Лифтідегі креатив

Қазір адамдар жарнамалардан жалығып, оларды қарамайтындай дәрежеге жетті. Жарнама агенттері мұндай жағдайда жаңа креативтер, тың ойлар ойлап табуда. Солардың бірі үйлер, офис ғимараттарындағы лифтілерді жарнама алаңы ретінде қолдану. Орташа есеппен бір үйде 500 адам тұрады немесе жұмыс істейді екен. Сол 500 адам лифтіге мінетін болғандықтан, күніне бір рет болса да міндетті түрде ол жердегі жарнаманы қарайды екен. Бұл ТВдегі жарнамадан да әсерлі дейді мамандар.

Лифтілердегі жарнамаларды қарап көрейік:



Шаш күтіміне арналған тауарлар — JWT, Бразилия

Әрі қарай

Ақырзаманға бәс тігесің бе?


Гол+Пас букмекер кеңсесі Ақырзаманға бәс қабылдап жатыр. 21 желтоқсанда Ақырзаман болады деп бәс тіксеңіз, коэффициенті — 2012. Яғни 1000 теңге қойсаңыз 2012000 ұтып аласыз.

Сонда қалай дейсіз бе? Егер шынымен ақырзаман болса, бәсім не болады дейсіз бе?
Әрі қарай

Тірі сағат



Марк Форманек деген суретші Datenstrudel компаниясының қолдауымен қызық сағат жасапты. Сағаттың ерекшелігі оның жандылығы. Сағаттың үздіксіз жұмыс істеуі үшін 24 сағат уақыт, 70 жұмысшы, 30 тақтай және 1611 өзгерту қажет. Конструкцияның биіктігі 4 метр, ені 12 метр. Бұл сағат Берлиндегі Мүсіндер Паркінде тұр. Көргіңіз келсе мына сілтемегі өтіңіз: http://esquire.ru/clock

Видео сіздегі дәл қазіргі уақытты көрсетеді және басқа қалаларды да қарай аласыз.
Әрі қарай

Сайлау немесе жанын шүперекке түйген бастықтар

Таңертең сағат 8, менде сайлау учаскесіне жеттім. блютенді ала салып көк түсті оңаша бөлмеге барып, ең соңғы тұрған үлкен кісінің тұсына, белгі сала салып, артыма бұрылғаным сол еді, біздің директор сығалап тұр екен. дұрыс жасағаныма көзі жетіп жымиып қойды. «басеке мені неге сонша аңдыдыңыз?» дедім әзілдеп.
«коллектив 100% болмаса менің басым кетеді ғой» деп сыбыр етті маған.
дауыс беріп болған соң біраз бақылап тұрдым. Бірақ директор мырза менен басқаларын олай нысанаға алмады.
Әрі қарай

Ринат Темірболатұлының жобасы: "Қазақтың сөздәйегі"

Айқап.kz сайтының дизайнері — Ринат Темірболатұлы деген жерлесім өзінің Фейзбуктегі парақшасында түрлі, әдемі, әрі өнегелі суреттерді өзі жасап, жариялап тұратыны бар. Әсіресе "Қазақстың сөздәйегі" атты нақыл сөздер топтамасында Алаш арыстарының тәрбиелі, әрі мотивациялық сөздерін дизайнерлік шеберлігімен үйлестіріп жасаған суреттері қатты ұнады. Соларды сізбен бөлісуді жөн көрдім:
Әрі қарай