Қазақша веб-комикс
"Махаббат" мәселесі
Бала туу...
Плюс 2 ме, минус 2 ме?
Қош келдің, мем-көктем!


Көктем, көктем. Келуі қиын оның. Әсіресе Астанаға. Қай уақытта кетіп қалғанын түсінбейсің сосын. Бір қарасаң жаз тұрады жайнаңдап. Жарайды, ол бөлек әңгіме. Ал осы «көктем» дегенде не келеді көз алдымызға? Соған тоқталайықшы...
Тост...
Ықлима апай ҚҰшті...
Джеральд Стокпоул: Комикс түрлі өнерді тоғыстырады

Джеральдпен танысуымның өзі қызық болды. «Ағылшын тілін үйренушілерге арналған «EnglishClub» сайтының қолданушысы едім, жақынырақ таныссақ» деп электронды поштама хат жіберіпті. Екеуміздің таныстығымыз осыдан басталды. Ол маған Мексиканың Монтеррей қаласында дүниеге келгенін, әйелі, ұлы бар екенін айтқан еді. Уақыт айырмашылығына байланысты көп уақыт хабарласа алмадық. Ұлы бір жасқа толған күні құттықтаудың сәті түсті. Әңгіме барысында комикс салумен және мультипликациямен айналысатынын айтып қалды. Екеуміздің арамыздағы аз-кем сұхбат осылай өрбіп еді...
– Карикатура салуды қанша жасыңнан бастадың?
– Алғаш рет 5 жасымда қолыма қалам ұстап сурет сала бастаған екенмін. Бала күнімде көбіне теледидардан көрген мультфильм кейіпкерлерін салатынмын. Флинстоун, Смурфтар, Тандер мысықтары, Симпсондар, адам сенгісіз Халк және Өрмекші адам секілді мультфильмдер менің бала күнімдегі ең сүйіктілерімнің бірі еді.