Ақтөбенің батысындағы аудан. Дәл осы жерде сәрсенбі мен бейсенбі күндері (24-25.09) Ұлы Жібек жолында қайта жаңғырған «Көкжар жәрмеңкесі» атты республикалық этнофест өтті. Картада көріп тұрғаныңыздай, Ойыл Қобда, Шұбарқұдық пен Байғанин және БҚО мен Атыраудың сәйкесінше Сырым, Қызылқоға аудандарымен шектеседі. Ал орталықтан көбіне Қобда арқылы барады. Шалғайлығы қаладан шамамен 250 шақырым — 3 сағаттай, бірақ жолы шынымен де жібек… тек арасындағы асфальт иректері мен Қобданың тым ұзақ жөнделіп кеткен жолдарын есепке алмағанда. Өйткені көлік жүргізіп келе жатып ұйықтап кеткенше, жүрегіңмен қоса қос бүйрегің селк еткеннен оянып тірі қалған – әлдеқайда қабылдарлық нұсқа. Ауданға апаратын түзу тас жол бұрынғы облыс әкімі, қазіргі сенатор Елеусін Сағындықовтың ойылдықтарға жасаған сыйлығы. Трасса қысқа мерзім ішінде тартылды. Ал шараға келсек, бұл тарихи мекен. Неге десеңіз, осында Ұлы Жібек жолы тармақтарының бірі, нақтырақ айтсақ, көне сауда орындары сақталған. Оның үстіне, бұл өңір Исатай мен Махамбет, Құрманғазы, Қазанғап, Мұхит секілді тұлғалардың кездерін жадына сақтаған. Сонымен қатар, кезіндегі рекордсмен – ақ тары атасының туған жері.
Орал — Ақтөбе трассасы бойында, қаладан 200 шақырым жерде орналасқан Бұлдырты ауылы – Батыс Қазақстан Облысы Сырым ауданындағы ауылдық әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы —Жымпиты ауылының оңтүстік-шығысына қарай 55 шақырым жерде, Тамды өзенінің жағалауында орналасқан. Тұрғындар саны 3000 адам. Ауыл құрғақ қоңыржай агроклиматтық белдемде жатыр. Жері шөлейтті, сұр, бозғылт-сұр топырақты. Жусан, бетеге, селеу, көде, ши өседі. Шаруа қожалықтары мен өндірістік шаруашылықтар жұмыс істейді. Орта мектеп, дәрігерлік-амбулаториялық пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Естеріңізде болса, мына постта 28-нші ақпанда Ақтөбе маңындағы елді-мекендерді, нақтырақ айтсақ қыстың соңғы күнін фотоға түсіремін деп, көлікпен қарға батып, одан әрең шыққаным туралы жазған болатынмын. Содан кейін араға 10 күн тастап, өзімнің бастаған ісімді қайта жалғастырдым, алайда бұл жолы көлікпен емес, жаяу. Көктемнің басы. Ақтөбе қаласынан 18-20 шақырымдай жерде, Ақтөбе-Орск трассасы бойында орналасқан елді-мекен К.Нокин ауылына фотосаяхат.