Джекидің жаңа рекорды немесе нағыз жігіттердің аптасы

Жаңа «кино аптасы» Джеки Чанның «Қытай зодиагы» атты кезекті фильмімен ерекшеленеді деп отырмыз. Жалпы осы бейсенбі экшндық жанрға бай болып тұр – Стэтхэмнің «Паркері» де, үш мықты шал түскен «Нағыз жігіттер» де, комедия, мелодрама, атыс-шабыс элементтерін қатар жинаған «Ұста да қаш» та қым-қуыт кадрлар мен ию-қию көріністерді ұнататындар үшін киноға баруға жақсы себеп болмақ.

Қытай зодиагы / Доспехи Бога 3: Миссия Зодиак

Әрі қарай

Линкольн және төртеу

Апта сайын әлемдік киноөндіріс ошақтары әкеліп қазақстандық прокат нарығына құятын жаңа фильмдердің топтамасына да кезек жетті. Бұл жолы біз әдеттегідей аудиторияның қызығушылығын қанағаттандыра алады-ау деген премьераларға шолу жасаймыз. Жиыны бес туынды.

Тақырыпты «Линкольн және төртеу» деп алуымызға да себеп бар: осы аптаның ең үлкен фильмы АҚШ-тың атақты президенті туралы туынды болмақ. Арысы «Оскардан» дәметіп, берісі әлемдік біраз байқауда қанжығасы майланған Стивен Спилбергтың «Линкольнын» біз бүгіннен бастап көре аламыз.

Линкольн

Әрі қарай

Тарантиноның Джангосы, Құбыжықтар корпорациясы және Гензель мен Гретель

Бүгін күн бейсенбі. Қазақстанда жаппай жаңа фильмдер көрсетіле бастайтын уақыт. Ендеше, жұмыстан кейін яки демалыста кинотеатр жағалап қайтамын деген біздің қадірлі де қымбатты оқырмандарымыз Киностан әзірлеген жаңа шолумен таныса алады.

Осы апта киномандар үшін сәтті шықты. Ойлап қараңыз: әуелгі болып сөзді ел үркетін фашизмді әжуәлап тастаған Тарантино алды. Бұл жолы ерекше жұмыс әдісі бар маманның нысанасына құлдық тақырыбы ілікті. Одан кейінгі кезекте ескі де жаңа «Құбыжықтар корпорациясы». Pixar-дың ең үздік туындысы деп аталып жүрген мультфильм 3D форматта қайта оралды.

Бұлармен қатар шығатын Борн туралы франшизаның соңғы фильмінде ойнаған Джереми Реннер бар «Гензель мен Гретель: Мыстан аулаушылар» да, аз ақша шығарып, үлкен табыс тапқан «Паранормалды құбылысқа» пародия ретінде жарық көріп отырған «Жынға толы үй» де, «Ата-ана тәрбиесі» атты комедия да көптің сұранысына ие болады-ау деп топшылап отырмыз. Сонымен…

Азат етілген Джанго / Джанго освобожденный

Әрі қарай

Ескі жылдың соңғы премьералары

Сонымен бізге қиял-ғажайыбы бар, атыс-шабысы бар, күлкісі бар, мұңы бар түрлі фильмдерді сыйға тартқан 2012 жыл бірнеше күннен соң «шаң басқан архивтерден табылады». Өткен жылға Киностан үлкен көлемді шолу жасап жатыр (әлемдік фильмдерге, қазақстандық туындыларға және 2013 жылы елге келетін премьераларға), оны сіз, құрметті оқырман, осы апта бойы сайттың «Мақала» атты бөлімінен тауып, оқып отыра аласыз (ол жерде басқа да «ммуа» материалдар бар).

Бүгін біз жылдың соңғы аптасында қазақстандық кинотеатрлардың төріне шығатын туындылар туралы азды-көпті әңгіме айтамыз.

Cirque du Soleil: Алыстағы әлемдер / Cirque du Soleil: Сказочный мир в 3D

Әрі қарай

Хоббит: Күтпеген саяхат


«Келер күннен жақын жоқ, өткен күннен алыс жоқ» деген сөздің растығы тағы дәлелденді – кеше ғана қол жеткізбестей болып көрінген «Хоббит: күтпеген саяхат» бүгін (тура мағынасында, яғни 2012 жылдың 19 желтоқсанында) ел экрандарына жол тартты. Осы аптада қасына қара ілестірмей (басқа бірде-бір жаңа туынды жоқ) премьераға жалғыз шыққан фильм туралы Киностан тарқатып бергелі отыр.
Әрі қарай

Жаңа премьераларға шолу: Мелодрамалар шеруі 2

Достар, естеріңізде болар, өткен жолғы шолуда біз апта премьераларының арасында мелодрамалардың ерекше көптігін айтқан болатынбыз. Осы аптада шамамен сол жағдай қайталанып отырған секілді. Оған қоса бонус ретінде Голливудта түспеген екі бірдей мульфильм бар. Мұндай туындылардан қажып жүрсеңіз тұңғыш қазақстандық фэнтези деп желеулеткен «Аңыздар кітабы: жұмбақ орман» мен танымал актерлар түскен «Тұзақ» атты қылмыстық драма прокатқа шықты. Таныса отырыңыздар.

10 жыл / 10 лет спустя

Әрі қарай

Жаңа премьераларға шолу: Мелодрамалар шеруі

Құрметті киносүйер қауым, бүгіннен бастап еліміздің кинотеатрларын «жаулап» алатын фильмдер тізбегі бұл жолы ескі де жаңа мелодрамаларының көптігімен ерекшеленеді. Бұрынғы өткен күндерді еске аламын деген адам да, романтикалық көңіл-күйде боламын деген жан да осы аптада өз қалағанын экрандардан таба алады. Енді ретіне келсек.

Апартамент 1303 3D / Апартаменты 1303

Әрі қарай

Мен, Аарон Кросс немесе Борнның болымсыз мұрасы


2002 мен 2007 жылдар аралығында жарық көрген, шпиондық экшн десе ішкен асын жерге қоятын киномандардың қанына ләззат алатын адреналин жіберген «Борнның жеке тұлғасы», «Борнның үстемдігі» және «Борнның талабы» сериясы алып мемлекеттің тыңшысы туралы арғы-бергі тарихтағы ми қайнатып, ой шайқайтын ең үздік франшизалардың бірі һәм бірегейі болып отыр. Басқаны қойып өзін-өзі пародиялауға көшкен Бондты тағынан тайдырып, тәжісін басына салған Борн шаппа-шап төбелес пен адам жанының тереңін қатар салмақтаған күрделі фильм ретінде елдің көңіліне майдай жаққан-ды.
Әрі қарай

Жаңа премьераларға шолу: Борннан Бригадаға дейін

Достар, өткен аптада сәтті басталған, алғашқы кірпіші қаланған дәстүрімізді ары қарай жалғастырсақ деп отырмыз. Сіздердің назарларыңызға бүгін, 29 қарашада қазақстандық кинотеатрларда кейбірі жапа-тармағай, кейбірі таңдалып көрсетілетін жаңа туындыларға жасалған шолуды ұсынамыз.

Фильмдер тізімі аса бай, жан-жақты болып көрінбегенімен де, арасында ауыр салмақтағы бір жоба бар. Бірақ, бәрін рет-ретімен жазсақ…

Сөздер / Слова

Әрі қарай