Қазақстандық кинопрокатта осы апта жарық көретін премьераларға шолу

Оқырман айып етпес, керісінше көпшілікке бір пайдамыз тиер деген үмітпен осы аптадан бастап жеті сайын қазақстандық прокатқа шығатын отандық және әлемдік жаңа туындыларға шолу жасап отыруды жоспарладық. Тілек, талап, ұсыныстарыңыз қуана-қуана, басты шұлғыта-шұлғыта қабылданады.

Үлкен экрандарға алды бүгін шығып кеткен бір топ фильм ертеңнен, яғни қарашаның 22-сінен бастап жер-жерде жаппай көрсетіледі. Рет-ретімен соларға тоқталсақ.

Ғаламтордағы махаббат/Виртуальная любовь

Әрі қарай

Skyfall: Аспан құлаған кез



Бонд, Джеймс Бонд күңгірт кеңсе, күйбең тірліктен сұрқай тартқан көрерменге қымбат көлік, сұлу қыз, деміңді алар қым-қуыт шпиондық өмірден ләззат алатын, қарапайым пенде көзбен көріп, қолмен ұстамаған соңғы технологиялармен жабдықталған еркектің сырттаны бейнесін елу жыл бойы сыйлап келеді. Ресми түрде 23-ші бондиана болған «Скайфолл» «Американдық сұлулық», «Өзгерістер жолы» секілді адам жанының ұңғыл-шұңғылына үңілуге тырысқан күрделі драмалардың «иесі» Сэм Мендестің құзырына берілді. Бұл фильмнің бағы да, соры да болған секілді.
Әрі қарай

Трансильвания қонақүйі: келген ізіңмен кері қайт!


Әдетте қалай? Әдетте былай. Бір топ жақсы адам болады. Оларға «көн шалбары көтіне қатқан» бір жалмауыз-құбыжық тыныштық бермейді. Малын ұрлайды, өздеріне қауіп төндіріп, қатер қыла жаздайды. Содан әлгі жақсы адамдар бірігіп жамандыққа қарсы тұрады. Жеңіп шығады. Сосын қара жер құшып жатқан құбыжықтың басын тепкілеп тұрып бұ дүниедегі күллі ғибадати-ғадауати қасиеттер туралы құшақ-құшақ құнарлы сөздер айтады.

Әрі қарай

Стереотип сынған күн



Соңғы жылдары шыққан саны аз, сапасы да қуанта қоймайтын селдір-селдір болып сирек біткен қазақ фильмдерінің әсері болар, алғаш рет Саяси шешімдер институтына «Шалды» көруге барғанда екіұшты ой болды. Тұрсынов таң қалдырмаса да тұқырта қоймас деген үміт отандық актерлар ойынына, дыбыстық монтаждалуына, әуен-өлеңіне, сценарий-қойылымына деген қалған көңілге жол беріп, тасада қалып бара жатқан-ды.
Әрі қарай

Қайта тірілген күшік, жарғанат-мысық және кішкентай ғалым-пысық



Әлі есімде бастауыштан «босап» шығып, мектептің бел буынына қосылған тұста кішкентай қара-ала күшікке қолым жеткен-ді. Шыр айналып, зырылдауықша жүгіріп жүрген сол күшік аяқ асты ауырып, өледі-ау деп жатқан кезінде әжептеуір қиналғаным бар.
Әрі қарай

Ерболат Тоғызақов: барлық трюктарды өзім істедім



Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмінде басты рөлді сомдаған Ерболат Тоғызақов — бұған дейін жалпы көпшілікке аса таныс емес тұлға. Алайда «Келін», «Балалық шағымның аспаны», «Сталинге сыйлық», «Қызғылт қоян туралы аңыз» секілді бірқатар туындыларда қосымша, эпизодтық рөлдерді сомдаған актер ұзақ жылдар бойы кино саласының отымен кіріп, күлімен шығып келеді.

Киностан порталы Ерболат Тоғызақовтың «Шал» фильмінен алған әсерлерін, ойларын сіздерге ұсынып отыр.
Әрі қарай

"Ғашық жүрек" сериалының премьерасына барғың келе ма?


Бүгін, 9-қазан күні Алматы қаласында "Ғашық жүрек" сериалын таныстыру кеші өтеді. Кеште киносериалдың алғашқы бөлімі көрсетіледі. Премьераға фильмнің шығармашылық ұжымы, актерлер мен режиссер қатысады.
Әрі қарай

ШАЛ фильмінің промо-сайты ашылды


Киностан сайтының инициативасымен Ермек Тұрсыновтың «ШАЛ» фильмінің промо-сайты жасалды. Сайтта фильм туралы жалпы ақпарат, постерлер, фотолар, трейлер және жаңалықтар берілген. «ШАЛ» фильмі еліміздің барлық қалаларында 11 қазаннан бастап көрсетіледі.

shal.kinostan.kz
Әрі қарай

Қонжық Тэд

Түпнұсқалық атауы: «Ted»;
Шыққан жылы: 2012/шілде;
Мемлекет: АҚШ;
Жанр: фэнтези, комедия.

Режиссер: Сет МакФарлейн;
Рольдерде: Марк Уолберг, Мила Кунис, Сет МакФарлейн, Джоэль МакХэйл, Джованни Рибизи, Патрик Варбертон, Мэтт Уолш, Джессика Барт, Аэдин Минкс, Билл Смитрович және басқа да өте белгілі актерлер.

Фильмнің қысқаша мазмұнына келсек: Жаңа жыл. Кішкентай Джонның жан досы болмағандықтан, ол ұйықтар алдында Аяз Атадан өзінің досы — ойыншық аюына жан беруді тілейді. Келесі күні тілек орындалады және Джон оның есімін «Тэд» деп қояд. Жылдар өтеді, Джон да, оның қонжығы да есейеді, бірақ екеуі де сол кішкентай кездеріндегідей найзағайдан қатты қорқад. Джон дискотекада Лори деген қызбен кездейсоқ танысып, ғашық болып, онымен кездесіп жүреді. Алайда олардың қарым-қатынастарына қонжық араласа береді және бұл Лориге ұнамады. Өйткені Тэд бойдақтың өмірін кешіп, Джоннан айырылмай қояд. Міне, бар қызық осы жерден басталады.) Өз басыма фильм ерекше ұнады, сіздерге де қарауға кеңес беремін!!!

Аталмыш фильмді онлайн режимінде (TS сапасында) мына жерден көруге болады:
linecinema.kz/7491-tretiy-lishniy-ted-2012-ts.html
Әрі қарай

Сәлем, 90-шы жылдар!


Қазіргі экшн-боевиктер өткен ғасырдың дүниелерімен салыстырғанда анағұрлым «ақылды» болуға тырысатыны рас. Сюжеттегі әр детальды нақты көрсетуге, әр диалогты барынша өмірдегідей мәнді етуге ұмтылады. Оқиғалар шытырманданып, көрерменді демалтудан бұрын ойлантып тастайтын кездер де жетерлік. Бірақ Саймон Уэст өзінің "Медальон" ("Ұрланушы"; «Stolen») фильмінде ондай нәрселерге бас қатырмапты.
Әрі қарай