жаяу жүргіншілердің кінәсінен орын алған. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 12 мыңнан астам жаяу жүргінші, сондай-ақ, оларға жол бермеген 4 мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді Жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев.

Айта кетейік, елордалық полицейлер «Жарқын бол» акциясын өткізеді. Шара аясында жарық шағылыстырғыш білезіктер таратылады. Жүргізушілер оны таққан жаяу жүргіншілерді көліктің жақын шамымен 50 метр қашықтықтан, ал қозғалыс кезінде көліктің алыс жарық шамымен 150 м қашықтықтан көре алады. Шағылыстырғыш элементтер болмаған жағдайда, жаяу жүргінші көлік шамының жарығымен 30 метр қашықтықтан ғана байқалады. Зертеушілердің мәліметінше, шағылыстырғыш элементтер қараңғы кезде жүргіншілерді қағып кету жағдайын 5-6 есеге төмендетеді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11008
Әрі қарай

Астанада Қазақстанда тұңғыш рет Шығармашылық академиясы өтіп жатыр

Астана жаңалықтары: Астанада Қазақстанда тұңғыш рет Шығармашылық академиясы өтіп жатыр
10-24 шілде аралығында Астанада елімізде тұңғыш рет ЮНЕСКО Клубтары шығармашылығының Академиясы өтеді. Бірегей жоба Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясының, ҚР Тұңғыш Президенті қорының және Қазақ Ұлттық өнер университеті нің бастамасымен өткізілмек.

Жоба жастарды толеранттық рухта тәрбиелеу және мемлекеттің болашақ шығармашылық әлеуетін қалыптастыру мақсатында шығармашыл-дарынды өскелең ұрпақты қолдау мен дамытуға бағытталған.

Қазақстанның 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан 12-17 жас аралығындағы 100 үздік студент екі апта бойы білім беру бағдарламасынан өтеді. Жобаға көркемдік, музыкалық, хореографиялық, вокалдық өнер номинациялары бойынша алдын ала іріктеуден өткен 500-ден астам үміткер қатысады.

Өнер саласындағы жетекші мамандармен кәсіби сабақтардан басқа, бағдарламаға «әлем мәдениеті» мен жаһандық азаматтықты қалыптастыратын, көшбасшылық әлеуетті дамыту бойынша тренингтер мен шеберлік-сыныптар енгізілді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11001
Әрі қарай

Елорда әкімдігінде Smart Astana жобасын іске асыру мәселелері талқыланды

Астана жаңалықтары: Елорда әкімдігінде Smart Astana жобасын іске асыру мәселелері талқыланды
Астана әкімі Әсет Исекешев пен ҚР Ақпарат жне коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Smart Astanaжобасын іске асыру мәселелерін талқылады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Ақылды қала» арнайы бағдарламасы әзірленеді. Мақсаты – қалалық қызметтердің жұмысын белсендіру және қайта құру, яғни олардың қызметінің тиімділігін арттыру; халық пен бизнеске сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; инфрақұрлымның үйлесімді және нақты жұмысын ұйымдастыру. Тиісті жұмыстар ең алдымен халықты мазалайтын салаларда қолға алынбақ. Атап айтқанда, көлік, білім, медицина, ТКШ жүйесі және т.б.», – деді Әсет Исекешев.

Өз кезегінде, министр Дәурен Абаев халық өзгерістерді бірден сезінетіндей жобаларды бірінің соңынан бірін қолға алу керек екендігін атап өтті. Жұмыстар мектепке дейінгі мекемелерден, көлік коммуникациялар саласынан басталмақ.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар «Smart Astana» жобасын іске асыру бойынша жұмыс тобын құру туралы келісті. Арнайы әзірленген тұжырымдама бойынша сандық қоғамды құру бойынша жобалар кезең-кезеңмен енгізілетін болады. Алғашқы жобалар мектепке дейінгі білімді, денсаулық сақтау мен көлік салаларын қамтиды.

Бірлескен жұмыстарға ҚР ИДМ техникалық реттеу комитеті, Инновациялық технологиялар паркінің Алматы кластерлік қоры (ИТП АКҚ), сондай-ақ, даму институттары, соның ішінде «Зерде» холдингі, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (ТДҰА) тартылады. Компаниялар стандарттау, инноваторлармен жұмысты ұйымдастыру, сандық технологияларды енгізу және Астанада инновациялық жобаларды қаржыландыру мәселелері бойынша барлық қажетті көмекті көрсетуге ниет білдіріп отыр.

Анықтама:

«SmartAstana» тұжырымдамасымен «Астана Innovations» АҚ айналысады. Қазіргі кезде «Smart мектеп», «Smart емхана», «Smart көшені жарықтандыру», «Smart payments», «Smart tickets», «Smart tracking», Астананың интеллектуалды байланыс орталығы жүзеге асырылды.

Өткен жылы жоғарыда аталған жобалардың бесеуі инвесторлардың қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Жобалардың абсым бөлігі портал мен «SmartAstana» қосымшасына біріктірілді.

Бүгінгі таңда 63 мыңнан астам елорда тұрғын аталған мобильдік қосымшаны жүктеген. Оның ерекшелігі жедел хабарламалардың келіп түсу және «Астана-109» байланыс орталығына өтініш беру функциясы, сондай-ақ, басқа да көптеген ақпараттық сервистер болып табылады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10991
Әрі қарай

Елордалық Жұмыспен қамту орталығы 3,5 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастырды

Астана жаңалықтары: Елордалық Жұмыспен қамту орталығы 3,5 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастырды
Астанада жыл басынан бері жетінші бос орындар жәрмеңкесі өтті. М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайына жұмыс іздеген 800 жуық адам келді. Олардың басым бөлігі қалалық оқу орындарының түлектері.

Жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған шараға 50 жұмыс беруші қатысып, 500 тарта бос жұмыс орны ұсынылды.

Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Абай Баймульдиннің айтуынша, бүгінгі жәрмеңкеге қызмет көрсету, білім мекемелері, автопарктер, ішкі істер органдары қатысуда.

Айта кетейік, бұған дейін өткен алты жәрмеңкеде 222 адам жұмыспен қамтылды. Жалпы, жыл басынан бері 3 710 адам жұмыс тапты, соның ішінде 1079-ы қоғамдық жұмыстарға кірісті, 540 адам кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарына жіберілді.

Бұдан басқа, 284 адам жастар практикасына, 101 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алды. Жыл басынан бері 6990 адам жұмыс іздеп, өтініш жазған.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10990
Әрі қарай

Астанада 20 шілдеде қайырымдылық концерті өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада 20 шілдеде қайырымдылық концерті өтеді

20 шілде күні Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда «Орда», «Ринго», «Ninety one», «Renzo», «Аюми» топтары және Ернар Садырбаевтың қатысуымен қайырымдылық концерті өтеді. Билет құны 2000 теңге. Басталуы 20.00

Билеттер ticketon-да.
Әрі қарай

Астанада «Дінаралық татулық – тәуелсіздіктің тірегі» шығармашылық байқауы өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада «Дінаралық татулық – тәуелсіздіктің тірегі» шығармашылық байқауы өтеді
Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы Дін істері жөніндегі басқармамен бірлесіп «Дінаралық татулық – тәуелсіздіктің тірегі» шығармашылық байқауын өткізеді. Шараға гуманитарлық және шығармашылық мамандықтардың орта білімнен кейінгі деңгейінің студенттері, журналистер мен кәсіпқой дизайнерлер қатысады.

Шараның мақсаты – діни емес ағымдардың әсер ету қауіпінің алдын алу саласындағы өзекті мәселелер жөнінде ақпарат тарату бойынша жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және қолдау, еліміздің дәстүрі мен мәдениетіне сай діни сана-сезімді қалыптастыру. Сонымен қатар, дін мәселелеріне қатысты оқиғаларды әділ және қасақана емес жариялайтын БАҚ өкілдері ынталандырылатын болады.

Байқау үш номинация бойынша өтеді: «Ең үздік мақала, мақалалар топтамасы», «Ең үздік көрнекті туынды», «Ең үздік бейнешығарма немесе сценарий». Әр номинацияда жүлделі үш орын болады.

Байқауға қатысуға өтінімдер 2016 жылдың 20 қыркүйегіне дейін baiqau@mail.ru электронды поштасына қабылданады. Толық ақпаратты + 7701 173 23 76, + 7747 666 27 04 телефондары бойынша және religii.kz сайтынан алуға болады.
Әрі қарай

Астана қаласының Қоғамдық кеңесінде қоғамдық көлікке қатысты қоғамдық тыңдау өтеді

Астана жаңалықтары: Астана қаласының Қоғамдық кеңесінде қоғамдық көлікке қатысты қоғамдық тыңдау өтеді
Астана қаласының Қоғамдық кеңесі 27 шілдеде сағат 16.00-де қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту, көше-жол желісін және тұрақ инфрақұрылымы объектілерін дамыту бойынша атқарушы органдардың қызметі жөніндегі мәселе бойынша қоғамдық тыңдау өткізеді.

Аталған мәселе бойынша ескертулер мен ұсыныстарыңызды жазбаша түрде Қоғамдық кеңеске (Бейбітшілік к-сі, 11) немесе 32-03-95, 55-74-56 телефондары бойынша жолдауларыңызды сұраймыз.
Әрі қарай

Елордалық құтқарушылар халықты судағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыруда

Астана жаңалықтары: Елордалық құтқарушылар халықты судағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыруда
Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, су қоймаларында төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Рейдтер әр демалыс сайын тұрақты түрде ұйымдастырылады. Құтқарушылар жазғы шомылу маусымын қауіпсіздік техникасын түсіндіруден бастайды. Өткен демалыста 1,5 мыңға жуық қала тұрғыны қамтылды.

Жыл сайын шомылатын жерлерде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің іс-шаралар жоспары әзірленеді. Елордалық құтқарушылардың мақсаты елорда тұрғындарын судағы қауіпсіздік шараларымен таныстыру, сонымен қатар, суға түсетін орындарда тәртіп ережелерін сақтауға шақыру болып табылады.

Шара барысында Қазақ ГЗУ аумағындағы көпірлер мен «Газмашаппаратура» бақша қоғамдастығының ауданы тәуекел аймаққа жататыны анықталды. Осыған байланысты тыйым салатын және ескертетін 30 жуық белгі қойылды.

Рейд кезінде құтқарушылар оқушыларға баса назар аударды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10962
Әрі қарай

Елордада жәрмеңкелерде 600 тоннадан астам өнім сатылды

Астана жаңалықтары: Елордада жәрмеңкелерде 600 тоннадан астам өнім сатылды

Апта сайын жұмадан жексенбіге дейін елордада Астана қаласының, Ақмола және Қарағанды облыстары тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді.

Осы аптада 36-шы жәрмеңке ұйымдастырылады. Осы күнге дейін 670 тоннаға жуық өнім сатылды, оның бағасы базардағыдан 10-15% арзан.

Жәрмеңке барысында бақылаушылар баға мониторингін жүргізеді. Бағалардың негізсіз көтерілуіне жол бермес үшін әрбір алаңда бақылаушы таразылар қойылады. Сатылатын тауарлардың, әсіресе ет өнімінің сапасына баса назар аударылады.

«Біздің тараптан өнімнің сапасын бақылау бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда. Күнде таңертең ет өнімдері арнайы тексеруден өткізіледі, қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік мақсатында ветеринарлық бақылаудан өткен етті ғана сатып алуларын сұраймыз», — дейді Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.

Оның айтуынша, қала әкімдігі тұрақты эпизоотикалық жағдайды сақтау үшін қажетті іс-шараларды қабылдап жатыр. Соның ішінде, қала маңындағы мал бақылауға алынды. «Рубеж» бекеттерінде тұрақты түрде рейдтер өткізіледі. Тұрғын үй алаптарын аралап, халық арасында мониторингтеу және түсіндіру жұмыстары, сырттан әкелінген жануарларды вакциналау жұмыстары қолға алынды. Сауда нысандары мен мал сою алаңдарында ет өнімдері ветеринарлық бақылауға алынып, зертханаларда міндетті түрде ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өткізіледі. Күмәнді өнім анықталған жағдайда, оны алу және жою шаралары қабылданады.

Елордалық билік қала тұрғындарына ет сатып алу кезінде тиісті сәйкестік сертификатын немесе сынақ хаттамасын талап етуге кеңес береді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10955

Әсет Исекешев «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы болып сайланды

Астана жаңалықтары: Әсет Исекешев «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы болып сайланды

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің жетекшілігімен өткен партияның кезектен тыс конференциясында Астананың жаңа әкімі партия қалалық филиалының төрағасы болып сайланды.

Мұхтар Құл-Мұхаммед Әсет Исекешевті таныстыра отырып, елордамыздың Қазақстанның негізгі өндірістік орталықтарының бірі ретінде қалыптасқанын, дотациялық қаладан республикалық бюджеттің донор-аймағына айналғанын атап өтті.

Астананың жалпы аймақтық өнімі қазірдің өзінде төрт жарым миллион теңгеден асады. Шаһарда білім және медициналық кластерлер, локомотив жинау және вагон құрылысы кешендері, сондай-ақ, Орталық Азия мен Сібірдегі ірі жаңа көлік-логистикалық орталығы құрылды.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Астана Қазақстан тәуелсіздігі мерейінің жарқын келбеті екенін, бүгінде қаланың алдында маңызды міндеттер тұрғанын тілге тиек етті.

«Мемлекет басшысы Астананы дамытудың басым бағыты ретінде инновациялық саланы көрсетіп берді. Ол жаңа экономикалық модельді құруға мүмкіндік береді және біздің басты стратегиялық мақсатымыз – Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылуын қамтамасыз етеді. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында бұл мәселе ең өзектілердің бірі болып табылады. Сондықтан «Нұр Отан» партиясы Елбасы тапсырмаларының орындалу сапасын қатаң бақылаумен қамтамасыз етуі тиіс», – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары жиынға қатысушыларға «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары мен «Нұрлы жол» бағдарламасын жүз пайыз жүзеге асыру керектігін айтты. Бұл сала бойынша да партияға маңызды ревизиялық функция берілгенін атап өткен жөн.

Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы Әсет Исекешевтің төрағалығымен Президент тапсырмаларын тиімді орындайтынына сенім білдірді.

Конференцияға қатысушылар ұсынылған кандидатураны қолдады.
Әрі қарай