Q-pot Phone - қыздарға шоколад телефон

14 ақпан Махаббат күніне арнап, жапондық 2 компания бірігіп бір өнім шығарыпты. NTT Docomo деген телекоммуникация компаниясы және шоколад дизайнымен айналысатын Q-pot шоколадты телефон шығарыпты. Бір қарағанда шоколадтан аумайтын бұл телефонды әрине жеуге болмайды

Android 2.3. жүйесімен жұмыс істейтін бұл телефондар қазір 520 доллар бағамен сатылуда Жапонияда.
Әрі қарай

ЕҢ АЛҒАШ СҮЙІСКЕНІҢ ЕСІҢДЕ МЕ?



Әліштің «Құлап жүр» деген әңгімесін оқығаннан кейін, өзімнің балалық шағымда басымнан өткізген мына қызық оқиғаны жазуды жөн көрдім. Сегізінші бітірген жазғы каникул кезі болатын. Ойынды азайтып, өзімізше «жігіт» атандық. Гитара үйреніп жүргенмін. Туыс ағамның ініме сыйлаған керемет гитарасы болды. Жұрттың бәрі сұрайтын. Көшеміздің шет жағында Нұрлыбек деген 74-жылғы керемет «гитарис братан» болған. Ол гитара тартып, әндеткенде жанына жиналып қалатынбыз. Қолыма гитара тиісімен сол «братанға» бұрауын келтіріп бер деп алып баратынмын. «Тастап кет, келтіріп қоямын» деп алып қалады ол. Сосын екі-үш күнсіз гитара жоқ, барып сұрасам ертең келмен қайтарады. Сүйтіп өтіп жатырды күндер.
Әрі қарай