"Бахабис" дейді...

Бұл блогқа көптен бері ештеңе жазылмапты. Қазір мен жазғаныммен оқыла қояр ма екен? Жарайды, оқитындар немесе мен сияқты жаңадан қосылғандар оқып қалар. Қазақ рэпінде ерекше орын алған Жақау туралы айтқым келеді. Жақау лақабындағы азаматты танитын боларсыздар.
Маған ағам қазақша рэпты тыңдатпайтын. «Боғауыз сөздер көп, сондықтан тыңдама» дейтін. Әйй, қайдам, ағам жоқта гуглдан "Қазақша рэп" деп жазып көрдім. Бірінші болып Жақау шықты. Ютуб желісіндегі видеосы. "Қара тізім" трэгі болатын, көрдім. Маған қатты ұнады. Шындықты айтқан, өзім шок болдым ондағы айтылған сөздерге. Сонымен не керек, "Қара тізім" трэгімен Жақауды таныдым. Жақаудың музыкаларын іздестірдім. Ағам айтқандай боғауыз сөздер көргенім жоқ. Трэктерін емес, былайша, өзі түскен видеоларды да көрдім. Байқасам, дін туралы көп айтады екен. «Діншіл адам екен ғойй, керемет..» деп ойлағанмын. Иманды азамат болғанның несі жаман? Халықты түсінбейтінім, кейіннен осы Жақауды «бахабис» деп атады. Яғни, басқа дінге кіріп кеткендер қатарына жатқызады. Мен оған сенбеймін. Өткенде, бір досым Жақау жайлы жазылған постты маған көрсетті. ВК желісіндегі бір дін туралы группада жарияланған екен. Дін тілін түсінбеймін ғой, бірақ қарапайым тілде оны «басқа дінге кірген азамат, біз ұстанатын дін емес» делінген екен. Ол посттан кейін ойымды жинақтай алмадым. Себебі, Жақау бір видеода айтқан екен: «Мені „бахабис“ деп шығарылған өсектің тарай бастағанына бір ай болды. Бірақ, түсінбейтінім, менің ВК желісіндегі парақшамда дін туралы айтқандарым бұрыннан бар. Мен ВК желісіне қосылғаныма біраз болған. Сонда, менің дін туралы айтқандарымды бір ай алдын көрген бе?...» деп (оның сөздерін, өз сөзіммен жаздым). Менің де түсінбейтінім осы. Сіздер қалай ойлайсыздар? Оның иман туралы, дін туралы көп уағыз айтатыны жаман ба? «Бахабис» болатындай үлкен себеп пе? Оқысаңыздар, өз ойларыңызды жазсаңыздар екен.
Әрі қарай

Ұят болмасын!!!

Өзімнің алғаш ашып отырған тақырыбым болған соң көп алысқа бармай жақында ғана естіген бір өлең айналасында ой толғағым келіп отыр. Дәлірек айтсам, Тарлан атты рэпердың Ұят болмасын атты әні. Бұрын да бұл кісінің өлеңдерін тыңдайтынмын, бірақ осы жолы бұл өлеңде осыдан бұрын айтып жүрген әндеріне қарағанда жалпы Тарланға қарама-қайшы келетін нәрселер барын байқадым. Кешегі кеміту айласымен жүрген рэпперлерге қарсы Тарлан, бүгін солардың қатарынан бір шыққан-ау деймін. Өйткені екінші шумағындағы келесі сөздеріне назар аударсақ:
Ойланып, шеш түсін, бұл саған ойын ба,
Бойыңда дым да жоқ, сен бұны мойында.
Ой арманыңды жой-дағы,
Ауылға жет және жүре бер қой бағып,
Қайтесің күшің бар бойда анық,
Көзіңнің жасын сүрт болған соң ойланып.
Меніңше бұндай кеміту бұрын Тарланның өлеңдерінде кездеспейтін. Иә, Тарлан түбегейлі өзгерген бе?!
Тарланның бұрынғы шығармаларынан маған ұнайтыны қазақи әдеби сөздер, мақалдар, керемет ұйқастар және мағыналы шумақтар еді. Бұл жолы басқа образға көшкен секілді.
Араларыңда Тарланды тыңдап жүрген оқырман болса осы орайда пікір өрбітсек.
міне өлеңге сілтеме
Әрі қарай

G-had отбасынан үлкен жаңалық


29 қараша күні Асет Маста өзінің жеке парақшасында G-had отбасының белді мүшесі Назар Шархан(Аль Наср) бауырымыздың Қазақфильмнің 2013 жылы шығатын «Жол» атты киносында басты рольде ойнайтыны жөнінде хабардар қылды.
Сонымен трейлер корейік:
Әрі қарай

Жаңылтпаш адам

Осы Жеза быраттың жаңылтпаштатып рэп айтқанына бір риза болам да. "Холокосттан" кейін жылдам рэп айтатын қабілетін бұл бырат паш етпей кетті деп жүр едім. Жекең сондай тағы бір туындысын шығарыпты ақыры. Моцарттың бәрімізге жақсы таныс "Түрік маршы" композициясының мақамымен. «Еее, оны Мейрамбек те орындап шыққан» деген кәменттер де болуы мүмкін, бірақ Жеза сөзбен айтып шығыпты:

Шедевр деуге келе қоймайтын шығар, енді. Сонда да бір креатив жасауға талпынғаны байқалады.
Әрі қарай

Диди және Жақау - "Қазағыма лайықты" ән жинағы

Жаңаөзендік Амангелді(руы — жақау) мен оралдық Данияр(Диди) екеуі бірлесіп айтқан "Қазағыма лайықты" альбомы шықты, меломаннан ала аласыздар. Негізі 16-шы желтоқсанда шығуы тиіс болатын, белгісіз себептерге байланысты… жарнамамдысс. қобыз бен домбыраның үнімен келістіріп айтқан, Диди(beat maker). Бұл Қазақстанда бұрын болмаған альбом десек те болады. Сапалы!
базар жоқ!!!
әлі де біраз өлеңдері шығу керек, салып отырамын.
ғаламторға шыққан өлеңдері:
Диди және Жақау — Қазағыма лайықты.

Диди және Жақау — Біздің Отан.

Диди және Жақау — Бас сардар.

Диди және Жақау — Анашым.

Диди және Жақау — Қарлығаш.

Диди және Жақау — Сенің бейнеңді көріп.

Диди және Жақау — Ұмытпадым.

Диди — Маңызды емес.

авторлық құқықты кім тексеріп жатыр дейсіңнақты сайты жоқ, zhamagat.kz және Жақаудың жеке сайты(қасапшылар) жақында ашылады.

және де жуырда Жақаудан жаңа клип.
Әрі қарай