UFC: "Даниель Кормье vs. Рой Нельсон" келе жатыр
Strikeforce ұйымын Zuffa компаниясы сатып алып, ол чемпионаттағы жекпе-жекшілердің барлығы UFC-ге өткеннен кейін бір-ақ рет жекпе-жекке шыққан Даниель Кормьенің (жеңіс-жеңіліс: 12-0) өнерін тамашалайтын да күн алыс емес сияқты.

Андерсон "Өрмекші" Силва жақында кіші Рой Джонспен бірге-бір шыққысы келетін айтып жүрген еді. Тіпті Рой Джонстан бір жекпе-жек сұрап, жалынған видеосы да бар. Негізі, Рой Джонс та кетәрі болмаған. Бірақ белгісіз бір себептермен келіссөздері әлі созылып жатыр. UFC келісім-шартының шектеулеріне байланысты шығар, кім білсін.